Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.08.2017

Қызметтер

Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі

Бөлімнің басшысы:
Қуатбаев Нұртас Әминұлы

Қызмет телефоны: (8 71237) 5-17-83
Электрондық поштасы: zhylyoiselhoz@mail.ru

Қабылдау күндері:  сәрсенбі, бейсенбі, жұма





Бөлім басшысының қысқаша өмірбаяны

Қуатбаев Нұртас Әминұлы 1 ақпан 1965 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай селосында дүниеге келген.

1990 жылы Батыс Қазақстан Ауыл шаруашылығы институтын Зооветеринария факультетін Зооинженер мамандығы бойынша және 2000 жылы Ақмола қаржы экономикалық колледжін Қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы Гурьев облысы Ембі ауданы «Коммунизм таңы» совхозында жұмысшы болып бастады. Кейін 1983-1985 жылдары Совет Армиясы қатарында болды. Сонан соң жоғарғы оқу орнын бітіріп «Коммунизм таңы» совхозында зоотехник, ферма меңгерушісі, Жылыой аудандық қаржы бөлімінің қызметкері, Майкөмген селолық округінің әкімі қызметтерінде болды.

2007 жылдың сәуір айынан бастап Жылыой ауданы Ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

«Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Жылыой ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2004 жылғы 14 шілдедегі аудандық әкімияттың № 169 қаулысымен құрылған.

Бөлімнің мекен-жайы: Атырау облысы, Жылыой ауданы, 060100, Құлсары қаласы, Жылқышы Ізтұрғанов көшесі, №7 үй.

Электронды адресі:zhylyoiselhoz@mail.ru

Бөлімнің штаттық бірлігі 6 адам, бөлімнің филиалдары, құрылымдық бөлімшелері жоқ.

Жылыой ауданының байланысқа шығу коды (8 71-237)

Аты-жөні

Лауазымы

Туған жылы

Қызметтік телефоны

Қабылдау күндері

1

Қуатбаев Нұртас Әминұлы

Бөлім басшысы

01.02.1965 ж.

5-17-83

Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма

Сағат 14:00-18:00


Бөлімнің негізгі міндеттері:

- агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін осы Заңға, осы саладағы мемлекеттік,

салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;

- агроөнеркәсіп кешен субъектілеріне мемлекеттік аграрлық азық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

- нарық жағдаятын зерделеу, ауданның ішкі сұранысын қанағаттандыру үшін өнім өндіру мен ұқсатуды арттыру және оларды сыртқы рынокқа шығаруды ынталандырудың кешенді шараларын жүзеге асыру;

- ауданның ауыл шаруашылығы саласы бойынша стратегиялық даму жоспарынәзірлеу және іске асыру;

- ауданда ауыл шаруашылығында ақпараттық-маркетингтік жүйесін енгізу жәнедамыту;

- агроөнеркәсіп кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беру;

- агроөнеркәсіп кешенінің ауыл шаруашылығы машиналарына, отын-қуат қорына, тұқым және отырғызу материалдарына қажеттілік болжамын әзірлейді;

(Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Агроөнеркәсіп кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 Заңы 7 бап, 4 тармақтары басшылыққа алынды)


Мақаланың шыққан күні:: 17.06.2016 17:24
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.06.2016 17:24