Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.08.2020

Қызметтер

2018 жылдың қорытындысы бойынша Жем ауылдық округі әкімі аппартында көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебі

Жем ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №3-2/378 бұйрығына сәйкес «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №172 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес «Мектепке дейінгі балалар ұйымына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметі көрсетілді.

«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» қызметі бойынша қызмет алушылар болған жоқ.

«Мектепке дейінгі балалар ұйымына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметі бойынша жыл бойына қағаз түрінде -134 қызмет, электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 8 қызмет көрсетілді.

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 17 шілдедегі №337 бұйрығына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы №213 бұйрығына сәйкес «Мектепке дейінгі ұйымдардың қызмет процестерін автоматтандыру» енгізіліп, округ тұрғындары округке қарасты балабақшаға https://garden.zhem.atyrau.gov.kz сайты арқылы электронды санды қолтаңба қолданбай балаларын кезекке қойып, жолдама алуда.

Округ әкімі аппараты арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерге қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Ауылдық округ тұрғындарын электронды цифрлық қолтаңбамен қамтамасыз ету, қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндігін түсіндіру мақсатында тұрғындар арасында түсінік жұмыстары жүргізіліп, ЭЦҚ алу жұмыстары ұйымдастырылды. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру мақсатында «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы қызмет көрсету үшін округ әкімі аппараты ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышытары ұйымдастырылды.

Округ бойынша 2018 жылы барлығы -187 ЭЦҚ алынып, 521анықтама берілді. Тұрғындар тарапынан мекен-жай туралы анықтама мен соттылығының болу-болмауы,жылжымайтын мүліктің болмауы(болуы), жер учаскесінің тиесілігі туралы, зейнетақы аударымдары туралы анықтамаларға сұраныс бар.

Округте көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге арнайы стендтер жасақталып, көрнекті жерге ілінді.

Ғимаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Сіз жемқорлықты тоқтата аласыз!», «Параға емес, биікке ұмтыл» атты жадынамалар ілініп,баннер, бильбордтар орнатылды.

Алдағы уақытта да көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын және электронды цифрлық қолтаңба арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын арттыру, қызмет алушыларға тиімді жағдай жасау бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

 

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.

мекен жайы: Атырау облысы Жылыой ауданы Тұрғызба ауылы А.Жолдыбаев көшесі,411 үй,

Тел:8(71237)2-92-39;электрондық пошта: akimatjem@atyrau.gov.kz

Округ әкімі: Қариев Бисенбай

Мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты маман: Бас маман Нұржауова С


Мақаланың шыққан күні: 07.03.2019 14:42

Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.03.2019 14:42

Қаралым саны: 897