Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

2019 жылдың қорытындысы бойынша «Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасақталды.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес «Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы 4 қызмет түрі көрсетіледі.

1) Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;

2) Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;

3) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.

4) Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне теген тасымалдауды ұсыну.

5) Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау.

Есепті мерзімде округ әкімі аппараты арқылы барлығы 118 қызмет көрсетілді.

1) Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою – 52.

2) Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру – 45.

3) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 8.

4) Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне теген тасымалдауды ұсыну -13.

5) Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау-0

Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетілді. Мерзімінен кешіктіріліп толтырылған қызметтер болған жоқ. Сонымен қатар ғимаратында қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орналатылған. 2019 жылдың қорытындысы қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ.

Ғимаратта қызмет алушылардың назарына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің ақпараттық стенділері орнатылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау, түсіндіру және танымалдандыру мақсатында 1 мақала аудандық газетке берілді.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілері, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

 

«Елтай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі


Мақаланың шыққан күні: 14.01.2020 15:00

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.01.2020 15:00

Қаралым саны: 183