Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
13.08.2020

Қызметтер

Құрманғазы ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер

1. Құрманғазы ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) аудан әкімі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Комиссияның қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілері, әкімнің шешімдері, сондай-ақ осы ережеден құрайды.

3. Комиссияның негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі консультациялық-кеңесші органның ұлттық басымдықтары мен ұсынымдарына сәйкес Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, Атырау облысы бойынша Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын және Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың контексіндегі отбасы мен гендерлік теңдікке қатысты кешенді өңірлік аудандық бағдарламаларды қалыптастыру;

2) отбасы мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасында 2020-2025 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру мәселелері бойынша Құрманғазы ауданының жергілікті атқарушы органдармен;

3) Құрманғазы ауданындағы әйелдердің жағдайы мен отбасылық – демографиялық ахуалды талдау, Қазақстан Республикасындағы гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

4) әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша өңірлік тұжырымдамалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;

5) мыналарға:

әйелдерді басшы лауазымдарға, мәслихат депутаттарына ұсынуға, шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің 30 % өкілдігі болуына;

халыққа гендерлік білім беру мен ағартуға, гендерлік білім беру жөнінде оқу-әдістемелік әдебиет, ақпараттық бюллетендер, бағдарламалар, әдістемелік құралдар әзірлеуге, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауға, ата-аналарды әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігінің мәселелері бойынша ағартуға, қыздарды техникалық мамандықтарға оқуға тартуға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға гендерлік көрсеткіштер енгізуге;

экономикалық саладағы әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері гендерлік теңдікке қол жеткізуге, кәсіпкерлікті дамытуға, әйелдерді шағын және орта бизнеске тартуға, отбасылық бизнесті дамытуға, экономикалық білім беру орталықтарын ұйымдастыруға;

отбасы қатынастарында әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне қол жеткізуге;

отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты түптамырымен жоюға, әйелдер мен балалар трафигіне қарсы күрес жүргізуге демографиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу;

6) халықтың денсаулығын, оның ішінде ұрпақты болуын сақтау және нығайту, өмір сүру сапасын арттыру проблемаларын зерделеу және ол бойынша ұсыныстар енгізу;

7) Құрманғазы ауданының жергілікті атқарушы органдармен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелермен, заңды тұлғалармен, азаматтармен, бұқаралық ақпарат құралдармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, жыныстар теңдік мәселелері жөніндегі конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу;

8) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, заңды тұлғалардың, азаматтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және халықаралық ұйымдардың консультациялық-кеңесші органның құзыретіне кіретін проблемалар жөніндегі ұсыныстарын қарау Құрманғазы ауданы әкіміне, тиісті ұсынымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық консультациялық-кеңесші органға ұсыныстар дайындау;

9) отбасы, жыныстар теңдігінің сақталмауы мәселелеріне қатысты азаматтардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарау болып табылады.

4. Комиссия өз құзыретінің шегінде:

1) өзінің отырыстарында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын

атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, заңды тұлғалардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және азаматтарды тыңдауға;

2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен және заңды тұлғалардан қажетті құжаттар, материалдар мен ақпарат сұратуға және алуға;

3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бұзу фактілері бойынша тексерулер мен қызметтік тергеулер жүргізу қажеттігі туралы өтініш жасауға;

4) Құрманғазы ауданының әкімі мен әкімдігінің жыныстар теңдігі, отбасы және демографиялық мәселелерін қозғайтын актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізуге;

5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және заңды тұлғалардың өкілдерін комиссияның жүргізуіне жатқызылған мәселелерді қарау үшін комиссия отырыстарына шақыруға құқығы бар.

5. Комиссия азаматтардың келіп түскен өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау қорытындылары бойынша материалдарды жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің қарауына мәні бойынша шешім қабылдау үшін жолдай алады.

Комиссия жұмысын ұйымдастыру

6. Комисия өз қызметін осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Комиссия құрамы аудан әкімінің шешімімен бекітіледі.

7. Аудан әкімі осы комиссияны басқаратын төрағасын тағайындайды. Комисия төрағасының орынбасары және комиссия төрағасының кеңесшісі болады.

8. Комиссия жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің және заңды тұлғалардың өкілдері кіреді.

Комиссия сандық және жеке құрамын комиссияның төрағасының ұсынысы бойынша әкім белгілейді.

9. Комиссия отырыстары қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.

10. Комиссия шешімді отырысқа қатысып отырған өз мүшелері санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылдайды. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

Комиссия отырысы, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса заңды болып саналады.

Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді.

11. Комиссия төрағасы:

1) Комиссия қызметін ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады;

2) комиссия отырыстарының күн тәртібін қалыптастырады;

3) комиссия отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;

4) комиссия мүшелерінің ішінен Комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселе бойынша баяндамашыны белгілейді;

5) тоқсан сайын комиссия төрағасы аудан әкімі мен Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық консультациялық-кеңесші органы төрағасының алдында комиссия жұмысының қорытындылары туралы есеп береді;

6) өз шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауапты болады.

12. Төраға болмағанда оның тапсырмасы бойынша комиссия мәжілістерінде орынбасар төрағалық етеді.

13. Комиссия төрағасының кеңесшісі комиссияның жұмыстарын сапалы жүзеге асыру бағытында комиссия төрағасына кеңес беріп отырады.

14. Комиссия хатшысы:

1) Комиссия отырыстарының күн тәртібін дайындайды;

2) Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және оны бақылайды;

3) Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.

15. Комиссия мүшелері комиссия отырыстарына алмастыру құқығынсыз дербес қатысады.

 Комиссияның қызметін қамтамасыз ету

16. Комиссияның қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жүзеге асырады.


Мақаланың шыққан күні: 05.06.2020 10:19

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.06.2020 10:19

Қаралым саны: 181