Array Атырау қаласының әкімдігімен 2015 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің есебі | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.03.2017

D-3, D-4, D-5, D-O-2, D-O-3, D-O-4, D-O-5, E-1, E-2, E-R-1 санатындағы «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін екінші деңгейдегі аттестаттау комиссиясында әңгімелесуден өткізу кестесі

Қызметтер

Атырау қаласының әкімдігімен 2015 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің есебі

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 23 бабының 5 тармағына сәйкес, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округ әкімдері жыл сайын «электрондық үкіметтің» веб-порталында, интернет-ресурстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есепті орналастырулары қажет.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет есебінің қалыптастырылу тәртібі, ұсынылу мерзімдері және үлгі нысаны ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы №193 бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Атырау қаласы бойынша 2015 жылы 84 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген, оның ішінде 44 мемлекеттік қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетіліп отыр.

Осы 84 мемлекет қызмет түрінің 42-і қағаз түрінде, 42 қызмет электрондық түрде және де 67-і ақысыз, 17-сі ақылы негізде көрсетіледі.

Жүргізілген талдаулар нәтижесінде 2015 жылы 99634 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, мемлекеттік органдармен (ведомстволық бағынысты мекемемен) 50002 (50 %), ал

халыққа қызмет көрсету орталықтарымен 42060 (40%) мемлекеттік қызмет көрсетілген болса, оның 7572-і (8%) электронды форматта көрсетілген. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда қызмет көрсету санының 5959-ға артып отырғанын байқатады.

2015 жылы төмендегідей мемлекеттік қызмет түрлеріне көп сұраныс болды. Олар: «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» - халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 7373 қызмет, «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою – 8104 қызмет, оның 4389-і электронды форматта, ал 3715 халыққа қызмет көрсету арқылы көрсетілді, «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» - 8209 қызмет, оның 7637-і халыққа қызмет көрсету арқылы көрсетілген.

Мемлекеттік қызметтер үлесін арттыру мақсатында, халықты электрондық қызметтерді алу дағдыларына үйрету бағытында қала әкімдігімен жұмыстар ұйымдастырылып полиграфиялық материалдарды жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктерге, қалалық дербес бөлімдер орналасқан ғимараттың ішкі және сыртқы бөліктеріне, ауылдық округтерге қарасты әкімшілік, мектептер мен байланыс бөлімшелері ғимараттарына орналастырылды.

Осы бағытта және қалалық дербес бөлімдер арқылы көрсетілетін электронды мемлекеттік қызметтер туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім басшыларының 18 мақала, 5 сұхбат жарияланды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтерді «Электрондық үкімет» порталы және ХҚКО арқылы алу мүмкіндігі туралы тұрғындар арасында ақпараттық-насихаттау және түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» және «Жеке меншікке сатылатын нақты жер учаскелерінің

кадастрлық құнын бекіту» туралы 1 минуттік бейнеролик түсірілді, түсірілген бейнеролик халыққа қызмет көрсету орталығының күту залында орналасқан теледидарда үнемі көрсетілді.

Қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша ХҚКО-ның қалалық үш бөлімі тұрғындарға қызмет көрсетіп отыр.

Былтырғы жылы көрсетілген 99634 мемлекеттік қызметтен электронды форматта 4 қызмет мерзімдерінің бұзылуымен көрсетілді. Мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін бұзғаны үшін 3 лауазымды тұлғаға тәртіптік шара қолданылды.

Жалпы мемлекеттік органдар мен халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2015 жылы шағымдар тіркелмеген.

Атырау қаласы әкімдігі


Мақаланың шыққан күні:: 17.06.2016 10:33
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.06.2016 10:33