Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтері туралы есебі

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 23 бабының 5 тармағына сәйкес, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округ әкімдері жыл сайын «электрондық үкіметтің» веб-порталында, интернет-ресурстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есепті орналастырулары қажет.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет есебінің қалыптастырылу тәртібі, ұсынылу мерзімдері және үлгі нысаны ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы №193 бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығының қосымшаларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығының қосымшасына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №219 «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығының 1қосымшалары негізінде Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша 2015 жылы 27 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген, оның ішінде 17 мемлекеттік қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетіліп отыр.

Осы 27 мемлекеттік қызмет түрінің 8-і қағаз түрінде, 19 қызмет электрондық түрде және де 22-і ақысыз, 5-сі ақылы негізде көрсетіледі.

2015 жылы жүргізілген талдаулар нәтижесінде 5491 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде, мемлекеттік органдармен 2409 (43,9 %), ал халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 2888 (52,6%) мемлекеттік қызмет көрсетілген болса, 194-і (3,5%) электронды форматта көрсетілген.

2015 жылы төмендегідей мемлекеттік қызмет түрлеріне көп сұраныс болды. Олар:

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру-238, оның 238-і халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілді.

Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу-143, оның 87-і -электрондық форматта, ал 38-і халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 18-і мемлекеттік орган арқылы.

Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою-1221, оның ішінде 1015-і халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 206-ы мемлекеттік орган арқылы.

Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау-810, оның 810-ы халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілген.

Халықты электрондық қызметтерді алу дағдыларына үйрету бағытында бөлім мамандары ауылдық округ мамандарымен бірлескен жұмыстар ұйымдастырды, сонымен қатар дербес бөлім орналасқан ғимараттың ішкі бөлігіне тиісті стандарттар орналастырылған.

Осы бағытта дербес бөлім арқылы көрсетілетін электронды мемлекеттік қызметтер туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралы «Нарын таңы» газетінде мақала жарияланды, сонымен қатар тиісті стандарттар Исатай ауданы әкімдігінің интернет ресурсына орналастырылды.

Былтырғы жылы көрсетілген 1 қызмет мерзімі бұзылуымен көрсетілді. Мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін бұзғаны үшін 1 лауазымды тұлғаға тәртіптік шара қолданылды.

Жалпы мемлекеттік органмен, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша 2015 жылы шағымдар тіркелмеген.

20 сәуір 2016 жыл Аққыстау ауылы


Мақаланың шыққан күні:: 17.06.2016 11:08
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.06.2016 11:08