Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.04.2020

Қызметтер

2018 жылғы есеп

Денсаулық сақтау саласының бюджеті 2018 жылы 31689,3 млн.теңгені құрады, оның ішінде:

* республикалық бюджеттен (Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржыландырылған) -23050,6 млн.теңге;

* жергілікті бюджеттен - 5527,3 млн.теңге;

* республикалық бюджеттен (СҚ-Фармация арқылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету) -3 111,4 млн.тенге.

Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспары кезіндегі 31689,3 млн.теңге толықтай 100% игерілді.

2018 жылмен салыстырғанда денсаулық сақтау бюджеті 0,7%ға, ал 2016 жылмен салыстырғанда 13,9%-ға өсті.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі 2018 жылы 27 797,5 млн.теңгені құраса, 2017 жылы 26 652 млн.теңгені құрап отыр, бұл жердегі өсім 4,3%.

Күрделі шығыстарға жалпы жергілікті бюджеттен 2979,7 млн.теңге бөлінді, оның ішінде күрделі жөндеу жұмыстарына -154,2 млн.теңге (Махамбет АОА 1-қабат), ЖСҚ әзірлеуге және мемлекеттік сараптама жүргізуге - 17,2 млн.теңге, медициналық жабдықты, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға – 2368,1 млн. теңге.

Бұдан басқа, ЖСҚ әзірлеу және мемлекеттік сараптама жүргізу үшін 1888,8 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

- жергілікті бюджеттен 17,2 млн.теңге (Анықтама үшін облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториіне күрделі жөндеу, Құрманғазы, Махамбет, Мақат аудандық орталық ауруханаларына, облыстық туберкулезге қарсы диспансерге, Геолог қалалық емханасына күрделі жөндеу);

- медициналық ұйымдардың дербес қаражаты есебінен 1871,6 млн.теңге (Анықтама үшін: №3 қалалық емхана, облыстық қан орталығы, №3 қалалық емхананың Огородная дәрігерлік амбулаториясы, психикалық денсаулық орталығы, Геолог емханасы (ескі ғимарат). Геолог емханасының Бірлік ДА, облыстық туберкулезге қарсы диспансер, Мақат АОА жанындағы емхана, Құрманғазы АОА жанындағы емхана, Жұмакен (Еңбекші) ДА, Нұржау ДА, Облыстық туберкулезге қарсы санаторий);

Жабдықтарды сатып алуға жергілікті бюджеттен 2368,1млн. теңге көзделген. Барлығы 142 медициналық жабдық сатып алынған, оның ішінде 1 реанимобиль, 9 санитариялық және қызметтік автокөлік, 197 телемедицинаға және цифрландыруға арналған жабдық, 148 медициналық жиһаз, 39 технологиялық жабдық.

Сонымен қатар, дербес бюджеттен тыс 8 медициналық ұйымға жалпы сомасы 115,2 млн.теңгеге медициналық жабдықтың 30 бірлігі, автокөліктің 1 бірлігі, компьютерлік техниканың 65 бірлігі, медициналық емес жабдықтың 4 бірлігі сатып алынды.

Облыс бойынша 136 денсаулық сақтау ұйымы медициналық көмек көрсетеді, оның ішінде 21 ауруханалық, 115 амбулаториялық-емханалық (8 емхана, 7 орталық аудандық ауруханалар, 55 дәрігерлік амбулатория, 12 фельдшерлік-акушерлік пункт, 23 медициналық пункт, басқа да 10 медициналық ұйым).

Саладағы проблемалардың бірі – дәрігерлердің жетіспеушілігі.

Бұл мәселені төмендету шаралары облыс деңгейінде шешілуде, атап айтқанда:

* Медициналық жоғары оқу орындарына облыс әкімдігінен 2017 жылы 35 грант, 2018 жылы 54 грант бөлінді;

Атырау облысының денсаулық сақтау саласында 2018 жылдың қорытындысымен 625 мың халыққа (10 000 адамға шаққанда көрсеткіш 23,3 құрап отыр) 1468 дәрігер, 5002 орта буын қызметкері (бұдан әрі-ОБҚ) медициналық қызмет көрсетеді, яғни өткен жылдармен салыстырғанда (2016 жылы -1290 дәрігер, 4465 ОБҚ, 2017 жылы -1400 дәрігер, 4936 ОБҚ) дәрігерлер саны 4,3%-ға өсті.

