Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.06.2017

Қызметтер

Мақат ауданы әкімінің «Мақат ауданының 2015 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары туралы» есебін талқылау қорытындылары бойынша түскен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының III тоқсан қорытындысы бойынша орындалысы

Ұсыныстың мазмұны

Орындауға жауапты

Орындалу барысы туралы

  1.  

Мақат-Доссор кенттері аралық автокөлік жолын күрделі жөндеу

Аудандық тұрғын үй, коммуналдық – шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы – М.Қостанбеков

Мақат – Доссор кент аралық 15 шақырым автокөлік жолдарының күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жобалау- сметалық құжаттамалары жасақталды. Мемлекеттік сараптамадан өтті. 2017 жылдың жоспарында тұр.

  1.  

Доссор кентіндегі ішкі көшелерді жарықтандыру

Аудандық тұрғын үй, коммуналдық – шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы – М.Қостанбеков

Доссор кентінің әкімі –Ж.Исмагулов

1.Доссор кентіндегі Х.Исақов және Х.Кусайнов көшелері, Т.Текеев, Ынтымақ және Бірлік шағын аудандары, Б.Айтмагамбетов, Шығыс, Батыс, Зауыт және Ембі бөлімшелері 10,5 шақырым көше жарығына жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Құрылыстың жалпы құны 53 млн. 784 мың теңге. Құрылыс жұмыстары 2017 жылға жоспарлануда.

2. Доссор кентіндегі А.Мантаев, С.Телимгенов, К.Сейтов көшелері жарықтарының құрылысына 4,5 шақырымға жоба жасақталды. Құрылыс жұмыстарына 17 млн 702 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «Ас-Ер-Компаниясы» ЖШС-і, құрылыстың аяқталуы 30 қазан.

Сонымен қатар, мемлекеттік өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 5 шақырымға «Болашақ 1», «Шапағат» ықшам ауданы, 3 ауыл көшелерінің жарықтарына 11 млн. 200 мың теңге қаражат бөлінді. Бұл жұмыстар жыл аяғына дейін аяқталады.

  1.  

Демалыс орындарын салу немесе ескі демалыс орындарын қайтадан жаңғырту

Аудандық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы – Б.Кекілбаева

Мақат кентінің әкімі – Б.Сәрсен

Доссор кентінің әкімі –Ж.Исмагулов

1.Мақат кенті бойынша орталық алаңды қайта жаңғырту жұмыстарына жоба жасақталды, құрылысы 2017 жылға жоспарлануда.

2.Вокзал маңындағы саябақтың құрылыс жұмыстарына жобалау - сметалық құжаттамалары жасақталып, мемлекеттік сараптамадан қорытындысын алуға конкурсқа жарияланды. Сараптама қорытындысы 2016 жылдың 30 қазанында анықталады.

3.Мақат кентіндегі Болашақ ықшам ауданына «Болашақ аллеясы» нысанына жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Бұл жұмыстар 2017 жылдың жоспарында тұр.

  1.  

«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Доссор кентіндегі Шапағат, Болашақ, Ынтымақ, Құрылысшылар, Бірлік, Шығыс ықшам аудандарында жаңадан салынған тұрғын үйлерге су құбырын жүргізу

Аудандық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы – Б.Кекілбаева

Доссор кентінің әкімі –Ж.Исмагулов

2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Доссор кентіндегі Шапағат, Болашақ, Ынтымақ, Құрылысшылар, Бірлік, Энергетика, Шығыс ықшам аудандырын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Доссор кентіндегі кентішілік 15 шақырым су құбыры желілерінің құрылысына және су айдау стансасының құрылысына» жоба жасақталды. Қазіргі таңда ауыз су құбырын жүргізуге 115,0 млн.теңге бөлінді. Мердігер «ЭРА» ЖШС мен келісім -шарт жасақталып құрылыс жұмыстары басталуда

  1.  

Доссор кентіндегі вокзалға перрондар салу

Аудандық тұрғын үй, коммуналдық – шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы – М.Қостанбеков

Доссор кентінің әкімі –Ж.Исмагулов

«Қазақстан Темір Жолы ҰҚ» АҚ-ң «Атырау жол бөлімшесі» филиалына Доссор кентіндегі вокзал перрондарын талаптарға сәйкестендіру үшін алдағы жылдардағы жоспарларына енгізу жөнінде 2016 жылдың 16 ақпанында №09-01-01-02/261 шығыс хат жолданып, ұсыныс берілді.

 


Мақаланың шыққан күні:: 14.10.2016 17:48
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 14.10.2016 17:52