Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, «Нұржау ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетулер мәселелері жөніндегі 2017 жылғы есебі
  1. Жалпы ережелер

 

 

 

 

Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер

 

Жергілікті атқарушы органның мекен жайы:

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау ауылы, Серікбай ата көшесі, 1 үй, инд. 060409

Тел.факс.8(71233)3-83-40; 3-83-09;

электрондық пошта:  Nurjau.akimat@mail.ru                              

Әкім: Исмагулов Кайрат Салахиденович.

Бас маман:  Мажитов Гарифолла Шолтырович

Жетекші маман Мажиденова Жансая Мухтарқызы

 

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес  2017 жылы округ бойынша  1 қызмет түрі  көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны

1

тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

1

қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны

электрондық нысанда-8

бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттер саны

2

Барынша талап ететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

 

«Жеке  қосалқы  шаруашылықтың  бар  екендігі  туралы анықтама беру»,

2017 жылы қызмет алушыға барлығы 283 өтініш келіп түсіп, мерзімінде орындалған.

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер

Мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттық стендтер қызмет берушінің ғимаратының көрнекі жеріне орналасқан.

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау бағытында 2017 жылы  17 қарашасында            С. Көшекбаев атындағы аудандық  мәдениет үйінде өткен  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты жәрменкесіне ауыл тұрғындары қатысып, сонымен қатар округ мамандары  арқылы ауыл тұрғындарына түсінік жұмыстар жүргізілді.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

 

Мемлекеттік қызметтер  көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге мақсатында  және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша барлығы 5 түсіндіру іс-шаралар өтті, сондай-ақ ауыл тұрғындары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  Атырау облысы бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаменті Құрманғазы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығымен ұйымдастырылған семинарларға үнемі қатысып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осы бағытта мемлекеттік қызметтер  көрсету процесін жақсарту мақсатында жұмыстар жалғасуда.

3.Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижесінде  тұрғындар Құрманғазы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы және көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратындағы www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш беріп келеді.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

 

Округ мамандары жыл сайын біліктілігін арттыруға бағытында Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта дарлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығымен өткізілген арнайы семинарлардан өтуде.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру

Округ бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты стандартар мен регламентерге Атырау облысы әкімдігі тарапынан  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы үнемі ақпарат беріліп  келеді.

 

 

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қызмет алушылардан шағымдар болған жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

 

2017 жылдың II тоқсанында аудан әкімдігінің ұйымдастыру бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзім бұзушылықтарын анықтау, жою және оларға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының сақталуы бойынша ішкі бақылау жүргізілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау нәтижелері

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органдарымен тексерістер жүргізілген жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

 

Округ бойынша көрсетілген қызметтер сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

Жүргізілген жоқ

6. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

 Округ бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру

 

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігін және көрсетілетін қызметтерді алушылардың сапасына қанғаттануын арттыру мақсатында бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттерінің тәртібі шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізіледі.


Мақаланың шыққан күні: 05.03.2018 22:31

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.03.2018 08:40

Қаралым саны: 1144