Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.11.2017

Қызметтер

Ереже

Аудандық              әкімдігінің  

2012 жылғы ___  қарашадағы

                                                                                                              № ___  қаулысына   қосымша

                                      Аудандық      әкімдіктің   

2006   жылғы 20  қаңтардағы

                                                                                                             № 9 қаулысымен бекітілген    

 

 

 

«Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер

1. Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімі ауылшаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың  тарапы болуға құқығы бар.

6. Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 060700, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет селосы, Абай көшесі, 13 үй.

9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімі қызметін қаржыландыру аудандық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

12. Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің миссиясы:

Ауданда азық-түлік қауіпсіздігін және агроөнеркәсіптік кешен салаларының тұрақты дамытуды, аграрлық өндірістің аймақтық бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейіне жетуге бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру.

14. Міндеттері:

1) аудан  халқын  азық – түлікпен,  ұқсату  кәсіпорындарын  шикізатпен  қамтамасыз  етуге  бағытталған  біріңғай  мемлекеттік  аграрлық  сектордың  экспорттық  мүмкіндіктерін  ұлғайту;

2) ауданда  ауылшаруашылығын  дамытудың  басым  бағдарламаларын,  оның  ішінде  халықты  азық – түлікпен  өзін - өзі қамтудың  аймақтық  есептерін  әзірлеуді  жүзеге  асыру;

3) аграрлық  мәселелері  жөніндегі  аудан  әкімінің  шешімінің,  аудандық  әкімдіктің  қаулылары  және  басқа  да  нормативтік – құқықтық  заң  актілерінің  жобасын  әзірлеу; 

4) агроөнеркәсіп  кешеніндегі  экономикалық  реформаны  тереңдету  және  нарықтық  қатынастарды  дамытудың  бағдарламасы  бойынша  жұмыстарға  басшылық  беру;

5) ауданның  ішкі  қажетін  қанағаттандыру,  қосымша  жұмыс  орындарын  ашу  бағытында  ауылшаруашылығы  өнімдерін  жергілікті  жерде  ұқсату,  оның  сыртқы  рынокқа  тиімді  өткізудің  кешенді  шараларын  жүзеге  асыру;

6) ауданның  аграрлық  секторын  басқарудың  маркетингтік  жүйесін  жетілдіру;

7) ауылшаруашылығын  қаржылай  қолдау  жөніндегі  мемлекеттік  қордың  іс - әрекеті  бағытындағы  жұмыстарды  ұйымдастыру;

8) агроөнеркәсіп  кешеніндегі  меншіктің  алуан  түрлі  нысандары  мен  шаруашылық  жүргізу,  жұмыс  істеу  жағдайларына  экономикалық  талдау  жасау  мақсатында  оперативтік,  статистикалық  және  бухалтерлік  есеп  алуға,  оларды  қаржы – экономикалық  жағынан  ретке  салу  (санация)  немесе  ұдайы  шығынмен  жұмыс  істейтін  шаруашылық  субьектілерін  тарату  жөніндегі  шараларға  араласу;

9) ауылшаруашылығы  тауар  өндірушілерінің  мүдделерін  қорғауда,  аграрлық  сектордың  қызметі  үшін  қолайлы  жағдайлар  туғызуға,  әсіресе  селода  кіші  және  орта  бизнесті  дамытуға  бағытталған  қаржы,  кредит  саясатын  жүзеге  асыру  жөніндегі  жобалық  ұсыныстарды  әзірлеуге  ықпал  жасау;

10) агроөнеркәсіп  кешенінің  барлық  меншік  түріндегі  тауар  өндірушілеріне,  олардың  сұранысына  сәйкес  техникамен  қамту,  сервистік  қызмет  көрсету  саласына  агролизингтік  келісім – шарт  негізінде  жұмыстар  үйлестіру;

11) шаруашылық  жүргізуші  субьектілердің  жерді  пайдалану  және  оның  құнарлығын  сақтауына  бақылау  жасауға,  сонымен  қатар  ол  жөніндегі  мүдделі  шараларды  іске  асыру;

12) сервистік  қамту  орталықтарын,  машина – трактор  станцияларын  құруға,  дамытуға  ықпал  жасау;

13) балық  шаруашылығын  құруға,  балық  шаруашылығы  су  көздерін  ауданның  табиғат  пайдаланушыларына  бекітіп  беру;

14) ауданның  балық,  орман  шаруашылығы  құрылымдарының  экономикалық  жағдайларына  сараптама  жасап,  ауданда  қоршаған  ортаны  қорғауға  бағытталған  шараларды  жүзеге  асыру,  қажетті  жағдайда  шара  алу  үшін  аудан  әкімдікке  ұсыныс  беру;

15) аграрлық  сектордың  азаматтық  қорғаныс,  басқа  да  жұмылдырушылық  шараларына  басшылық  жасау;

16) агроөнеркәсіп  кешенінің  барлық  салаларының  кәсіпорындары  мен  шаруашылық  жүргізуші  субьектілерінде  өнімге  қолданылып  жүрген  стандарттарды,  технологиялық  шарттарды  сақтай  отырып,  өндірілетін,  ұқсатылатын  және  өткізілетін  ауылшаруашылық  өнімдері  саласын  бақылау;            

17) шарушылық  субьектілеріндегі  еңбекті  қорғау,  өрттен  қорғану,  машина – трактор  паркінің  техникалық  жай – күйін  қадағалауын  жүзеге  асыру.

