Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.07.2017

Қызметтер

Жылыой ауданы ішкі саясат бөлімі

Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
Изимов Болат Маратұлы

Изимов Болат Маратұлы–1979 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет құрылыс академиясын бітірген. 1999-2008 жылдар аралығында Жылыой аудандық экономика бөлімінің маманы, Жылыой ауданы әкімінің көмекшісі, Қосшағыл ауылдық округінің әкімі, Құлсары қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдан Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы

Еңбек жолы:

1996-2000 Студент, Қазақ мемлекеттік сәулет және құрлыс Академиясы, Алматы қаласы

2000-2001 Жылыой аудандық экономика бөлімі жетекші маманы

2001–2006 Жылыой ауданы әкімі аппараты бас маман, аудан әкімінің көмекшісі,

2006–2008 Қосшағыл селолық округі әкімі

2008-2008 Құлсары қаласы әкімінің орынбасары

2008–күні бүгінге Жылыой ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы

 

«Жылыой ауданы ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Жылыой ауданы ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2005 жылғы 6 қаңтардағы аудандық әкімияттың №6 қаулысымен құрылған.

Бөлімнің мекен-жайы: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Абдрахманов көшесі-27.

Электронды адресі: ovpmurat@mail.ru

Бөлімнің штаттық бірлігі 3 адам, бөлімнің филиалдары, құрылымдық бөлімшелері жоқ, бөлімге қарасты «Жылыой ауданының жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі бар.

Жылыой ауданының байланысқа шығу коды (8 71-237)

Аты-жөні Лауазымы Туған жылы Қызметтік телефоны Қабылдау күндері
1 Изимов Болат Маратұлы Бөлім басшысы 1.11.1979 жыл 5-15-48 Сейсенбі-бейсенбі күндері,сағат 14.30-17.30

Міндеттері:

1) қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды біріктіру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жылма-жылғы Жолдауы мен «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі басымдылықтарын, мемлекеттік ішкі саясатты түсіндіру мен насихаттауға ат салысу;

3) аудандағы қоғамдық-саяси процестер мен олардың даму үрдісін зерделеу;

4) аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру;

5) аудандағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған сауалдар жүргізу;

6) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;

7) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру;

8) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;

9) аудандағы діни ахуалды зерделеу, дінге қатысты мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын үйлестіреді.


Мақаланың шыққан күні:: 17.06.2016 17:35
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 23.06.2017 06:38