Array Ауданның жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша ақпарат | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.03.2017

Қызметтер

Ауданның жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша ақпарат

Аудан бойынша 2016 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 44097 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, мемлекеттік органдармен (ведомстволық бағынысты мекемемен) 11820 (26,8%) «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ аудандық мемлекеттік корпорациясы арқылы 8182 (18,6%) электрондық түрде («Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы, электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы, электрондық үкімет «веб-порталын», электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтерді қосқанда) 24095 (54,6%) қызмет түрі көрсетілген.

2016 жылдың IV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері бойынша барынша сұранысқа ие төмендегідей мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін атап өтуге болады. Олар: «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» - 1263 қызмет, «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» - 1422 қызмет, оның 1395 электрондық үкімет «веб-порталы» арқылы, «Ветеринариялық анықтамалар беру» - 4887 қызмет, «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру» - 754 қызмет, «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» - 354 қызметтер болды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халыққа насихаттау, ақпараттандыру және түсіндіру мақсатында аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси үнжариясында тұрғындарды тиісті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі тақырыптарда басылымдар жарияланды. Оның ішінде «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы әртүрлі рұқсат ету құжаттарын алудың үдерістерін түсіндіретін ақпараттық материалдар, e.gov.kz порталы арқылы қызмет көрсетудің әртүрлі түрлерін алу мүмкіндігі туралы ақпараттық модульдер тұрақты түрде жарияланды.

2016 жылы Атырау қаласында өткен «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру» атты біліктілікті арттыру курстарынан 5 мемлекеттік қызметкер өтті.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының аудандық бөлімімен бірлескен түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді талқылау бағытында семинарлар өтті.

Құрманғазы ауданы аумағында ХҚКО-ның 1 бөлімі жұмыс істейді. Сол сияқты әр округ бойынша мобильдік «ХҚКО»-ның шығу кестесіне сай халықтың жинақталуына қамтамасыз етуге жауапты мамандар белгіленді. Аудан аумағында мобильдік «ХҚКО» жұмысын ұйымдастыру үшін 1 автокөлік жұмыс істейді. Мобильдік «ХҚКО» жұмысын жетілдіру мақсатында аудан әкімінің орынбасары жауапты болып тағайындалды.

2016 жылдың I, II тоқсанында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азамматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде – 2; аудандық жер қатынастар бөлімінде – 2; аудандық экономика және қаржы бөлімінде – 1 мерзімі бұзылған қызмет түрі анықталса, ал III, IV тоқсандарда мерзімінен кешіктірілген қызметтер болған жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты бойынша өтінішке мерзімінен кешіктіріп жауап берілгені үшін бөлімнің мамандарына «Ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылып, шарасы алынды.

2016 жылда ауданның атқарушы органдардың ұсынылған қызметке қанағаттанбаған немесе құжаттары дұрыс рәсілделмей, шағымданған тұлғалар болған жоқ.

2016 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу, ішкі бақылау есептік ақпаратындағы деректерді қайта тексерудің жылдық жоспар – кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың мамыр – желтоқсан айларында 7 дербес бөлімдер мен 5 ауылдық округтерде ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

Ішкі тексеріс қорытындысы бойынша ұсынымдар беріліп, бақылау нәтижелері туралы 2 данадан акт толтырылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы №35 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 40 тармағына сәйкес 2017 жылдың жоспар-кестесі бекітіліп, дербес бөлімдер мен ауылдық округі әкімі аппараттарында ішкі бақылау іс-шарасы жұмыстары жүргізілетін болады.


Мақаланың шыққан күні:: 18.01.2017 10:25
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 18.01.2017 10:25