Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.09.2020

Қызметтер

ПРЕСС – РЕЛИЗ 2018 жылғы 25 наурызда Атырау облысының 6 округінде шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өткізілді

«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 101 бабы 4 тармағына сай 2018 жылғы 25 наурызда Атырау облысының 6 сайлау округінде шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өтті.

Округтік сайлау комиссияларында облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына 18 кандидат тіркелді.

Облыс бойынша барығы 3 облыстық, 2 қалалық, 1 аудандық мәслихаттардың депутаттары сайланды.

25 наурызда сайлау бюллетендеріне 18 мәслихат депутатығына кандидаттардың есімдері енгізілді.

Бір депутат мандатына 3 кандидаттан сынаққа түсті.

Сайлаушылар тізімдеріне 59642 сайлаушылар енгізіп, дауыс беру 31 сайлау учаскелерінде өтті.

Сайлау бюллетендерін алған сайлаушылардың саны 38595 адам. Сөйтіп, сайлауға қатысу 64,7% құрады.

Дауыс беру барысын кандидаттардың сенімді өкілдері, саяси партиялардың өкілдері, қоғамдық бірлестіктерден 67 байқаушылар және 14 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері байқады.

Сайланған мәслихат депутаттарының 6-ы «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Сайланған мәслихат депутаттарының орта жасы - 42 жас. Оның ішінде:

- облыстық мәслихаттарда – 50 жас;

- қалалық мәслихаттарда – 41 жас;

- аудандық мәслихатта – 36 жас.

Білімдері бойынша депутаттардың 2-уі экономист, 2-уі инженер, 1 – заңгер, 1 - дәрігер-хирург болып бөлінеді.

Дауыс беру қорытындысымен Атырау облыстық мәслихатына депутаттар болып:

- №12 облыстық сайлау округі бойынша Түсіпқалиев Марат Бақтығалиұлы 1975 жылы туған, «Атырау» ӘКК ҰК» АҚ-ның Басқарма Төрағасы, Атырау қаласының тұрғыны,«Нұр Отан» партиясының мүшесі;

- №16 облыстық сайлау округі бойынша Сисенов Айтпай Фандыбайұлы 1967 жылы туған, «Гарант Астана» ЖШС-нің байқаушылар Кеңесінің төрағасы, Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;

- №22 облыстық сайлау округі бойынша Құлгалиев Сағидолла Саламатұлы 1962 жылы туған, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Индер газ шаруашылық бөлімінің директоры, Индер ауданы Индербор кентінің тұрғыны, «Нұр Отан» партиясының мүшесі сайланды.

Атырау қалалық мәслихатына депутаттар болып:

- №1 қалалық сайлау округі бойынша Джанглишов Ринат Бауыржанұлы 1982 жылы туған, «Атырауинжстрой Сауда үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі;

- №13 қалалық сайлау округі бойынша Наубеков Зұлқағида Нұрғалиұлы 1973 жылы туған, «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі сайланды.

Махамбет аудандық мәслихатының депутаты болып, №7 сайлау округі бойынша Сүйеуғалиев Ерлан Бердіғалиұлы 1982 жылы туған, Махамбет аудандық орталық ауруханасының директоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі сайланды.

Сайлау комиссияларымен белгіленген сайлау заңдылықтарына сәйкес қажетті ұйымдастыру шаралары жүргізілді.

 

Атырау облыстық аумақтық

сайлау комиссиясы


Мақаланың шыққан күні: 26.03.2018 05:23

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.11.2018 08:42

Қаралым саны: 1427