Array Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.03.2017

Қызметтер

Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі

Мен, Сатиев Баянғазы Қабатайұлы 14 желтоқсан 1959 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Карағай ауданы, Медведка ауылында дүниеге келдім.

     Еңбек жолымды 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катон-Карағай ауданы «И.Д.Черняховский» совхозында жұмысшы болып бастадым.1978-1980 жылдары Совет Армиясы қатарында борышымды атқардым.1981 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы жол құрылыс институтына тындаушы болдым.1987 жылы аталған институты бітірдім. 1987 жылы Ақтөбе қаласында «Каззапсельпроект» жобалау институтында сәулетші болып қызмет жасадым. 1987-2001 жылдары сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас сәулетші болып қызмет жасадым. 2002 жылы аудандық сәулет және қала құрылысы саясаты бөлімінің менгерушісі болып атқардым. 2008 жылы Құлсары қаласы әкімі аппаратының бас маманы-сәулетші, Құлсары қаласы әкімі орынбасары, 2008 жылы «ЭлитГенПлан» ЖШС-да бас сәулетші, 2013 жылы «Сапа Строй Сервис и К» ЖШС-да жобалау бөлімінің басшысы, 2014 жылы Жылыой аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлім басшысының міндетін атқарушы болып қызметін атқарып келемін.

Жанұялымын.

«Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2010 жылғы 15 қаңтардағы аудан әкімияттың № 4 қаулысымен құрылған.

Бөлімнің мекен-жайы:Атырау облысы, Жылыой ауданы,Құлсары қаласы, Ж.Ізтұрғанов көшесі, 7

Электронды адресі: zhylyoi.arkhitektura @mail.ru

Бөлімнің штаттық бірлігі 5 адам, бөлімнің филиалдары, құрылымдық бөлімшелері жоқ.

Жылыой ауданының байланысқа шығу коды 8-71-237

Аты-жөні

Лауазымы

Туған жылы

Қызметтік телефоны

Қабылдау күндері

1

Сатиев

Баянғазы

Қабатайұлы

Бөлім

басшысы

міндетін атқарушы

14.12.1959ж

5-14-63

Дүйсенбі,сәрсенбі күндері сағат 14.30-17.30

                        
Бөлімнің негізгі міндеттері:

         1) Тиісті аумақта мемлекеттік құрылыс, сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізу;

         2) Құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңнама нормаларының және белгіленген тәртіпте бекітілген құрылыс және басқа да жобалық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

         3) Коммуналдық объектілердің құрылысына және жөндеуіне бағытталатын мемлекеттік қаржының бөлінудің титулдық тізімін жасақтауға қатысу;

         4) Объектілерді пайдалануда, құрылыстың қауіпсіздігін және мықтылығын қамтамасыз етуге, құрылыс өнімін тұтынушыларының құқықтарын қорғауға қатысу;

         5) Тиісті аумақтағы құрылыс қызметі саласында мемлекеттік мүдделерді қорғау мәселелері бойынша республикалық және аумақтық лицензиялау органдарымен, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, жобаларды мемлекеттік сараптау бөлімшелерімен өзара әрекет ету;

         6) Мемлекеттік бюджет есебінен,сондай-ақ инвесторлардың қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысы бойынша аудандық әкімдік атынан тапсырысшының функциясын атқарады;        

         7) Жалпысалалық және табиғатты қорғауға арналған объектілерді жобалау, қаржыландыру және құрылысы кезінде тиімді инвестициялық саясатты жүргізу;

         8) Өз құзіреті шегінде құрылыс саласында инвестициялық жобаларды орындау бойынша құрылыс ұйымдарының және басқа мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

         9) Қала аумағы мен қала маңы аймағында қала құрылысын игеру кезінде сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңдар нормаларының, мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

         10) Аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеу;

         11) Елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін қала құрылысы жобаларын әзірлеу;

         12) Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін дайындау;

         13) Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген құзіреттер шегінде құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласында басқа да міндеттерді жүзеге асырады;

         14) Мемлекетттік қызмет көрсету стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;

         15) заңнамалық белгіленген тәртіппен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді аударуды қамтамасыз ету;


Мақаланың шыққан күні:: 17.06.2016 17:08
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.06.2016 17:08