Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

2019 жылдың қорытындысы бойынша «Қарлығаш» санаторлық бөбекжай-бақшасы мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

МКҚК «Қарлығаш» санаторлық бөбекжай-бақшасы. Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылы, Жамбыл көшесі №11. Телефоны: 871234 (24-4-30)

«Қарлығаш» санаторлық бөбекжай-бақшасында-21 адам қызмет атқарады. Бөбекжайда 1-топ, 25-бала тәрбиеленеді.Бөбекжайдың материалдық техникалық базасын жақсартуға және балалар ойыншығына,әдістемелік оқулықтарға үкіметтен ақша бөлініп,сол қаржыға керекті құрал-жабдықтарымызды алып отырамыз.Бөбекжайымыз 2015жылы күрделі жөндеуден өткен.Мерекелерде біздің бөбекжайда ата-аналардан ақша жиналмайды.Себебі бөбекжайда тәрбиленуші бөбектер жанұясында әлеуметтік жағдайы төмен жанұялық жағдайда өкпе ауруына шалдыққан ағайын тумалары есепте тұрған балалар қабылданады,сондықтан ақша жинауға біз тиым саламыз. Балалардың мерекелік шараларына қаржы бөлінген.Бөбекжайымызда жемқорлықты болдырмау мақсатында ата-аналармен «жемқорлық қоғам дерті» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Бөбекжайда қызметкерлермен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»тақырыбында жиналыс өтіп, бөбекжай директоры Л.Жакиева баяндама жасады.Бөбекжайға жұмысқа орналасу«enbek.kz»порталы арқылы қабылданады.Бөбекжайда балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығымен жұмыс жасаймыз.

«Жемқорлық індет-оны жою міндет» атты ұранмен жемқорлыққа қарсы күрес,қоғамымызда бір сәтте тасталмау керек.

Біздің міндетіміз мемлекет өмірінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау. Осыған байланысты сыбыйлас жемқорлық бұрышы жасақталып және шағымдармен ұсыныстарға арналған «жәшік» жұмысын жалғастыруда.

 

«Қарлығаш» санаторлық бөбекжай-бақшасы


Мақаланың шыққан күні: 03.02.2020 11:08

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.02.2020 11:08

Қаралым саны: 156