Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.09.2020

Қызметтер

2018 жылдың 28 қазанына тағайындалған сайлауды дайындау және өткізу барысы туралы ПРЕСС-РЕЛИЗ

ПРЕСС-РЕЛИЗ  о ходе подготовки и проведения выборов депутатов маслихатов вместо выбывших назначенных на 28 октября 2018 года«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 101 бабының 4 тармағына сәйкес және Атырау облыстық және аудандық мәслихаттарының шешімдерінің негізінде Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 2018 жылғы 28 тамызда №3 «2018 жылғы 28 қазанға мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау тағайындау туралы» шешімін қабылдады.

Аталған шешіммен Атырау облыстық мәслихатының 16 округі (оның ішінде 3 облыстық және 13 аудандық) бойынша депутаттарды сайлау тағайындалды. Олар:

* Атырау облыстық мәслихаттың депутатын сайлау бойынша №11, 15 және 21 сайлау округтері;

* Жылыой аудандық мәслихаттың депутатын сайлау бойынша №5 және 11 сайлау округтері;

* Индер аудандық мәслихаттың депутатын сайлау бойынша №6 сайлау округі;

* Исатай аудандық мәслихаттың депутатын сайлау бойынша №10 сайлау округі;

* Құрманғазы аудандық мәслихаттың депутатын сайлау бойынша №1, 8, 9 сайлау округтері;

* Қызылқоға аудандық мәслихаттың депутатын сайлау бойынша №6 сайлау округі;

* Мақат аудандық мәслихаттың депутатын сайлау бойынша №4, 6 және 12 сайлау округтері;

* Махамбет аудандық мәслихаттың депутатын сайлау бойынша №5 және 12 сайлау округтері;

Сайлау 44 сайлау учаскесінде өткізіледі. Мәслихаттарға кандидаттарды ұсыну 2018 жылғы 28 тамызда басталды және 2018 жылдың 28 қыркүйегінде аяқталды. Әрбір сайлау округі бойынша 3 кандидаттан ұсынылды.

Сонымен, облыстық мәслихат депутатын сайлау бойынша 3 облыстық сайлау округіне - 9 кандидат, аудандық мәслихат депутатын сайлау бойынша 13 аудандық сайлау округіне - 39 кандидат ұсынылды.

Ұсынылған барлық 48 кандидат 2 қазанға дейінгі мерзімде тіркелді. Тіркелген 48 кандидаттың ішінде 8 әйел адам (17%) және 40 ер адам бар. Әйел адамдар 16 сайлау округінің 7-еуінен, яғни 4 ауданнан (Жылыой, Қызылқоға, Махамбет, Мақат аудандары) ұсынылды.

1. Жылыой ауданы – №5 сайлау округі бойынша Жаймұханова Ұлжан Шокановна, Өмірзақов Кулара Сериковна; №11 сайлау округі бойынша Скакова Жеміс Абілтаевна;

2. Қызылқоға ауданы – №6 сайлау округі бойынша Аяганова Мейрамгүл Шарухановна;

3. Мақат ауданы – №4 сайлау округі бойынша Қаржауова Әсел Шайзадаевна, №6 сайлау округі бойынша Тиышбаева Бақтыгүл Адильбековна, №12 сайлау округі бойынша Утешев Ақмарал Калиевна;

4. Махамбет ауданы - №5 сайлау округі бойынша Исакулова Гүлшат Габитовна;

 

48 үміткердің 2-еуінің орта техникалық білімі бар, қалған 46-сы жоғары білімді, оның ішінде: инженерлік - 13 адам, экономика - 8 адам, медицина - 3 адам, педагогикалық - 18 адам, заңгерлік - 2 адам, ауыл шаруашылық - 1 адам, мемлекеттік басқару – 1 адам.

Облыстық «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы 3 кандидат ұсынды (Сапаров Елеубай Какиевич, Базарбай Мейрамбай Сембайұлы, Баймуханов Изтурган Узакпаевич), қалған 6 кандидат өзін-өзі ұсынғандар.

«НұрОтан» партиясының Жылыой аудандық филиалы 2 кандидат (Таласов Сайлаубай Сұлтанғалиұлы, Айткулов Мұхтар Қуандықұлы) ұсынды, қалған 4 адам өзін өзі ұсынған.

«Нұр Отан» партиясының Индер аудандық филиалы 1 (Тугаев Нурпейс Зейнуллаевич) кандидат ұсынған, қалған 2 кандидат – өзін өзі ұсынғандар.

«Нұр Отан» партиясының Исатай аудандық филиалы 1 кандидат (Мусин Нурым Бекежанұлы) ұсынды, 2 кандидат өзін өзі ұсынды.

«Нұр Отан» партиясының Құрманғазы аудандық филиалы 3 (Есенгазиев Өмірболат Өтегенұлы, Исмағұлов Тенель Дидарханович, Кабылов Хамит Теміртасұлы) кандидат ұсынды, қалған 6 кандидат – өзін өзі ұсынғандар.

«Нұр Отан» партиясының Мақат аудандық филиалы 3 (Ондасынов Батырбек Саламатұлы, Тиышбаева Бақтыгүл Әділбекқызы, Идиятов Әділбек Мақсотұлы) кандидат ұсынды, қалған 6 кандидат – өзін өзі ұсынғандар.

«Нұр Отан» партиясының Махамбет аудандық филиалы 2 (Кабдешев Әлібек Қабдуллаұлы, Булеков Сағидолла Ахметжанұлы) кандидат ұсынды, қалған 4 кандидат – өзін өзі ұсынғандар.

Облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына тіркелген 48 кандидаттың 5-еуі 30 жасқа толмағандар, 18-і 45-ке дейінгі жаста, 11-і – 55 жасқа дейінгілер, 12-сінің жасы 60-қа таяу, 2-еуі 60 жастан жоғары.

Ең жасы: 26 жас - Кужырбаев Сейтжан Бауыржанович Махамбет аудандық №5 округ бойынша, Избанов Айбек Кадырбекович Құрманғазыаудандық №9 округ бойынша.

27 жас - Ильясов Бейбит Толепович облыстық №21 округ бойынша, Маштаев Серикбол Темирханович Құрманғазы аудандық №8 округ бойынша.

28 лет - Каржауова Асел Шайзадаевна Мақат аудандық №4 округ бойынша.

Облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына тіркелген барлық кандидаттар мен олардың сенімді өкілдеріне тиісті куәліктер берілді.

Кандидаттардың сайлау шылармен кездесу кестесі жасақталды.

7 қазаннан кешіктірілмей сайлаушылардың тізімі сайлау комиссияларына жеткізіледі. 12 қазаннан кейін сайлаушылар тізімдердегі өздері туралы деректерді тексеруге мүмкіндік алады.

17 қазаннан кешіктірілмей сайлаушылар үшін дауыс беретін уақыт пен орын туралы хабарландыру ұйымдастырылады.

Сайлау алдындағы үгіт 2018 жылдың 3 қазанында басталды, 26 қазанда сағат 24.00-де аяқталады.

Дауыс беру күні мен уақыты – 2018 жылғы 28 қазанында, сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін.

Облыстық, аудандық мәслихат депутаттары сайлауының қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында 2018 жылғы 3 қарашадан кешіктірілмей жарияланады.


Мақаланың шыққан күні: 09.10.2018 02:29

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.11.2018 13:47

Қаралым саны: 1429