Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
16.07.2018

Қызметтер

Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына 2018 жылдың 25 наурызына тағайындалған сайлауды дайындау және өткізу барысы туралы ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 101 бабының 4 тармағына сәйкес және Атырау облыстық, Атырау қалалық, Махамбет аудандық мәслихаттарының шешімдерінің негізінде Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 2018 жылғы 22 тамызда №1 «2018 жылғы 25 наурызға мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау тағайындау туралы» шешімін қабылдады.

Аталған шешіммен Атырау облыстық мәслихатының №12, №16, №22 округтері бойынша, Атырау қалалық мәслихатының №1 және №13 округтары бойынша, Махамбет аудандық мәслихатының №7 округі бойынша депутаттарды сайлау тағайындалды.

№12 облыстық мәслихаттың депутатын сайлау округіне қарасты 7 учаскелерде (49,50,53,54,66,67,74), №16 облыстық мәслихаттың депутатын сайлау округіне қарасты 5 учаскеде (93,94,95,96,97), №22 облыстық мәслихаттың депутатын сайлау округіне қарасты 8 учаскеде, оның ішінде Индер ауданының территориясында орналасқан 7 учаске (110,111,112,113,114,116,117) және Махамбет ауданының территориясында 1 учаске (233).

Атырау қалалық мәслихаттың депутатын сайлау бойынша №1 округ бойынша 6 сайлау учаскесінде (55,56,65,66,77,86), №13 сайлау округіне қатысты 3 сайлау учаскесінде (18,19,83).

Махамбет аудандық мәслихат депутатын сайлау бойынша №7 округіне қарасты 2 сайлау учаскесінде (223,224) сайлау өткізіледі.

Сайлау айтап айтқанда барлығы 31 сайлау учаскелерінде өткізіледі, оның ішінде 20 – облыстық мәслихат депутаттарын сайлау үшін, 9 – қалалық, 2 – аудандық.

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну 25 қаңтарда басталып, 25 ақпанда аяқталды.

Әрбір сайлау округі бойынша 3 кандидаттан ұсынылды.

Сонымен, облыстық округтер бойынша 9 кандидат, қалалық округтер бойынша 6 кандидат, Махамбет аудандық мәслихат депутатын сайлау бойынша бір округке 3 кандидат ұсынылды.

Ұсынылған барлық 18 кандидат 27 ақпанға дейінгі мерзімде тіркелді.

Тіркелген 18 кандидаттың ішінде 2-уі әйел адам (қалалық №1 сайлау округінде – Сулимова Маржангүл Құбиқызы және Махамбет аудандық №7 сайлау округінде – Сағынбаева Орындық Қалиқызы) және 16 – ер адам бар.

 

18 кандидаттың 1-і орта-техникалық білімді, қалған 17 жоғары білімді. Олардың ішінде 7 инженер, 3 экономика, 2 медицина, 2 педагогикалық, 1 ауылшаруашылық, 1 мемлекеттік басқару білімдері бар.

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер 3 кандидат «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалымен ұсынылған (Түсіпқалиев Марат Бақтығалиұлы, Сисенов Айтпай Фадыбайұлы, Құлғалиев Сағидолла Саламатұлы), қалған 6 кандидат өзін-өзі ұсынғандар.

Қалалық мәслихатқа «НұрОтан» партиясының қалалық филиалы 2 кандидатты (Джанглишев Ринат Бауыржанұлы, Наубеков Зулхагида Нұрғалиұлы) ұсынды, қалған 4 адам өзін өзі ұсынған.

Махамбет аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалымен аудандық мәслихатка 1 (Сүйеуғалиев Ерлан Бердіғалиұлы) кандидат ұсынылған, қалған 2 кандидат – өзін өзі ұсынғандар.

Облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттығына тіркелген 18 кандидаттың 2-уі 30 жасқа толмағандар, 8-і 45 жасқа дейінгі жаста, 5-уі – 55 жасқа дейінгілер, 3-уінің жасы 60-қа таяу.

Облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттығына тіркелген барлық кандидаттар мен олардың сенімді өкілдеріне тиісті куәліктер берілді.

Облыс бойынша баспа үгіт материалдарын орналастыру үшін арнайы орындар бекітілген, сонымен қатар кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесі жасақталды.

5 наурыздан кешіктірмей сайлаушылардың тізімі сайлау комиссияларына жеткізіледі. 9 наурыздан бастап сайлаушылар тізімдердегі өздері туралы деректерді тексеруге мүмкіндік алады.

14 наурыздан кешіктірмей сайлаушыларды дауыс беретін уақыт пен орын туралы хабарландыру ұйымдастырылады.

Сайлау алдындағы үгіт 2018 жылдың 28 ақпанында басталып, 23 наурызда сағат 24.00-де аяқталады.

Дауыс беру күні мен уақыты – 2018 жылғы 25 наурыз, сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін.

Облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары сайлауының қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында 2018 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей жарияланады.


Мақаланың шыққан күні: 01.03.2018 23:19

Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.03.2018 09:20

Қаралым саны: 9