Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.09.2017

Қызметтер

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Аты-жөні: Салықов Болат Еділұлы
Лауазымы: Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі
Қабылдау күні: сәрсенбі, жұма
Мекен-жайы: инд.060500 Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосы Абай көшесі,№41 үй
Е-mail: otdel_zanyatosti @mail.ru

1962 жылы 14 ақпан күні-Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосында дүниеге келген. 1978-1982 жылдар аралығында Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. 1982-1984 жылдары Совет армиясы қатарында болған. 1984-1986 жылдары Қызылқоға аудандық қаржы бөлімінде ауылшаруашылығын қаржыландыру жөніндегі аға экономист, 1986-1988 жылдары Қызылқоға аудандық ішкі-істер бөлімінде жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор, 1988 жылдың тамыз айы мен қазан айы аралығында Қызылқоға аудандық қаржы бөлімінде мемлекеттік кіріс жөніндегі аға экономист,1988-1990 жылдары Қызылқоға аудандық қаржы бөлімінде бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1990-1991 жылдары Қызылқоға ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясында мемлекеттік аға инспектор, 1991-1999 жылдары Қызылқоға ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясында инспекция бастығының орынбасары, 1999-2001 жылдары Қызылқоға ауданы бойынша салық комитетінде төрағаның орынбасары, 2001-2008 жылдары Қызылқоға ауданы бойынша салық комитетінде комитет төрағасы, 2008-2010 жылдары Мақат ауданы бойынша салық басқармасында басқармаға бастығы, 2010 жылдың сәуір айымен тамыз айы аралығында Қызылқоға аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде бөлім меңгерушісі, 2010 жылдың тамыз айы мен қараша айы аралығында Миялы селолық округі әкімінің міндетін атқарушы, 2010 жылдың қараша айынан бастап Миялы селолық округінің әкімі лауазымын атқарған.
2012 жылдың қараша айынан бастап Қызылқоға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарып келеді.
Қазір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 4 бас маман жұмыс жасайды. Олар Рысқұлова Бағыт, Шыңдыбаева Бақтыгүл, Утеуғалиева Гүлмира, Тлегенова Гүлфайруз, Ғазезова Алмагүл, Макимова Салиха.
9 техникалық қызметкер және келісім шартпен 3 маман қызмет жасайды. Соңғы мезгілде бұл саланың ауқымы кеңіп халықты әлеуметтік қорғау, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бағытында «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі ашылып, біршама жақсы қызметтер атқарылып келеді.
Соңғы мезгілде бұл саланың ауқымы кеңіп халықты әлеуметтік қорғау, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бағытында, оларға шағын несие беріп өз істерін бастау үшін «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі ашылды. Орталықта 1 директор 5 маман қызмет атқарады.

 

Басты міндет – жемқорлық індетімен күрес.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Елбасының «Мәңгілік ел» идеясын іске асырудағы шаралардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі. Ол Ұлт жоспарын іске асырудағы 100 нақты нақты қадамында да көрініс тапты. Жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге маңыз берген Мемлекет басшысы 13 қадамда жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын-алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құруды тапсырады.
Сондай-ақ 3 қадамы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін арттыру есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды іріктеу рәсімін орталықтандыру және үш сатылы іріктеу жүйесін енгізуге бағытталды. Осы бағытта бөлімде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдар аясында көптеген жұмыстар жасалып отырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті нығайту, мемлекеттік сатып алу жұмыстарын орындаған кезде мемлекеттік қызметшінің лауазымдық міндеттерін адал орындау, құқық бұзушылықтың алдын-алу, анықтау олардың жолын кесу және ашу мемлекеттік қызметшінің әдебін сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштері тіркелуге алынып, мерзімінде орындалуы үнемі бақылауда.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет.
Жалпы, бүгінгі күннің, біздің қоғамымыздың басты міндеті – жемқорлық індетімен күрес жүргізіп, оның тамырын қию. Біз мемлекеттік қызметшілер қызмет барысында «жемқорлық – індет, жою –міндет» қағидасын басшылыққа алып, еңбек етеміз.
Қорыта айтқанда, ұлт жоспарындағы бұл қадамдарды іске асырудағы маңызды бағыт- сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту жұмыстарын арттыру. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы барлық мүдделі күштердің бірлесіп, жұмыс істеуі елімізді өркендетуге және азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.


Мақаланың шыққан күні:: 17.06.2016 15:03
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.06.2016 15:03