Соңғы 3 жылда жұмыстан босатылғандар саны: 2016 жылы – 75 дәрігер, 132 ОБҚ; 2017 жылы – 65 дәрігер, 159 ОБҚ; 2018 жылы - 51 дәрігер, 170 ОБҚ. 2018 жылы жұмысқа орналасқан дәрігерлер саны – 167 (2016 жылы – 111 дәрігер, 2017 жылы – 195 дәрігер). Дәрігерлер жетіспеушілігі 2016 жылы – 92 дәрігер, 2017 жылы – 90 дәрігер, 2018 жылы – 50 дәрігерді құрайды. Дәрігерлердің санаты 2016 жылы 579, 2017 жылы 603, 2018 жылы 705.

2018 жылғы 29 шілдеде Оңтүстік Кореяның Бундан Чанг клиникасымен меморандум жасалып, Мемарандум шеңберінде Келісім бойынша Оңтүстік Кореяға білімін жетілдіруге жолдама арқылы 7 маман оқып келді.

Халыққа медициналық-санитариялық алғашқы көмек жағдайында медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру және жалпы практика дәрігерінің жүктемесін «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының 2018 жылға бекітілген көрсеткішін 1750 халыққа дейін төмендету мақсатында 2018 жылы 27 жалпы практика дәрігері және 7 педиатриялық участке ашылып, бір дәрігердің жүктемесі 1737 халыққа жетті. 2018 жылға қойылған көрсеткішке толығымен қол жеткізіліп отыр. Алдағы уақытта 2019 жылғы көрсеткіш 1700 халыққа жету үшін, ағымдағы жылы тағы 15 жалпы практика дәрігері учаскесін ашу көзделіп отыр.

2018 жылы Атырау облысында мынадай жаңа нысандар іске қосылды:

* Махамбет ауданы, Жалғансай ауылында Дәрігерлік амбулатория;

* Құрманғазы ауданы, Орлы ауылында Дәрігерлік амбулатория;

* Атырау қаласы, Тасқала ауылында Дәрігерлік амбулатория;

* Атырау облысының кардиологиялық орталық ғимаратының реконструкциясы; .

* Атырау облыстық жедел жәрдем станциясының филиалы.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына 2018 жылғы 15 қазанда өзгерістер мен толықтырулар

енгізіліп, республика бойынша және де өңірлер бөлінісінде көрсеткіштер қайта қаралды. Соның ішінде мынадай көрсеткіштерге қол жеткізілді:

- жалпы өлім – тұрақты (5,6)

- қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім- жітім 18,4%-ға азайды;

- қатерлі ісік ауруын 1-ші стадияда анықтау -12,5%-ға өсті;

- қан айналымы жүйесі аурулары 18,5%-ға төмендеді;

- туберкулезден өлім 17,4%-ға төмендеп отыр;

- 15-17 жас аралығындағы балалар арасында суицид деңгейі– 48,3%-ға төмендеп отыр.

2018 жылы облыс бойынша 39 көрсеткіштен 5 көрсеткішке қол жеткізілген жоқ, атап айтатын болсақ:

Нәресте өлімі: 2017 жылғы 6,7-мен салыстырғанда 2018 жылы 10,5-ті құрап, 56,8%-ға өсіп отыр. Жарақаттардан, жазатайым оқиғалар мен уланулардан болатын өлім 2017 жылғы 58,0-мен салыстырғанда 2018 жылы 50,6-ны құрап 12,7%-ға төмен болғанымен, 2018 жылғы жоспар 47,52-ге қол жеткізілмей отыр. Сүт безі обырымен 5 жыл және одан да көп жыл өмір сүретін онкологиялық науқастардың үлес салмағы 2017 жылғы 61,2-мен салыстырғанда 2018 жылы 59,3-ды құрап, 3,10%-ға төмен болып отыр. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде МСАК-ты қаржыландыру үлесі 2017 жылғы көрсеткштен (41) жоғары болғанмен, 2018 жылғы жоспардан 17%-ға төмен болып отыр (жоспар 60%, ал факт 43%). Дәрігерлердің орташа жалақысының экономикадағы орташа жалақыға арақатынасы 2017 жылғы 0,9-дан 2018 жылы 0,7-ге төмендеп отыр.

Әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша мәліметтер:

Туберкулез ауруы бойынша

2018 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша 2017 жылдағы осы кезеңімен салыстырғанда туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіштері 63,1-ден, 74,9-ге дейін 18,7%-ге жоғарлап отыр. 2018 жылдың 12 айында жаңадан ауырған 469 науқас тіркелген, ал 2017 жылдың осы кезеңінде 387 науқас тіркелген болатын.

2018 жылғы 12 айда республикалық көрсеткіші - 52,2.

Облыстық көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 1,6 есе жоғары.

Дегенмен «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының өңірлер деңгейінде қойылған жоспарлы көрсеткішке қол жеткізілді. 2018 жылға жоспар 76,3 болса, факт 74,8.

Туберкулезден болатын өлім:

Туберкулезден болатын өлім көрсеткіші 2018 жылғы 12 айдағы көрсеткіш 1,9 (туберкулезден 12 науқас қайтыс болған) бұл көрсеткіш

2017 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 17,4%-ға төмен (2017 ж -2,3) болып отыр.

2018 ж. 12 айында қайтыс болған науқастың 11-ы туберкулездің дәріге төзімді түрімен ауырғандар, ал 2017 жылдың осы кезеңінде қайтыс болған науқастың 10-і туберкулездің дәріге төзімді түрімен ауырған. 2018 ж. 12 айында республикалық көрсеткіші – 2,4, облыстық көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 1,2 есе төмен.

Онкологиялық аурулар бойынша:

Жалпы облыс бойынша өлім көрсеткіші 2017 жылмен салыстырғанда 487-ден 405-ке, яғни 82 адамға, көрсеткіш бойынша айтатын болсақ 80,1-ден 64,7-ге, 19,2%-ке төмендеп отыр.

Қан айналым жүйесі аурулары бойынша (100 мың тұрғынға шаққанда) Өлім көрсеткіші 2017 жылмен салыстырғанда 18,5%-ға төмендеп, қойылған жоспарға қол жеткізіліп отыр.

Аналар денсаулығы бойынша (100 мың тұрғынға шаққанда) Атырау облысы бойынша демографиялық жағдайдың оң үрдісі бар, 2018 жылы 16 мың адамға өскен (2017 жылы 611 мың, 2018 жылы 627 мың.халық), оның ішінде бала туу жасындағы әйелдердің саны жалпы халық санынан 150597-24%(2017ж.-148814-24%, балалар-206406-33% құрап отыр (2017 ж. 199196 – 32,6%).

Аула аралап тексеруді күшейту нәтижесінде профилактикалық қарап-тексерумен қамту былтырғы жылдың ұқсас кезеңіндегі 143066-мен салыстырғанда 148037-ды 98%-ды құрап отыр. Оның ішінде жүкті болуға қарсы көрсетіліммен 2В тобына 1105 әйел тіркелді, ол былтырғы жылы 1105-ті құрады.

Контрацепциямен қамту 2 есеге өсіп отыр 35%-дан 85%-ға (440-944) дейін.

Бірнеше жылдар бойы жасөспірімдер жүктілігінің өсу қарқыны төмендемей отыр, 2018 жылы 152, 2017 жылы 146, оның ішінде босанғандар 2018 жылы 78 (2017 жылы 73), аборт жасағандар саны 2018 жылы 12 (2017 жылы 15) құрайды. Жасөспірімдер жүктілігін төмендету үшін Жастар денсаулық орталықтарының жұмысы қайта жандандырылуда жасөспірімдер мен әйелдерге әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету үшін Қалалық перзентхананың жанынан

«Сенім» психологиялық көмек орталғы ашылды. Ағымдағы жылы көмек алу үшін 30 адам жүгінген.

Ана өлімі 2018 жылы 1 жағдай болып, 2017 жылмен салыстырғанда (3 жағдай) 2 жағдайға төмендеп отыр.

