Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.03.2020

Қызметтер

Ауданның жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы 2018 жылдың 12 айында атқарған жұмыстары жөнінде ақпарат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (2017 жылғы 12 қазандағы №637 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) сәйкес, ауданның жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтердің 109 түрі көрсетіледі.

Аудан бойынша 2018 жылдың 12 айында 40535 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, мемлекеттік органдармен (тікелей қағаз түрінде) 5506; қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде 6753; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» аудандық бөлімі арқылы 6510; мемлекетік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде («электроннық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) 18947; электрондық түрде («Е-Лицензиялау» МДҚ, электрондық үкімет «веб-порталы» арқылы) 2819 қызмет көрсетілген.

Ағымдағы жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері бойынша барынша сұранысқа ие төмендегідей мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін атап өтуге болады. Олар: «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу» - 8821 қызмет,

«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» - 2421 қызмет; «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» - 830 қызмет (электронды түрде), «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» - 411 қызмет (электронды түрде), «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» - 1764 қызмет, «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» - 121 қызметтер болды.

Ауданның барлық жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттары, регламенттері және мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң тәртiбi туралы ақпараттар бар стендтер орналасқан.

Сонымен қоса, ауданның ресми сайтының «Мемлекеттік қызметтер» тарауында мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері, шағымдану тәртібі және мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты мамандар жөнінде ақпараттар жарияланған.

Баламалы және электрондық түрде көрсетілетін қызметтердің танымалдылығын арттыру, жоғарылату, және оларды насихаттау мақсатында

аудандық «Серпер» үнжариясында мақалалар тұрақты түрде жарияланып отырады.

Есептік кезеңде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық түрде көрсетілетін қызметтердің танымалдылығын арттыру және оларды насихаттау мақсатында қызметтердің көрсету сапасын арттыру бойынша 129 түсіндірме іс-шаралары жүргізілсе, шараларға шамамен 1955 адам қатысты.

Оның ішінде, Ақкөл, Еңбекші, Орлы және Мақаш ауылдық округтерінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» өтті.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығынан есепті кезеңде 36 маман мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

2018 жылы аудан бойынша мерзімінен кешіктірілген 1 қызмет болды. «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметі бойынша аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы өтініш түскен. Мерзімінің кешіктірілу себебі «ХҚКО ЫАЖ» түскен өтініштің уақытылы өңделмеуі. Заң бұзушылықтарға жол бергені бөлімнің бас маманына «Ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығына бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 42 тармағына сәйкес жылдық жоспар-кестесі бекітіліп, дербес бөлім мен ауылдық округі әкімі аппараттарында ішкі бақылау іс-шарасы жұмыстары жүргізілді.

Бұйрықтың жылдық жоспар кестесіне сәйкес ауылдық округі әкімі аппараттарында және бөлімдерде (барлығы 24 мекеме) мемлекеттік мекемелерінде ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

Ұсынымдар:

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер есебін уақытылы және сапалы орындау;

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» порталы және ХҚКО арқылы алуға болатындығы жөнінде және сапасын жоғарылату мақсатында аудандық үнжарияда мақалалар жариялау тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

3) Округ тұрғындарына электрондық сандық қолтаңба алу жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізу;

4) Тұрғындар арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде ауылдық округі әкімі аппараты арқылы алуға болатындығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу және электронды түрде көрсетілетін қызметтердің санын арттыру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру.

Ішкі тексеріс қорытындысы бойынша ұсынымдар беріліп, бақылау нәтижелері туралы 2 данадан акт толтырылды.

Құрманғазы ауданы әкімдігінің және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» Құрмаңғазы аудандық бөлімінің ғимараттарында қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшіктер орналастырылды.

(2018 жылдың 12 айында шағымдар мен пікірлер түскен жоқ)

Ауданның 19 ауылдық округ әкімі аппараттарында ауыл тұрғындарына электрондық түрде қызметтер көрсету мақсатында «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылып, бірқатар жұмыстар атқаруда.

Есептік кезеңде, осы ашылған бұрыштар арқылы 9851 қызмет көрсетілсе, 4867 адам электрондық сандық қолтаңбамен қамтамасыз етілді.

Қызмет алушылар арасында сұранысқа ие қызмет түрлері:

* Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру

* Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру

* Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру

* Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру

* Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою

* Зейнетақы аударымы анықтамасы

* Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру

Аудан бойынша электронды түрде көрсетілетін қызметтердің санын арттыру және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, халықтың мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы хабардарлығын одан әрі жоғарылату, құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу басты назарда қала бермек.

Негізгі мақсат - мемлекеттік қызметтің барша азаматтар үшін қолжетімділігі, мерзімінде және сапалы қызмет ұсынумен қатар құжаттарды сөзбұйдылыққа және әбігерлікке салмай рәсімдеу жұмыстарының жүргізілуін қатаң бақылауда ұстау.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік саясатты жүргізудің басты бағыты болып саналады. Сондықтан қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

 

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімі


Мақаланың шыққан күні: 11.03.2019 15:03

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.03.2019 15:03

Қаралым саны: 582