Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы әкімі аппараты Ішкі аудит қызметінің басшысы Қ.Бакенованың Ішкі аудит қызметінің 2016-2019 жылдардығы жұмыс көрсеткіштері туралы есептік ақпараты

Құрметті Махамбет Жолдасқалиұлы және жиынға қатысушылар!

Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның 93-қадамын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашада «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңы қабылданып, сол Заңға және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Атырау облысы әкімінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі №71 қаулысымен Атырау облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметі құрылды.

Ішкі аудит қызметінің штат саны 6 қызметкерді құрайды, оның ішінде бөлім басшысы, екі бас инспектор және үш бас маман. Бүгінгі күнге штат саны толықтай қамтылған. 2016 жылдың тамыз-қараша айлары аралығында Ішкі аудит қызметінің мамандары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы академиясы» Акционерлік Қоғамында 5 пән бойынша емтиханнан өтіп, мемлекеттік аудитор сертификатын иеленуге Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жанынан құрылған Ұлттық комиссия шешімімен «Мемлекеттік аудитор» біліктілігін алды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес Ішкі аудит қызметінің негізгі құзыреттерінің бірі жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын және тиісті облыстың, әкімшілік бағыныстылығының аумағындағы атқарушы органдарда, олардың бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында сәйкестік аудитін жүргізу; олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша тиімділік аудитін жүргізу; ішкі процестердің (бизнес-процестердің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде ішкі бақылау мен басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асыру; бюджет шығыстарымен өзара байланыста мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының және аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуін талдау; республикалық және коммуналдық активтер мен мүліктің сақталуына тексеру жүргізу; мемлекеттік сатып алуды жүргізу және шарттар талаптарының орындалу рәсіміне, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мерзімі, көлемі, бағасы, саны және сапасы бойынша сәйкестік аудитін жүргізу және тиісті мемлекеттік органдағы тауар-материалдық запастардың және өзге де активтердің сақталуын тексеруді жүзеге асыру болып табылады.

Атырау облысы әкімінің өкімімен бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Ішкі аудит қызметі 2016 жылдың қараша

айынан бастап бүгінгі күнге дейін 92 мемлекеттік аудит объектісінде аудиторлық іс-шара (оның ішінде 26-сы үстеме тексеру) өткізді.

Атап айтқанда: 2016 жылы – 4 объектіде, 2017 жылы – 36 объектіде, 2018 жылы – 23 объектіде (оның ішінде 14-і үстеме тексеру) және 2019 жылы – 29 объектіде (оның ішінде 12-сі үстеме тексеру) аудиторлық іс-шара жүргізілді.

92 мемлекеттік аудит объектісінде жүргізілген аудиторлық іс-шараның 46-сы – сәйкестік аудиті, 19-ы – сәйкестік және тиімділік аудиті, 1-уі – тиімділік аудиті және 26-сы – үстеме тексеру.

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған 92 мемлекеттік аудит объектісінің 65-і – мемлекеттік мекеме, 27-сі – квазимемлекеттік сектор субъектісі болып табылады.

Бүгінгі күні Ішкі аудит қызметімен 22 млрд 018 млн 759 мың теңге бюджет қаражаты мемлекеттік аудитпен қамтылды. Оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты – 20 млрд 824 млн 616 мың теңге, яғни 94,6%; республикалық бюджет қаражаты – 1 млрд 194 млн 143 мың теңге, яғни 5,4% құрады.

Мемлекеттік аудитпен 2016 жылы – 2 200 414,6 мың теңге, 2017 жылы – 8 192 498,8 мың теңге, 2018 жылы – 8 386 447,3 мың теңге және 2019 жылы – 3 239 398,4 мың теңге бюджет қаражаты қамтылды.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде Ішкі аудит қызметімен 2016-2019 жылдар аралығында жалпы сомасы 464 688,2 мың теңгенің бұзушылығы анықталды. Анықталған бұзушылықтардың 41 415,0 мың теңгесі – қаржылық бұзушылықтар, 423 273,2 мың теңгесі – рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.

41 415,0 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың 30 352,1 мың теңгесі бюджет кірісіне өтеуге жатқызылып, бүгінгі күні 29 453,3 мың теңгесі (97,0%) бюджет есебіне өндірілді.

Мемлекеттік аудит қорытындысымен, аудит объектілеріне Атырау облысы әкімінің бұзушылықтарды жою туралы 34 өкімі жолданып, 76 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 5-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, ден қою шараларын алу үшін 4 аудиторлық іс-шара материалдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаментіне жолданды.

