Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.10.2020

Қызметтер

2018 жылдың қорытындысы бойынша Жаңа Қаратон кенті әкімінің аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебі

Жаңа Қаратон кенті әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңын басшылыққа алады.

2018 жылы «Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кенті әкімінің аппараты» ММ бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №3-2/378 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №172 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес «мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметтері көрсетілді. 2018 жылғы 1 қазанынан бастап «мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметі «INDIGO» - бүкіл мектепке дейін білім беру ортасының жұмысын қамтамасыз ету үшін кешенді ERP-жүйесі арқылы автоматты түрде көрсетілуде.

Есепті кезеңде кент әкімімен:

1.«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» -369;

2.«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»-4 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына есептік кезеңде түскен шағымдар саны жоқ.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу және алудың қолжетімділігі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алуды халыққа түсіндіру жұмыстары жыл бойы жүргізілді. Жыл бойында барлығы түсіндірме жұмыстары бойынша 4 семинар, 4 халықпен кездесу, 4 бұқаралық ақпараттық құралдарына мақала жарияланды. «Электронды үкімет» веб-порталына тіркелу, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануға тұрғындарға түсіндірме беру және мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу жұмыстары басты назарда. Кент әкімі аппаратындағы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы есепті кезеңде 524 мемлекеттік қызмет электрондық түрде көрсетілді. 2018 жылғы 21 мамырында Жаңа Қаратон кенті әкімі аппаратының ғимаратында жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер жәрмеңкесi өткiзiлдi. Аталған iс-шараның мақсаты egov.kz. «электрондық үкiмет» порталын әйгiлеу, әкiмшiлiк кедергiлердi азайту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн алып тастау, мемлекеттiк қызметтердi ұсыну процесiн айқын, ал мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi сапалы қылдыру.Жәрмеңке барысында азаматтарға мемлекеттiк қызметтердi көрсету бойынша қажеттi кеңестiк-әдiстемелiк көмек көрсетiлдi. Көрсетiлетiн қызметтi алушылардың негiзгi сұрақтары тұрғын үй кезегіне тұру, әлеуметтiк сала, жер учаскелерiн алу, жапсарлас құрылыстарын жүргізу және т.б.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.03.2019 16:09

Қаралым саны: 1026