Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
16.08.2017

Қызметтер

Исатай ауданының әкімдігі жеке меншікке және жалға алу құқығына сату үшін ұсынылатын жер телімдері бойынша, 2017 жылғы 6 наурыз сағат 15:00-де аукцион өткізілетіндігі жөнінде хабарлайды

Исатай ауданының әкімдігі жеке меншікке және жалға алу құқығына сату үшін ұсынылатын жер телімдері бойынша,2017 жылғы 6 наурыз сағат 15:00-де мекен жайы бойынша: Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, Е.Қазақстан көшесі№11 (Аудан әкімінің әкімшілік ғимаратындағы мәжіліс залы) «Английский» бағасын көтеру әдісі бойынша аукцион өткізіледі.

 

Сатуға тіркеледі:

Лот №1 – Нарын ауылы, ауданы 0,25 га (2500 шаршы метр) жер телімі кәсіпкерлік мақсатта, кенпинг құрылысы үшін жеке меншікке беріледі. Бастапқы бағасы 560 000 теңге кепілдік жарнасы 28 000 теңге

Лот №2 – Зинеден ауылы, ауданы 1,0 га (10000 шаршы метр) жер телімі кәсіпкерлік мақсатта, қонақ үй құрылысы үшін жеке меншікке беріледі. Бастапқы бағасы 2 240 000 теңге кепілдік жарнасы 112 000 теңге

Лот №3 – Зинеден ауылы, ауданы 1,0 га (10000 шаршы метр) жер телімі кәсіпкерлік мақсатта, қонақ үй құрылысы үшін жеке меншікке беріледі. Бастапқы бағасы 2 240 000 теңге кепілдік жарнасы 112 000 теңге

Лот №4 – Аққыстау ауылдық округі, ауданы 0,5 га (5000 шаршы метр) жер телімі кәсіпкерлік мақсатта, Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарын қайта өңдеу, кәдеге жарату полигоны құрылысы және қызмет көрсету үшін жеке меншікке беріледі. Бастапқы бағасы 1 120 000 теңге кепілдік жарнасы 56 000 теңге

Аукционға қатысу үшін тіркелу және өтініштерді қабылдау хабарлама шыққан күннен бастап мына мекенжай бойынша қабылданады: Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, Е.Қазақстан көшесі №12 және 2017 жылдың 6 наурыз сағат 11:00-де аяқталады.

 

Сауда-саттыққа (аукционға) қатысуға тіркелу үшін:

1. Сауда-саттыққа (аукционға) қатысуға өтініш;

2. Жеке басын куәландыратын құжат;

3. Кепілдік жарна төлегені жөніндегі түбіртек көшірмесі;

4. Сауда-саттыққа (аукционға) қатысуға сенімді өкілге берілген сенімхат.

Заңды тұлғаларға: нотариус арқылы куәландырылған Жарғы, мемлекеттік тіркеуден өткен мекеменің куәлігі.

Ұйымдастырушы: «Исатай аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ

Анықтама алу үшін телефон: 8(71231) 2-01-59


Мақаланың шыққан күні:: 02.03.2017 12:20
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 02.03.2017 12:20