Қызметтік тексерстің нәтижесі бойынша материалдар құқықтық бағалау, тәртіптік шара қабылдау үшін құқық қорғау органдарына берілді (3 адам жұмыстан шығарылып, 11-не тәртіптік шара қабылданды, 3 маман басқа лауазымға ауыстырылып, 25 маман қайта оқытылды), егжей-тегжей жасақталды.

Денсаулық сақтау басқармасына 2018 жылғы қарашадан бастап ана мен бала денсаулық сақтау жөніндегі орынбасар штаты бөлініп, ана мен бла денсаулығын сақтау бөлімі ашылды.

Барлық медициналық ұйымдарда бала туу жасындағы әйелдерді қарап-тексерудің жүргізілуіне мониторинг және прегравидарлық дайындау алгоритмі жасалады.

Нәрестелер денсаулығы бойынша (100 мың тұрғынға шаққанда) 2018 жылға Атырау облысы бойынша 16 939 бала туылған, ал тірі туылған бала саны 16 811, 2017 жылмен салыстырғанда өсім 3,1%-ды (+511 бала) құрап отыр. Облыстық перинаталдық орталықта жүкті әйелдер босануының 45%-ы анамнезінде асқынулармен болған, олардың ішінде 19,4%-ы операция жолымен босанған, реанимация арқылы өткендер 2017 жылмен салыстырғанда 20%-ға артық (2320 жүкті әйел). Санитариялық авиация желісі арқылы аудандарға ұшу 2017 жылмен салыстырғанда 20%-ға өсті. 2018 жылға 226 пациентке 203 ұшу жасалды, оның ішінде балаларға жасалған ұшу 1,2 есеге артық (104 бала, оның ішінде 62 жаңа туған нәресте).

Өкінішке орай үйде болып жатқан жазатайым оқиғаларда жиілеп кетті. Жазатайым оқиғалардың (механикалық асфексия) 50%-ға өскені тіркелді. Кейбір жағдайларда толықтай дамымай, салмағы аз және уақтынан бұрын туылған балалар өлімінің өсуіне аудан орталықтары мен облыс арасының шалғай орналасуы, оның ішінде қыс мезгілдеріндегі ауа-райының қолайсыздығы, сондай-ақ неонатолог дәрігерлермен жасақтаудың жетіспеушілігі ықпал етті.

Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштердің өсуіне қарамастан, инфекциялық-паразитарлық аурулардан және тыныс алу ағзаларының ауруларынан болатын балалар өлімін төмендету орын алып отыр.

Жаңадан келген мамандардың күшімен және материалдық-техникалық базаны жақсартумен жыл бойы өте төмен салмақпен, туа біткен кемістіктерімен уақытынан бұрын туған нәрестелерді күтіп қарау

бойынша қарқынды жұмыс атқарылды, ол ерте неонаталдық өлімнің 35,4%-дан 27,2%-ға дейін төмендегенін дәлелдеп отыр. Күтіп-қарау тиімділігі 65,5%-ды құрады.

13-слайд. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жұмыстары қатаң бақылауға алынды, бірақ бүгінгі таңда жете алмай отырған негізгі көрсеткіштер:

* бала өлімін азайту;

* онкологиялық сырқаттанушылықты ерте анықтау мен 5 жылдық өмір сүру ұзақтығын жоғарлату;

* халықтың өз денсаулығына жауапкершілігін жоғарылату;

Алдағы мақсаттар мен міндеттер:

- Шетелдік мамандарды тарта отырып, стратегиялық серіктес (Литва, Россия, Украина, Оңтүстік Корея және т.б.) елдермен мастер-кластар өткізу арқылы науқастарды облыс мекемелерінде емдеуді одан әрі жалғастыру;

- Жастар денсаулығын нығайту;

- Паллиативті көмек көрсету және отбасылық қажеттілікті ескере отырып, үйде күтім жасауды үйрету;

- Медициналық емес қызметтерді аутсорсингке беру жолдарын қарастыру;

- Жоғарыдағы көрсеткіштерді жақсарту мақсатында қысқа мерзімді іс-шаралар жоспарлары жасақталып, сол бойынша жұмыстар жүргізілетін болады


Мақаланың шыққан күні: 18.01.2019 16:56

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.11.2019 16:44

Қаралым саны: 1302