Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.04.2020

Қызметтер

Ауданның жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің 2019 жылдың қорытындысы бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (2017 жылғы 12 қазандағы №637 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) сәйкес, ауданның жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтердің 85 түрі көрсетіледі.

Аудан бойынша 2019 жылдың 12 айында 51033 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

- 3954 (7,4 %) қызмет қағаз түрінде;

- 1934 (3,8%) қызмет "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер

- 6860 (13,5 %) қызмет мемлекеттік корпорация арқылы;

- 36418 (71,4%) қызмет мемлекетік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде («электроннық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда);

- 1867 (3,6%) қызмет "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілді.

Қызмет түрлері бойынша сұранысқа ие төмендегідей қызмет түрлерін атап өтуге болады. Олар: «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» (электронды түрде), «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» - «Ветеринариялық анықтамалар беру», «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру».

Ауданның барлық жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттары, регламенттері және мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң тәртiбi туралы ақпараттық стендтер орнатылған.

Сонымен қоса, ауданның ресми сайтының «Мемлекеттік қызметтер» тарауында мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері, шағымдану тәртібі және мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты мамандар жөнінде ақпараттар жарияланған.

Баламалы және электрондық түрде көрсетілетін қызметтердің танымалдылығын арттыру, жоғарылату және насихаттау мақсатында

аудандық «Серпер» үнжариясында, бөлімдер мен округтердің фейсбук парақшаларында мақалалар тұрақты түрде жарияланып отырады.

Есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің танымалдылығын арттыру және оларды насихаттау мақсатында 112 түсіндірме іс-шаралары жүргізілсе, шараларға шамамен 1003 - дей тұрғын қатысты.

(мақала – 49; жиналыс – 13; түсіндірме жұмыстар – 12; жәрмеңке – 5; құқықтық оқу – 1; қоғамдық кеңес – 2; ақпарат – 21 «Ашық есік» күні – 9)

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы жанынан ұйымдастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарына есепті кезеңде 7 мемлекеттік қызметші қатысып, біліктіліктерін арттырды.

2019 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша 2 мемлекеттік қызмет мерзімінен кешіктіріліп орындалды.

1. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Сисенов аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінде мерзімінен кешіктіріліп орындалған қызмет бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. (қызмет атауы Жерге орналастыру жобаларын бекіту. Кешіктірілу себебі ақпараттық жүйеге электронды түскен өтініштің уақытылы өңделмеуі)

Тексеріс қорытындысы бойынша аталмыш мекемеге айыпұл (жалпы 51000 мың теңге салынды. Мекеме 7 тәулік ішінде айыппұл сомасының 50 пайызын мөлшерін төледі) салынып және кемшіліктерге жол бергені үшін жауапты маманға «Ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылды.

2. «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» қызметі бойынша 1 қызмет кешіктірілді.

Кешіктіріліп орындалуының себебі жұмыс уақыты барысында үздіксіз қуат беру көзі құрылғысының (источник бесперебойного питания - упс) істен шығуы. Қазіргі уақытта жаңадан құрылғы сатып алынып, іске қосылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығына бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес жылдық жоспар-кестесі бекітілді.

Бұйрықтың жылдық жоспар кестесіне сәйкес ауылдық округі әкімі аппараттарында және бөлімдерде (барлығы 7 мекеме) мемлекеттік мекемелерінде ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

Есепті кезеңде Теңіз, Орлы, Нұржау, Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппараттарында және аудандық білім, ветеринария бөлімдерінде ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

Ішкі тексеріс қорытындысы бойынша ұсынымдар беріліп, бақылау нәтижелері туралы 2 данадан акт толтырылды.

Ішкі бақылау қорытындысы бойынша төмендегідей ұсынымдар берілді:

1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер есебін уақытылы және сапалы орындау;

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» порталы және ХҚКО арқылы алуға болатындығы жөнінде және сапасын жоғарылату мақсатында аудандық үнжарияда мақалалар жариялау тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу;

3) Округ тұрғындарына электрондық сандық қолтаңба алу жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізу;

4) Тұрғындар арасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде ауылдық округі әкімі аппараты арқылы алуға болатындығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу және электронды түрде көрсетілетін қызметтердің санын арттыру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету бойынша» департаментінің Мобильдік ХҚКО-ның сапарға шығу кестесіне сәйкес аудан орталығынан шалғай орналасқан 8 ауылдық округ тұрғындарына қызметтерін көрсетуде.

Құрманғазы ауданы әкімдігінің және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» акционерлік қоғамының «Халыққа қызмет көрсету бойынша» Құрмаңғазы аудандық бөлімінің ғимараттарында қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшіктер орналастырылған.

(2019 жылдың 12 айында шағымдар мен пікірлер түскен жоқ)

Ауданнның 22 орта білім беру мекемелерінде және 19 ауылдық округ әкімі аппараттарында ауыл тұрғындарына электрондық түрде қызметтер көрсету мақсатында «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрыштары» ашылып, бірқатар жұмыстар атқаруда.

Есептік кезеңде, осы ашылған бұрыштар арқылы 4512 қызмет көрсетілсе, 747 адам электрондық сандық қолтаңбамен қамтамасыз етілді.

Аудан бойынша электронды түрде көрсетілетін қызметтердің санын арттыру және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, халықтың мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы хабардарлығын одан әрі жоғарылату, құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу басты назарда қала бермек.

Негізгі мақсат - мемлекеттік қызметтің барша азаматтар үшін қолжетімділігі, мерзімінде және сапалы қызмет ұсынумен қатар құжаттарды сөзбұйдылыққа және әбігерлікке салмай рәсімдеу жұмыстарының жүргізілуін қатаң бақылауда ұстау.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мемлекеттік саясатты жүргізудің басты бағыты болып саналады. Сондықтан қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады


Мақаланың шыққан күні: 12.03.2020 15:16

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.03.2020 15:16

Қаралым саны: 54