Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

2019 жылдың қорытындысы бойынша Жем ауылдық округі әкімі аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебі

Жем ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №172 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес «Мектепке дейінгі балалар ұйымына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметі көрсетілуде.

2018 жылғы 1 қазанынан бастап «мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметі «INDIGO» - бүкіл мектепке дейін білім беру ортасының жұмысын қамтамасыз ету үшін автоматты түрде көрсетілуде

Округ бойынша 2019 жылы 85 балабақшаға кезекке қою тіркеліп, 89 жолдама алынды.

Жем ауылдық округі әкімі аппаратындағы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы тұрғындарға ЭСҚ алу, мекен-жай туралы анықтама мен соттылығының болу-болмауы, жылжымайтын мүліктің болмауы(болуы), жер учаскесінің тиесілігі туралы, зейнетақы аударымдары туралы, психоневрологиялық ұйымынан анықтама беру, наркологиялық ұйымынан анықтама алу жалпы 564 қызмет көрсетілді.

2019 жылғы 28 маусымда Жем ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер жәрмеңкесi өткiзiлдi.

Халық арасында электронды түрде көрсетілетін қызметтердің танымдылығын арттыру мақсатында аудандық «Кең Жылыой» газетіне «Балабақшаға кезекке қоюдың автоматтандырылған тәсілі» атты мақала жарияланып,ауылдық округтің әлеуметтік желісіне бейнеролигі жүктелді.

Округ әкімі аппараты арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерге қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Ауылдық округ тұрғындарын электронды цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз ету, қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігін түсіндіру мақсатында тұрғындар арасында түсінік жұмыстары жүргізіліп, ЭЦҚ алу жұмыстары ұйымдастырылып,электронды үкімет порталының пайдаланушысына арналған Ескертпе нұсқаулықтар таратылды.

Алдағы уақытта да көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын және электронды цифрлық қолтаңба арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын арттыру, қызмет алушыларға тиімді жағдай жасау бағытындағы жұмыстар басты назарда болады.

«Жем ауылдық округі әкімі аппараты»

мемлекеттік мекемесі


Мақаланың шыққан күні: 03.02.2020 17:36

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.02.2020 17:36

Қаралым саны: 76