15. Функциялары:

1) агроөнеркәсіп кешеніндегі меншіктің алуан   түрлі нысандары мен шаруашылық жүргізу, жұмыс істеу жағдайларына экономикалық талдау жасау, оларды қаржы-экономикалық жағынан ретке салу жөніндегі шараларға араласу, ұсыныстар беру, кіші және орта бизнесті дамытуға бағытталған қаржы, кредит саясатын жүзеге асыру бағытындағы жобалық ұсыныстарды әзірлеу.

2) аграрлық секторды басқарудың маркетингтің жүйесін жетілдіру, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілетін субсидиялардың алынуына ықпал ету, құжаттарын дайындау, шаруашылықтардың сұраныстарына сәйкес техникамен қамту.

3) сервистік қызмет көрсету саласына агролизингтік келісім-шарт негізіндегі жұмыстарды үйлестіру, практикалық көмектер көрсету.

4) аудандағы  егін,  мал  шаруашылығы  салаларын  ұйымдастыруға  ұсыныс  беру,  ғылыми жаңалықтарын  енгізуге  және мал тұқымын асылдандыруға көмек  көрсету.

5) заң шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің дамуы мен қызметін реттейтін нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындау.

6) аудандағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету, олардың несие алуына, бизнестерін дамытуға көмектер ұйымдастыру.

7) кәсіпкерлерге бизнес-жоспарларын дайындауға және ұсынуға консультативтік көмек көрсету.

8) берілген кредиттерге мониторинг жүргізу.

9) әкімшілік аумақта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік және жанар-жағар май бағаларына мониторинг жүргізу.

16.Құқықтары мен міндеттері:

1) бөлім  өз  жұмысын  ауданның  басқа  да  атқарушы  органдарымен,  акционерлік  қоғамдармен бірлесе  отырып  жүзеге  асырады;

2) әрбір ұзақ  мерзімді бағыттары  бойынша  «Қазақстан – 2030» Стратегиясын,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Қазақстан  халқына  жыл  сайынғы  Жолдауын  насихаттау  және  түсіндіру,  семинар – кеңестер  өткізеді;

3) Қазақстан  Республикасы  Президентінің,  Үкіметінің,  облыс,  аудан  әкімдерінің  аграрлық  сала  бойынша  қабылдаған  заң  актілерінің  жергілікті  жерде  жүзеге  асырылуын  қамтамасыз  етеді;

4) ауылшаруашылығын  дамыту  бойынша  ұсыныстар  дайындауға,  жұмыстарын  үйлестіреді;

5) аудандағы  аграрлық  сектор  саласындағы  заң  актілерінің,  облыс,  аудан  әкімдерінің  шешімдерінің  орындалысы  жөнінде  тиісті  орындардан  ақпарат  сұрайды  және  алады;

6) мемлекеттік  органдардың,  мекемелермен,  кәсіпорындардың  ұйымдардың  жұмысын  жетілдіру  туралы  көрсетілген  бағытта  ұсыныс  еңгізеді.

7) шағын бизнесті (кәсіпкерлікті) қолдаудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына бағытталған жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдарын үйлестіреді.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімі басшылықты Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

20.Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) өз  орынбасарлары  мен  бөлім  қызметкерлерінің  міндеттері  мен  өкілдіктерін  айқындайды;

2) заңнамаға  және  аудан  әкімімен  бекітілген  лауазымдар  номенклатурасына  сәйкес  бөлім  қызметкерлерін  қызметке  тағайындап,  қызметтен  босатады;

3) заңнамамен  белгіленген  тәртіпте  бөлім  қызметкерлеріне  көтермелеу  шараларын  немесе  тәртіптік  жаза  қолданады.

4) мекемеде сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында іс-қимыл жасайды және сыбайлас жемқорлық бойынша алынған шараларға тікелей жауапкершілікте болады;

5) өз  құзіреті  шегінде  бұйрықтар  шығарады,  нұсқаулар  береді,  бөлімнің  қызметтік  құжаттамасына,  бұйрықтарына  қол  қояды; 

6) қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес  мемлекеттік  органдарда  және  өзге  де  ұйымдарда  бөлімнің  атынан  өкілдік  етеді;

7) қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес  өзге  де  өкілдіктерді  жүзеге  асырады.

Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастырып тұлға орындайды.

21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

22. Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім бастығы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

23. Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

24. Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөліміне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық  меншікке жатады.

25.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша  өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

26. Махамбет аудандық ауылшаруашылығы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 12:31
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 22.08.2016 17:50