Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

2019 жылдың қорытындысы бойынша индер аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасақталды.

Есепті мерзімде «Индер аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы барлығы 984 қызмет көрсетілді:

Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту - 22;

Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту-219;

Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-80;

Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру – 337;

Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну – 164;

Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу – 162).

Барлық мемлекеттік қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коропорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы Индер аудандық бөлімі арқылы және электронды түрде көрсетілді. Қызметтерді көрсету – тегін.

2019 жылдың қорытындысы қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ.

Ғимаратта қызмет алушылардың назарына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің ақпараттық стенділері орнатылған.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілері, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 15.01.2020 15:37

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.01.2020 15:37

Қаралым саны: 176