Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.04.2020

Қызметтер

2019 жылдың қорытындысы бойынша Ақкөл ауылдық округі әкімі аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар  қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен  ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасақталды.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес  «Ақкөл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы 3 қызмет түрі көрсетіледі.

1) Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;

2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

3) Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру.

Есепті мерзімде округ әкімі аппараты арқылы барлығы 886 қызмет көрсетілді.

-Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну – 54 қызмет.

2)  Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 1;

3) Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру - 9 қызмет.

 Мерзімінен кешіктіріліп көрсетілген қызметтер болған жоқ.

Сонымен қатар, округ әкімі аппаратының ғимаратында  қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орналатылған.

2019 жылдың  қорытындысы қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ.

Ғимаратта қызмет алушылардың назарына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің ақпараттық стенділері орнатылған, сол сияқты мүмкіндігі шектеулі адамдарға барынша жағдай жасалған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау, түсіндіру және танымалдандырумақсатында округте тұрғындармен және округке қарасты мекемелерде жиналыстар, үйретуші бейнероликтер көрсетілді. 

Сонымен бірге, электрондық қызметке қол жеткізу мақсатында Ақкөл ауылдық округі әкімі аппаратында ашылған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы  «Электрондық  үкімет» веб - порталы арқылы 822қызмет көрсетілсе, 337тұрғынэлектрондық цифрлық қолтаңба алды.

2018 жылмен салыстырғанда33 қызметке азайды.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығынан есепті кезеңде Каламов К. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің танымалдылығын арттыру және оларды насихаттау мақсатында 5 түсіндірме іс-шаралары жүргізілсе, шараларға шамамен 375 адам қатысты.

 

Кесте:

        

р/с

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің

атауы

Көрсетілген қызмет

саны

1

Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру

294

2

Сотталғандығыболуы не болмауытуралы анықтама беру

34

3

Нарко-диспансер аныктамасы

21

4

Психо-диспансер анықтамасы

21

5

Зейнетақы қоры туралы анықтама

71

6

Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілеттік туралы анықтама

2

7

Кілтке тапсырыс

337

8

Балабақша кезегіне тұру

4

9

Балабақша кезегіне қарау

4

10

Жылжымайтын  мүлік жоқ туралы анықтама

10

11

Атаулы әлеуметтік көмек анықтамасы

24

Барлығы

822

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілерін,   қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар  түскен жоқ.

Ақкөл ауылдық округінің әкімі    Б.Рамазанов


Мақаланың шыққан күні: 05.02.2020 18:16

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.02.2020 18:16

Қаралым саны: 71