Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.07.2020

Қызметтер

2019 жылдың қорытындысы бойынша Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

Есеп, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 «Орталық мемлекеттік органдарының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметтің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 2-қосымшаға сәйкес жасақталған. Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген тізімге сәйкес Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты арқылы жүзеге асырылады.

2019 жылы мемлекеттік мекемеде 4 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 660 қызмет көрсетілді.Есепті жыл ішінде қызмет көрсетуде уақытынан кешіктіру фактісі тіркелген жок.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер стандарт пен регламентке сәйкес дайындалып қызмет алушыға уақытылы ұсынылды.

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі

(7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою -48;

Есепті кезеңде электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 612.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ғимарат стендтермен жабдықталған. Жыл ішінде көрсетілген қызметтер сапасына шағымданушылар болған жоқ.

Есепті жылдың ішінде ауылдық округ көлемінде орналасқан мекемелер мен жеке тұлғалардың қатысуымен 15 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.

 

«Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі


Мақаланың шыққан күні: 14.01.2020 14:58

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.01.2020 14:58

Қаралым саны: 215