Array Ішкі саясат бөлімі | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.04.2017

Қызметтер

Ішкі саясат бөлімі

 

Аты-жөні: Базарбаев Талғат Төребайұлы
Лауазымы: Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
Қызметтік телефоны: 8/71238/2-15-12
Мекен-жайы: Индекс 060500 Атырау облысы Қызылқоға ауданы миялы селосы Абай көшесі №4 үй
E-mail: kizilkoga-saiasat@mail.ru

Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
Базарбаев Талғат Төребайұлының қысқаша өмірбаяны

Базарбаев Талғат Төребайұлы 29 тамыз 1962 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Миялы селосында дүниеге келген. 1969-1979 жылдары Миялы селосындағы Н.К.Крупская атындағы орта мектепте орта білім, 1979-1984 жылдары Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтында оқып география-биология пәні мұғалімі біліктілігін алған.
1984 жылдың тамыз айынан 1986 жылдың наурыз айына дейін Қызылқоға ауданы Миялы селосындағы №20 орта мектепте география пәні бойынша мұғалім қызметін атқарған.
1986 жылдың шілде айынан 1987 жылдың желтоқсан айына дейін КСРО қарулы күштерінің қатарында Москва облысы Коломна қаласында Отан алдындағы борышын атқарған.
1988 жылдың қаңтар айынан осы жылдың тамыз айына дейін аудандық білім бөлімінде әдіскер, тамыз айынан бастап Қызылқоға аудандық Қазақстан ЛКСМ аудандық комитетіне хатшы болып сайланған.
1990 жылдың қаңтар айында қазақстан Компартиясы аудандық комитетіне нұсқаушы болып тағайындалған.
1991 жылдың қыркүйек айынан осы жылдың желтоқсан айына дейін аудандық социалистік партияның ұйымдастырушысы, ал желтоқсан айынан бастап аудандық жастар комитетінің төрағасы, 1993 жылдың шілде айында аудандық коммуналдық шаруашылық және тұрмыстық қызмет көрсету бірлестігіне директордың орынбасары қызметіне тағайындалған.
1994 жылдың қараша айында Қызылқоға ауданы әкімі орынбасары болып, 1998 жылы Қызылқоға аудандық білім, мәдениет және туризм басқармасының бастығы, ал шілде айында бұл басқарманың таратылуына байланысты аудандық білім бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған.
2003 жылдың қазан айында Миялы селосындағы Б.Аманшин атындағы орта мектеп директоры болып қызмет жасап, 2007 жылдың тамыз айында Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округіне әкім болып тағайындалған.
Кейін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасаған.
2010 жылдың 25 қазанынан бастап аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымы қызметін атқаруда.
Бөлімде бір бас маман, бір маман және есепші маман жұмыс жасайды.


Мақаланың шыққан күні:: 17.06.2016 14:58
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.06.2016 14:58