Array Мақат ауданы әкімінің «Мақат ауданының 2015 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары туралы» есебін талқылау қорытындылары бойынша түскен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының II тоқсан қорытындысы бойынша орындалысы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.05.2017

Қызметтер

Мақат ауданы әкімінің «Мақат ауданының 2015 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары туралы» есебін талқылау қорытындылары бойынша түскен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының II тоқсан қорытындысы бойынша орындалысы

07.07.2016

Ұсыныстың мазмұны

Орындауға жауапты

Орындалу барысы туралы

  1.  

Мақат-Доссор кенттері аралық автокөлік жолын күрделі жөндеу

Аудандық тұрғын үй, коммуналдық – шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы – М.Қостанбеков

Мақат – Доссор кент аралық 15 шақырым автокөлік жолдарының күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жобалау- сметалық құжаттамалары жасақталуда. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өтуде.

 

 

  1.  

Доссор кентіндегі ішкі көшелерді жарықтандыру

Аудандық тұрғын үй, коммуналдық – шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы – М.Қостанбеков

Доссор кентінің әкімі –Ж.Исмагулов

Доссор кентіндегі Х.Исақов және Х.Кусайнов көшелері, Т.Текеев, Ынтымақ және Бірлік шағын аудандары, Б.Айтмагамбетов, Шығыс, Батыс, Зауыт және Ембі бөлімшелері көше жарығына жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Жобаға сәйкес құрылыс жұмыстарының жалпы құны 53 млн. 784 мың теңге. А.Мантаев, С.Телимгенов, К.Сейтов көшелері жарықтарының құрылысына 4,5 шақырымға жобалау-сметалық құжаттамалары дайын. Жобаға сәйкес құрылыс жұмыстарының жалпы құны 25 млн 837 мың теңге. Қазіргі таңда конкурс өткізіп беруге облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына хат жолданды.

Сонымен қатар, өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 5 шақырымға «Болашақ 1», «Шапағат» ықшам ауданы, 3 ауыл көше жарықтарына 11 млн. 200 мың теңге қаражат бөлінді.

  1.  

Демалыс орындарын салу немесе ескі демалыс орындарын қайтадан жаңғырту

Аудандық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы – Б.Кекілбаева

Мақат кентінің әкімі – Б.Сәрсен

Доссор кентінің әкімі –Ж.Исмагулов

Мақат кенті бойынша орталық алаңды қайта жаңғырту жұмыстары бойынша жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталып, мемлекеттік сараптамадан қорытындысын алуға конкурсқа жарияланды. Вокзал маңындағы саябақтың құрылыс жұмыстарына жобалау - сметалық құжаттамалары жасақталып, мемлекеттік сараптамадан қорытындысын алуға конкурсқа жарияланды. Аталған жұмыстарының сараптама қорытындылары шілде айында анықталады.

  1.  

«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Доссор кентіндегі Шапағат, Болашақ, Ынтымақ, Құрылысшылар, Бірлік, Шығыс ықшам аудандарында жаңадан салынған тұрғын үйлерге су құбырын жүргізу

Аудандық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы – Б.Кекілбаева

Доссор кентінің әкімі –Ж.Исмагулов

2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Доссор кентіндегі Шапағат, Болашақ, Ынтымақ, Құрылысшылар, Бірлік, Энергетика, Шығыс ықшам аудандырын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Доссор кентіндегі кентішілік 15 шақырым су құбыры желілерінің құрылысына және су айдау стансасының құрылысына» жоба жасақталды. Құрылыс жалпы құны - 294 млн. 771 мың теңге. Оның ішінде тек қана ауыз су құбырын жүргізуге 92 млн.704 мың теңге. Қазіргі таңда халықты ауыз сумен қамту үшін су желісінің құрылысы маңызды болуына байланысты құрылыстың жұмыстарын 1-ші және 2-ші кезеңдерге бөліп, қорытынды жасақтап беру туралы облыстық «Мемлекеттік сараптама» РМК-ға хат жолданды. Ағымдағы жылдың шілде айында мемлекеттік сатып алу конкурсына жариялану жоспарланып отыр.

  1.  

Доссор кентіндегі вокзалға перрондар салу

Аудандық тұрғын үй, коммуналдық – шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы – М.Қостанбеков

Доссор кентінің әкімі –Ж.Исмагулов

«Қазақстан Темір Жолы ҰҚ» АҚ-ң «Атырау жол бөлімшесі» филиалына Доссор кентіндегі вокзал перрондарын талаптарға сәйкестендіру үшін алдағы жылдардағы жоспарларына енгізу жөнінде 2016 жылдың 16 ақпанында №09-01-01-02/261 шығыс санды ұсыныс хат жолданды.


Мақаланың шыққан күні:: 12.08.2016 13:46
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.08.2016 13:46