Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

2018 жылдың қорытындысы бойынша Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімі көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар  қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен  ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасақталды.

         ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес  «Құрманғазы аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы     3 қызмет түрі көрсетіледі.

1)  Ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру;

2)  Ветеринариялық анықтама беру;

3) Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіру жүргізу.

         Есепті мерзімде Ветеринария бөліміні арқылы барлығы 13 662 қызмет көрсетілді.

- Ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру – 16 қызмет.

- Аудандық ветеринариялық стансасы арқылы  ауыл шаруашылық жануарларына 4764 Ветеринариялық анықтама берілді.

- Аудандық ветеринариялық стансасы арқылы ауыл шаруашылық жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып 8882 адамның малдарына бірдейлендіру жүргізілді.

    Барлығы қағаз түрінде және Ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру бланкасы ақылы негізде көрсетілді. Мерзімінен кешіктіріліп толтырылған қызметтер болған жоқ. Сонымен қатар, Ветеринария бөлімінде ғимаратында  қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орналатылған.

         2018 жылдың  қорытындысы қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ.

         Ғимаратта қызмет алушылардың назарына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің ақпараттық стенділері орнатылған. 

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау, түсіндіру және танымалдандыру мақсатында   7 мақала аудандық газетке берілді.

Кесте:

р/с

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің

атауы

Көрсетілген қызмет

саны

1

Ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру

16

2

Ветеринариялық анықтама беру

4764

3

Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіру жүргізу

8882

Барлығы

13 662

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілері,   қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар  түскен жоқ.

 

Ветеринария бөлімінің басшысы

міндетін атқарушы     Г.Жумашев


Мақаланың шыққан күні: 27.02.2019 14:24

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.02.2019 14:24

Қаралым саны: 835