Мемлекеттік сатып алу заңнамасы бұзылған 12 аудиторлық іс-шара материалдары Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданып, нәтижесінде 12 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Оларға жалпы сомасы 2 003,1 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ, Ішкі аудит қызметімен Мемлекеттік аудит объектілерінде жүргізілген күрделі жөндеудің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру үшін Атырау облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс

бақылауы басқармасынан маман шақыртылып, нәтижесінде 2 лауазымды тұлғаға Қазақстан Республикасының Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін 404,0 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Әр жылға қысқаша тоқталып өтетін болсам:

2016 жылы:

2016 жылғы 15 қарашадағы Атырау облысы әкімі аппаратының басшысымен бекітілген «Мемлекеттік аудит объектілерінің 2016 жылға арналған тізбесіне» сәйкес Ішкі аудит қызметі тарапынан 2016 жылы барлығы 4 аудиторлық іс-шара өткізілді, барлығы да сәйкестік аудиті.

Аудиторлық іс-шара жүргізу барысында 2 200 414,6 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражаты қамтылды, оның ішінде, жергілікті бюджет 1 835 398,4 мың теңге, республикалық бюджет 365 016,2 мың теңге.

Аудиторлық іс-шаралар қорытындысымен анықталған бұзушылықтың жалпы сомасы 5 156,5 мың теңге, оның ішінде:

Қаржы бұзушылықтар бойынша – 885,7 мың теңге, оның ішінде;

- бюджет қаражатының шығысталуы кезінде (еңбекақыны негізсіз төлеу және т.б.) – 885,7 мың теңге.

Рәсімдік бұзушылықтар бойынша – жалпы сомасы 4 270,8 мың теңге, оның ішінде;

- мемлекеттік сатып алулар жүргізу кезінде – 1 644,4 мың теңге;

- басқа да бұзушылықтар кезінде – 2 626,4 мың теңге.

Анықталған 885,7 мың теңге қаржылық бұзушылық толық көлемде бюджет кірісіне өтелді.

Мемлекеттік аудит қорытындысымен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы ұсынымымен Атырау облысы әкімінің 1 өкімі жасақталып, мемлекеттік аудит объектілеріне жолданды. Нәтижесінде 8 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

2017 жылы:

Атырау облысы әкімінің өкімімен бекітілген «Мемлекеттік аудит объектілерінің 2017 жылға арналған тізбесіне» сәйкес Ішкі аудит қызметі тарапынан 2017 жылы барлығы 36 аудиторлық іс-шара өткізілді, оның ішінде 10 тиімділік аудиті және 26 сәйкестік аудиті.

Мемлекетік аудитпен қамтылған объектілердің 35-і – мемлекеттік органдарда (мекемелерде), 1-уі – квазимемлекеттік сектор субъектісінде.

Аудиторлық іс-шарамен 8 192 498,8 мың теңге көлеміндегі бюджет қаражаты қамтылды, оның ішінде, жергілікті бюджет 7 089 723,5 мың теңге, республикалық бюджет 1 102 775,3 мың теңге.

Сонымен қатар, қамтылған бюджет қаражатының 8 036 150,8 мың теңгесі мемлекеттік органдарда (мекемелерде) және 156 348,0 мың теңгесі квазимемлекеттік сектор субъектісінде.

Аудиторлық іс-шаралар қорытындысымен анықталған бұзушылықтың жалпы сомасы 36 066,2 мың теңге, атап айтсақ:

Қаржы бұзушылықтар бойынша – 7 931,3 мың теңге, оның ішінде;

- бюджет қаражатының шығысталуы кезінде еңбекақы төлеу мен сауықтыру жәрдемақысын төлеу кезінде – 4 747,7 мың теңгенің бұзушылығы анықталды,

- іссапар шығындарын төлеуден – 1 584,4 мың теңге;

- жанар-жағармай шығындаудан – 372,2 мың теңге;

- мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде – 289,1 мың теңге;

- тауар-материалдық запастардың және өзге де активтердің сақталуынан - 446,2 мың теңге;

- басқа да бұзушылықтар - 393,0 мың теңге.

Рәсімдік бұзушылықтар бойынша – жалпы сомасы 28 134,94 мың теңге, оның ішінде;

- бюджет қаражатының шығысталуы кезінде – сомасы 1 523,6 мың теңге;

- активтерді пайдалану кезінде – сомасы 10 962,0 мың теңге;

- мемлекеттік сатып алулар жүргізу кезінде – 15 120,8 мың теңге;

Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану бойынша – 528,5 мың теңге.

Анықталған 7 931,3 мың теңге қаржылық бұзушылық бүгінгі күнге толық көлемде бюджет кірісіне өтелді. Орындалысы 100,0 %.

Мемлекеттік аудит қорытындысымен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы ұсынымдарымен Атырау облысы әкімінің 8 өкімі жасақталып, мемлекеттік аудит объектілеріне жолданды. Нәтижесінде 41 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 6 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 635,3 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды.

