Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.07.2020

Қызметтер

Жылыой ауданы білім бөлімі

Отдел образования

Жылыой ауданы білім бөлімі басшысы Какпанбаева Айбарша Мелисовна 1968 жылдың 21 тамызында Атырау облысы, Жылыой ауданы,Ақкиізтоғай селосында дүниеге келген. 1985 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай селосындағы №10 Амангелді атындағы жалпы орта білім беретін мектепті алтын медальмен бітірген.

1986 жылы Гурьев педагогикалық институтының тарих факультетіне қабылданып, 1991 жылы аталған институтты тарих, қоғамтану және құқық пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.

2014-2016 жылдары Шымкент қаласындағы гуманитарлық-инновациялық университетінің магистратурасында оқып, қызыл дипломмен аяқтады. Заң ғылымдарының магистрі.  

 Ең алғаш еңбек жолын 1991 жылы №10 Амангелді атындағы жалпы орта білім беретін мектептің тарих, қоғамтану және құқық пәні мұғалімі болып бастаған. 1992-1993 жылдары мектеп директорының тәрбие ісі орынбасары болып қызмет атқарған. 1993-1994 жылдар аралығында №5 Абай атындағы мектепте мұғалім, 1994-2007 жылдар аралығында №9 мектепте мұғалім, 2007-2012 жылдар аралығында Жылыой аудандық білім бөлімінде әдіскер боп қызмет атқарған.

 2012-2019 жылдың қараша айына дейін аудандық білім бөлімінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының бас маманы боп қызмет атқарған.

2019 жылдың қараша айынан бастап Жылыой аудандық білім бөлімінің басшысы.

Білім бөліміне қарасты -20 жалпы орта білім беретін мектеп, 23 балабақша, 4 қосымша білім беру мекемелері, №2 педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеті жұмыс жасайды.

Бөлім басшысы ретінде азаматтарды қабылдау сәрсенбі күні - сағат 14.00-18.00. Педагогтар үшін ашық есік күні- әр айдың алғашқы жұмасы сағат 15.00-17.00.

Бөлім басшысының орынбасары Таңатарова Гүлжансара Қалиқызының қабылдау күні-сейсенбі, бейсенбі күндері-сағат 14.00-18.00.


Мақаланың шыққан күні: 17.06.2016 17:33

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.04.2020 00:24

Қаралым саны: 5720