Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.08.2020

Қызметтер

Атырау қаласының әкімдігімен 2018 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің есебі

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет есебінің қалыптастырылу тәртібі, ұсынылу мерзімдері және үлгі нысаны арнайы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы №193 бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Атырау қаласы бойынша 2018 жылы 86 мемлекеттік қызмет түрі, оның ішінде 44 мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы электронды түрде, ал 42 қызмет мемлекеттік орган арқылы қағаз түрінде көрсетілді.

Көрсетілетін 86 мемлекеттік қызметтің 69 қызмет түрі ақысыз, ал 17-сі ақылы негізде көрсетіледі.

2018 жылы барлығы 129296 мемлекеттік қызмет көрсетілген:

Оның ішінде,

* 66749 қызмет (52,1%) мемлекеттік органдармен (ведомстволық бағынысты мекемемен) ;

* 46271 қызмет (35,3%) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы;

* 16276 қызмет (12,6%) «электрондық үкімет» веб-порталы және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы электронды форматта көрсетілген.

 

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартулар саны - 3423 (2,6%).

 

2018 жылы төмендегідей мемлекеттік қызмет түрлерінің саны артқан. Атап айтқанда:

- «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» - 7264 қызмет («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы).

-«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою – 10006 қызмет (оның 9757-і электронды форматта, ал 249-ы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы).

-«Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» - 11163 қызмет (оның 1416-ы электронды форматта, 9039-сы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы, ал 708-ы тікелей бөліммен) көрсетілген.

2018 жылы «Бала тууды тіркеу, азаматтық хал актілеріне толықтырулар енгізу» қызметі автоматтандырылды. Аталмыш қызмет проактивті түрде көрсетілуде, яғни қызметті алушыға бір өтініш арқылы 3 қызметті туу туралы куәлік алу, мемлекеттік жәрдемақыға құжаттар тапсыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке тұру мүмкіндігі жасалды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру мақсатында: қалалық жер қатынастары және сәулет және қалақұрылысы бөлімдерімен көрсетілетін қызметтер геоақпараттық портал арқылы жүргізілуде.

Бұл ретте, 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінің "Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" және "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу мемлекеттік қызметтері электронды режимде көрсетілуде.

Сондай-ақ, өткен жылдың 25 желтоқсанынан бастап Атырау облысы әкімдігінің ресми сайтында (atyrau.gov.kz) қала тұрғындарына, тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесіне тұрған азаматтарға кезегін ЖСН арқылы тексеруге мүмкіндік беретін жүйе іске қосылды.

Сонымен қатар, тұрғын үй қатынасы саласындағы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсету мақсатында, "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге кезегін білу және кезегі бойынша анықтама алу" қызметтері бойынша housing.atyrau.gov.kz сайты қосылды.

Сондай-ақ, «Мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметі толықтай цифрландырылып ағымдағы жылы garden.atyrаu.gov.kz сайты арқылы балабақшаға 3125 жолдама берілді.

Желтоқсан айында қалалық ветеринария және қалалық ауылшаруышылығы бөлімдерінің цифраландыру жұмыстары аяқталып, 2019 жылдан бастап қызмет алушыларға қызметтерді АСQ қосымшасы арқылы көрсетілуде.

Аталған жобалар қызмет алушылар үшін барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында ЭЦҚ-сыз ЖСН сәйкестендіру бойынша жасақталады.

Мемлекеттік қызметтер үлесін арттыру мақсатында, қалалық дербес бөлімдер арқылы көрсетілетін электронды мемлекеттік қызметтер туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында қалалық дербес бөлімдермен 43 мақала жарияланып, 25 сұхбат берілді. «Қазақстан-Атырау» телеарнасы арқылы 2 ақпараттық сюжет таратылған.

2018 жылы мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мәселесі бойынша барлығы 29 семинар-кеңестер мен түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша барлығы 23 маман біліктілігін арттыру семинарына қатысты.

7 ауылдық округ бойынша 2018 жылы барлығы - 487 ЭЦҚ алынып, 493 анықтама берілді. Тұрғындар тарапынан мекен-жай туралы анықтама мен соттылығының болу-болмауы жөніндегі анықтамаларға сұраныс бар.

Қазіргі уақытта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының «ХҚКО» департаментінің қалалық 3 бөлімшесі арқылы тұрғындарға қызмет көрсетілуде.

2018 жылы көрсетілген 129296 мемлекеттік қызметтің 10 қызмет мерзімдерінің бұзылуымен көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін бұзған жауапты қызметкерлердің барлығы тәртіптік жазаға тартылды.

Жалпы мемлекеттік органдар мен халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2018 жылы 2 шағым тіркеліп, оларға қатысты тиісті шаралар жүргізілді.

Алдағы уақытта да көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын және электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санын арттыру, қызмет алушыларға тиімді жағдай жасау бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

 

Атырау қаласы әкімдігі


Мақаланың шыққан күні: 27.02.2019 14:30

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.02.2019 14:30

Қаралым саны: 805