2018 жылы:

Атырау облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметі 2018 жылы, Атырау облысы әкімінің өкімімен бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің 2018 жылға арналған тізбесіне сәйкес, 23 (оның ішінде 14-і үстеме тексеру) мемлекеттік аудит объектісінде сәйкестік және тиімділік аудитін жүргізді.

Сәйкестік және тиімділік аудитімен 8 386 447,3 мың теңге бюджет қаражаты қамтылды. Оның ішінде аудитпен қамтылған мемлекеттік сатып алу сомасы 726 461,3 мың теңге, рәсімдер саны 1 666.

Аудит нәтижесінде 210 930,6 мың теңгенің бұзушылықтары мен кемшіліктері анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылық сомасы 15 333,0 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылық сомасы 195 597,6 мың теңге.

Анықталған 15 333,0 мың теңге қаржы бұзушылықтың 3 355,4 мың теңгесі қалпына келтіруге жатқызылып, толық қалпына келтірілді.

Ал қалған 11 977,6 мың теңгесі бюджетке өтеуге жатқызылып, толық көлемде бюджет есебіне өндірілді. Қаржылық бұзушылықтар негізінен бюджет қаражатының шығысталуы кезінде (еңбекақыны, сауықтыру жәрдемақысын, еңбек демалысын, сыйлықақыны, материалдық көмекті, іссапар шығындарын есептеп төлегенде) және бухгалтерлік есеп жүргізу

кезінде қолданыстағы заңнама нормаларының талаптарын сақтамаудан туындап отыр.

Аудит объектілерінде 195 597,6 мың теңгенің рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарына мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде жол берілген.

Жүргізілген аудит қорытындысымен аудит объектілеріне бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды қарастыру туралы Атырау облысы әкімінің 8 өкімі жолданды. Нәтижесінде 4 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 168,4 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды.

1 аудит объектісінде 9 411,9 мың теңгені негізсіз аудару фактілері анықталып, аудиторлық іс-шара материалдары ден қою шараларын алу үшін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Атырау облысы бойынша департаментіне жолданды.

2019 жылы:

Атырау облысы әкімі аппаратының Ішкі аудит қызметі Атырау облысы әкімінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы №358-ө өкімімен бекітілген Ішкі аудит қызметінің 2019 жылға арналған мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесіне сәйкес, 2019 жылы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 17 мемлекеттік мекемеде сәйкестік аудитін және оларға бағынысты 12 кәсіпорында үстеме тексерулер жүргізді.

Сәйкестік аудитімен жалпы сомасы 3 239 398,4 мың теңге бюджет қаражаты қамтылды. Оның ішінде: жергілікті бюджет қаражаты – 2 066 183,6 мың теңге, республикалық бюджет қаражаты – 102 665,7 мың теңге, мемлекеттік сатып алу сомасы – 1 070 549,1 мың теңге.

Аудитпен қамтылған қамтылған мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің саны 3 260.

Жүргізілген сәйкестік аудиті нәтижесінде 212 534,9 мың теңгенің бұзушылықтары мен кемшіліктері анықталды. Оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 17 265,0 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 195 269,8 мың теңге.

Анықталған 17 265,0 мың теңге қаржылық бұзушылықтың 9 557,5 мың теңгесі бюджетке өтеуге және 7 707,5 мың теңгесі қалпына келтіруге жатқызылды.

Бүгінгі күні қалпына келтіруге жатқызылған 7 707,5 мың теңгенің 5 944,0 мың теңгесі (77,1%) қалпына келтірілді, ал бюджетке өтеуге жатқызылған 9 557,5 мың теңгенің 8 658,7 мың теңгесі (90,6%) бюджет есебіне өндірілді.

Анықталған қаржылық бұзушылықтар қызметкерлерге еңбекақы, еңбек демалысын, іссапар шығындарын, сауықтыру жәрдемақысын, материалдық көмекті негізсіз төлеу кезінде және жанар-жағармайды нормадан артық шығындаудан, ал рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар бухгалтерлік есептілік,

мемлекеттік сатып алу заңдылықтары талаптарының және Бюджет Кодексінің «тиімділік» принциптерінің сақталмауынан туындап отыр.

Жүргізілген аудит нәтижесінде мемлекеттік аудит объектілерінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін Атырау облысы әкімінің 17 өкімі жолданды. Нәтижесінде 19 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзған 6 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оларға 1 603,4 мың теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін 2 лауазымды тұлғаға 404,0 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды.


Мақаланың шыққан күні: 09.01.2020 15:57

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.03.2020 14:37

Қаралым саны: 364