2020 жылғы 13 шілде — Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

 | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
13.07.2020

Қызметтер

1. Жалпы ережелер

 

1. «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер қатынастары

саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін

Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік - құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттік атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Атырау облысы, Индер ауданы, Индер поселкесі, Меңдіғалиев көшесі, 30/12, индексі 060200.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады

Егер «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,құқықтары мен міндеттері

 

14. «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Жерді қорғау мен тымды пайдалануды ұымдастыру, жерді ұтымды және тиімді пайдалану, жер ресурстарының жағдайын зерделеу деңгейін көтеру.

15. Негізгі міндеттері:

1) мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау;

2) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

3) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

4) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың жер балансын жасау;

5) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

6) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екеншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

7) жер ресурстарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

8) жер мониторингін және мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру;

9) ауданның жер ресурстарын жай-күйі туралы біртұтас деректер банкін құру және жүргізу;

10) Қазақстан Республикасы заңнамаларын бұза отырып пайдаланатын және пайдаланылмайтын жерлерді анықтау;

11) Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылдау;

12) пайдалы қазбалар кен орындарын игеру құрылысын салу, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасы жер заңнамасы белгіленген тәртіпті бұза отырып жүзеге асырады, сондай-ақ жұмыстар сараптамадан өткізілмеген немесе дұрыс қорытынды жобалар бойынша жүргізілгені анықталған жағдайда тоқтатылады.

16. Негізгі функциялары:

1) иесіз жер учаскелерін есепке алу;

2) ауданның жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсынастары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

3) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

4) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

5) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

6) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру,

7) аудандардың жер балансын жасау;

8) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

9) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасау;

10) ауданның жергілікті атқарушы органның іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

11) мемлекеттің жер қатынастары саласындағы мүдделерді қорғау;

12) мемлекет жеке меншікке сататын немесе жерді пайдалануға беретін нақты жер учаскелерінің бағалық құнын айқындау;

13) жерге орналастыру құжаттарын бекіту;

14) қолданыстағы жер заңнамасы шеңберінде азаматтардан және заңды тұлғалардан келіп түскен хаттар мен өтініштерді қарау.

17. Құқықтары:

1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан жерді пайдалану мен қорғау мәселелері жөнінде қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

2) жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың жер заңнамасына қайшы келетін шешімдерін тоқтату туралы ұсыныс енгізуге.

 

3. «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

18. «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Индер ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) бөлімнің қызметіне басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;

2) өз қызметкерлерінің құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

5) бөлімнің атынан сенім хатсыз іс-әрекет етеді, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда оның мүдделерін білдіреді;

6) заңнамамен белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ оларға тәртіптік шаралар қолданылады;

7) бөлімге тиесілі мүлікті, қаржы қаражатын пайдалану, иелену және басқару құқығын иеленеді және қаржы тәртібінің сақталу үшін дербес жауап береді;

8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттерді жүзеге асырады;

9 ) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.

«Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі болмаған жағдайда оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

4. «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

21. «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

24. Тиісті саладағы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады және осы Ереже, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

25. Қаржы бөліміне коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді.

 

5. «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Индер аудандық жер қатынастары бөлімінің штат кестесі

Р/с

Лауазымы

Штат саны

Санаты

1

Бөлім басшысы

1

E-R-1

2

Бас маман

1

E-R-4


Мақаланың шыққан күні: 13.06.2018 07:17

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.08.2018 15:09

Қаралым саны: 1507