Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.04.2020

Қызметтер

"Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің және әкімнің қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

5. «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

6. «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

7. «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

8. «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме

басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

9. «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 060400, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Көшекбаев көшесі 25.

11. Мемлекеттік органның толық атауы – «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

12. Осы Ереже «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

13. «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

14. «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

15. «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан әкімі мен әкімдігінің тиімді және ұдайы қызметін қамтамасыз ету

16. Міндеттері:

1) аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

2) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

3) облыс әкімі Аппаратымен, аудандық мәслихатпен, құқық қорғау органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, ауданның барлық жергілікті атқарушы органдарының лауазымды тұлғаларының келісілген іс-қимылдарын қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, оның орынбасарларының

және аппарат басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау барысындағы жергілікті атқарушы органдардың өзара жауаптылығын белгілеу;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Аппаратқа жүктелген өзге де міндеттерді орындау болап табылады.

17. Функциялары:

1) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес:

тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы ұсыныс енгiзудi ұйымдастырады;

тиiстi мәслихатқа «Ауданның құрметтi азаматы» атағын беруге ұсыныс енгiзудi ұйымдастырады;

аудандық жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестiреді;

ауданның басқару схемасын аудандық мәслихаттың бекiтуiне енгiзудi ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы, әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

терроризмге қарсы комиссиялар арқылы аудан аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;

әлеуметтiк сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ аудан аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;

ұлттық қауiпсiздiк органдарымен және iшкi iстер органдарымен келiсу бойынша ауданның тиiстi аумағында орналасқан террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң тiзбесiн әзiрлеудi және бекiтудi ұйымдастырады;

әкiмдік іс қағаздарын жүргiзу және әкімдікке түсетiн хат-хабарларды өңдеу;

аудан әкімдігі қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын сараптамадан өткізу;

аудан әкімдігі мүшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының ұсынысы бойынша аудан әкімдігі мәжілістерінде қарау үшін материалдар дайындауды, күн тәртібін жасауды, тоқсан сайынғы мәселелер тізбесін дайындауды ұйымдастыру;

сот органдарында аудан әкімі мен Аппараттың мүдделерін білдіру және қорғау;

бұқаралық ақпарат құралдарында аудан әкімінің және әкімдігінің қызметін жариялау;

аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылық профилатикасы, мемлекеттік наградалар жөніндегі, жергілікті атқарушы органдардың бос тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу комиссияларының қызметін қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына сәйкес ішкі бақылауды, Мемлекет Басшысының, Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Премьер-Министрінің Кеңсесі басшыларының актілерінің, тапсырмаларының, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының тапсырмаларының орындалу мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін үйлестіреді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын арттыру мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

4) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар» туралы Заңына сәйкес құпия іс жүргізуін, арнайы байланыс, хат-хабарларды өңдеу, құпиялық режимін қамтамасыз ету;

5) Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, аудан әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру;

6) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асыру;

7) Қазақстан Республикасының «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңына сәйкес Аппаратта гендерлік теңдікті нығайту бойынша тиісті шараларды жүзеге асырады;

8) оған заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

18. Құқықтары мен міндеттері:

1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, облыстың жергілікті атқарушы органдарынан және орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінен, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

2) барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан белгіленген шектерде қажетті ақпаратты, құжаттарды, өзге де материалдарды, аудан әкімі мен әкімдігінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұратуға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтарды іске асыруға құқылы.

3-тарау. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

19. «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшылығын аппарат басшысы жүзеге асырады, «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

20. «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

21. Құрманғазы ауданы Атырау облысы әкімі аппараты басшысының өкілеттігі:

1) Аппаратқа жүктелген мақсаттарды iске асыруды ұйымдастырады;

2) өз құзыретi шегiнде Аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды;

3) Аппараттың құрылымы мен штат кестесiн, оның құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;

4) Аппараттың тәртiптiк және конкурстық комиссияларының қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

5) өз құзыреті шегінде Әдеп жөніндегі уәкілдің функцияларын жүзеге асырады;

6) қызметтiк тәртiптiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

7) еңбек қатынастары мәселелерi жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретiне жатқызылған жұмыскерлердi қоспағанда, Аппараттың мемлекеттiк қызметшiлерiн iссапарға жiберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгiлеу мәселелерiн шешедi;

8) еңбек қатынастары мәселелерi жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретiне жатқызылған жұмыскерлердi қоспағанда, Аппараттың мемлекеттiк қызметшiлерiнiң тәртiптiк жауаптылығы мәселелерiн шешедi;

9) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етедi;

10) облыстың жергiлiктi атқарушы және өкiлдi органдары қабылдаған шешiмдердiң орындалу барысын бақылайды;

11) Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

22. «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының басшысы басқарады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

23. «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органның қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6-тарау. Мемлекеттік органның өзара қатынастар және жұмыс тәртібі.

27. «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады. Мекеме мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), мекеме мен құрылтайшының, тиісті саланның уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органының) арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес айқындалады.

28. «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібі қағидасымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс


Мақаланың шыққан күні: 02.07.2018 05:33

Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.07.2018 05:33

Қаралым саны: 1252