Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.03.2020

Қызметтер

Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІ

МИССИЯСЫ, НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ, ФУНКЦИЯЛАРЫ, ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

1. Бөлімнің миссиясы: «Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Құрманғазы ауданы бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу. Құрманғазы ауданы бойынша мәдениет және тілдерді дамыту салаларында және мемлекеттік тіл саясатын насихатаудағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Міндеттері:

1) қоғамдық – саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық үдерістерді демократияландыру және қоғамды біріктіру;

2) өңірде мемлекеттік басқару жергілікті органдармен мемлекеттік ішкі саясаттың Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасына сәйкес Бөлімнің құзырына жататын мәселелері бойынша орындалуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

3) Мәдениет саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттің тіл саясатын жүзеге асырады.

4) заңдылықтармен өзіне жүктелген басқа да міндеттер.

3. Функциялары:

1) қоғамдағы демократиялық институттарды нығайтуға қатысу, Қазақстанның даму Стратегиясының, Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру мен насихаттау;

2) ішкі саясат, қоғамдық – саяси саласының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты түсіндіру мен насихаттау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіру;

3) ішкі саясат саласындағы концептуалды негіздер мен тәжірбиелі ұсыныстарды, сондай-ақ азаматтық ұқсастықты қалыптастыру, Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары негізінде ұсыныстарды өндіру;

4) өңірде болып жатқан қоғамдық – саяси процестер мен олардың даму барысын жан-жақты және обьективті зерделеу, қорытындылау және талдау;

5) мемлекеттік ақпараттық саясатты өңірлік деңгейде жүзеге асыру, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің мемлекеттік тапсырысты орындау, оны өткізу бойынша үйлестіру, бұқаралық ақпарат баспа және электронды құралдардың мониторингін жүзеге асыру;

6) өңірде қоғамдық-саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтану және саясаттану зерттеулерін жүргізу;

7) діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

8) ақпарат құралдары мониторингін жүргізу;

9) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңның орындалуы жөнінде жұмысты ұйымдастыру;

10) бос уақыт өткізу бірлестігі, жастар ұйымдарының жұмысын үйлестіру және өзара іс-әрекеттерді жүзеге асыру;

11) ауданда жастар саясатының жүзеге асырылуына бақылауды іске асыру;

12) саяси партиялар, ұлттық мәдени бірлестіктермен, діни және басқа да, қоғамдық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асыру;

13) Аудандағы мәдениет үйлерінің, клубтардың, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жұмысына басшылық жасайды.

4. Құқықтары мен міндеттері:

1) ішкі саясат жүйесін дамыту мәселесі бойынша жоба әзірлеп, оны белгіленген тәртіппен жоғарғы органдарға ұсынуға;

2) мемлекеттік органдардан өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан өз құзыреті шеңберінде қажетті ақпараттар сұрауға және алуға;

3) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамалық актілерді сақтауға;

4) жалпы мемлекеттік ішкі және сыртқы саясатқа, оның ішінде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;

5) бірыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтерді еркін алмасуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени және ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы мен дамуына кедергі келтіретін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;

6) қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды сақтауға;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға;

8) аудан әкімдігінің алдында өз қызметінің нәтижелері туралы есеп береді.

Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 060400, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы,Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Көшекбаев көшесі №25.

Байланыс телефондары: 871233 2-11-35, факс 871233 2-10-94; 2-16-13.

Басшысы: Жоламанова Зияда Сәдуақасқызы


Мақаланың шыққан күні: 28.07.2017 02:14

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.02.2019 09:40

Қаралым саны: 1505