Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.11.2017

Қызметтер

Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі

Өмірбаян

Мен Дюсупова Жанар Амангелдіқызы 1970 жылы 11 маусымда Гурьев қаласында (қазіргі Атырау қаласында) дүниеге келген.

1977 жылы Гурьев қаласындағы №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепке барып, 1987 жылы аталған мектепті бітіріп шықтым.

1987 жылы Целиноград финанс – экономикалық техникумына қаржы мамандығына түсіп, 1989 жылы маусым айында техникумды бітіріп шықтым. Облыстық Қаржы басқармасының жолдамасымен Атырау қалалық қаржы бөліміне ревизор – инспектор лауазымынан еңбек жолымды бастадым. 1990 жылы Балықшы ауданы қайта құрылып жас маман ретінде Балықшы аудандық қаржы бөліміне бас маман лауазымына ауыстырылдым. 1992 жылы Атырау Облыстық Қаржы басқармасына бас экономист болып ауыстырылдым.

1991 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетіне түсіп, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару Академиясын экономист мамандығы бойынша бітіріп шықтым.

1994 жылы қараша айында Құлсары қаласының азаматы Төлепов Бекболат Баянұлына тұрмысқа шығып, сол жылы қараша айында жанұя жағдайыма байланысты Жылыой ауданы қаржы бөлімінің бас маманы лауазымына ауыстырылдым.

Содан бөлімнің бас маманы, бюджет бөлімінің бастығы, бөлім бастығының орынбасары қызметтерін атқардым.

Жылыой ауданы әкімінің 26 сәуір 2007 жылғы №14-к өкіміне сәйкес Қаржы бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалдым. 2013 жылы қазан айында бөлімнің қайта құрылуына байланысты Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып тағайындалдым.

Қазіргі уақытта осы қызметімді атқарып келемін.

2001 жылы аудан әкімі және Мәслихат хатшысының алғыс хатымен, 2007 жылы аудандық Мәслихаттың және Облыстық Мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, 2008 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алғыс хатымен, 2011 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің алғыс хатымен марапатталдым.

Жолдасым, үш балам бар.

 

«Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2013 жылғы 2 тамыздағы аудандық әкімияттың № 401 қаулысымен қайта құрылған.
Бөлімнің мекен-жайы: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, 20.
Электронды адресі: jyloiraifo@mail.ru
Бөлімнің штаттық бірлігі 11 адам, бөлімнің филиалдары, құрылымдық бөлімшелері жоқ.

 

Бөлім басшысы туралы мәлімет

Жылыой ауданының байланысқа шығу коды (8 71-237)

Аты-жөні

Лауазымы

Туған жылы

Қызметтік телефоны

Қабылдау күндері

1

Дюсупова Жанар Амангелдіқызы

Бөлім басшысы

11.06.1970 ж

5-10-63

Бейсенбі-жұма күндері,

сағат 14.00-18.00


 

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  1. Қазақстан Қазақстан Республикасы Президентінің стратегиялық бағдарламасы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыс әкімінің іс-қимылдары жоспарларына сәйкес ауданның әлеуметтік-экономикалық реформаларын жүргізу және бюджетті жоспарлау жұмыстарын үйлестіру;

  2. Аймақтық және республикалық бағдарламалардың және бюджетті жоспарлауды орындалуын бақылау, талдау, ұсыныстарды енгізу;

  3. Аудандық бюджеттің орындалуы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

  4. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте салықтық, ақша-кредит саясатымен өзара іс-қимыл жасай отырып, мемлекеттік бюджет саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысу;

  5. Бюджеттік бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізу және бюджеттің орындалуы жөнінде ұсыныстар беру;

  6. Жергілікті бюджеттің кіріс түсімдеріне талдау жасау;

  7. Бағдарламалар әкімшілері бойынша бюджеттің орындалуына қорытынды дайындау және талдамалық есеп беру;

  8. Аудандық коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің мемлекеттік саясатын іске асыру;

  9. Аудандық коммуналдық мүлікті заңнамада белгіленген тәртіппен мақсатты және тиімді пайдалану.


Мақаланың шыққан күні:: 17.06.2016 17:40
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.04.2017 06:48