Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.08.2017

Қызметтер

Мақат ауданы әкімінің «Мақат ауданының 2015 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары туралы» есебін талқылау қорытындылары бойынша түскен ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының I тоқсан қорытындысы бойынша орындалысы

Ұсыныстың мазмұны

Орындауға жауапты

Орындалу барысы туралы

 

Мақат-Доссор кенттері аралық автокөлік жолын күрделі жөндеу

Аудандық тұрғын үй, коммуналдық – шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы – М.Қостанбеков

Мақат Доссор кент аралық 15 шақырым автокөлік жолдарының күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жобалау- сметалық құжаттамалары жасақталуда. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өтуде.

2.

Доссор кентіндегі ішкі көшелерді жарықтандыру

Аудандық тұрғын үй, коммуналдық – шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы – М.Қостанбеков

Доссор кентінің әкімі –Ж.Исмагулов

Доссор кентіндегі Х.Исақов және Х.Кусайнов көшелері, Т.Текеев, Ынтымақ және Бірлік шағын аудандары, Б.Айтмагамбетов, Шығыс, Батыс, Зауыт және Ембі бөлімшелері көше жарығына жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Жобаға сәйкес құрылыс жұмыстарының жалпы құны 53 млн. 784 мың теңге. А.Мантаев, С.Телимгенов, К.Сейтов көшелері жарықтарының құрылысына 4,5 шақырымға жобалау-сметалық құжаттамалары дайын. Жобаға сәйкес құрылыс жұмыстарының жалпы құны 28 млн 083 мың теңге, аталған қаражаттар облыстық бюджеттен сұратылды.

Сонымен қатар, өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 5 шақырымға «Болашақ 1», «Шапағат» ықшам ауданы, 3 ауыл көше жарықтарына 11 млн. 200 мың теңге қаражат бөлінді.

3.

Демалыс орындарын салу немесе ескі демалыс орындарын қайтадан жаңғырту

Аудандық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы – Б.Кекілбаева

Мақат кентінің әкімі Б.Сәрсен

Доссор кентінің әкімі Ж.Исмагулов

Мақат кенті бойынша орталық алаңды, «Жеңіс» саябағын және вокзал маңы алаңын қайта жаңғырту жұмыстарына жобалау - сметалық құжаттамалары жасақталуда.

4.

«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Доссор кентіндегі Шапағат, Болашақ, Ынтымақ, Құрылысшылар, Бірлік, Шығыс ықшам аудандарында жаңадан салынған тұрғын үйлерге су құбырын жүргізу

Аудандық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Кекілбаева

Доссор кентінің әкімі –Ж.Исмагулов

2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Доссор кентіндегі Шапағат, Болашақ, Ынтымақ, Құрылысшылар, Бірлік, Энергетика, Шығыс ықшам аудандырын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Доссор кентіндегі кентішілік 15 шақырым су құбыры желілерінің құрылысына және су айдау стансасының құрылысына» жоба жасақталды. Құрылыс жұмыстарына 294 млн. 771 мыңтеңге қаражат қажет етеді. Осыған байланысты аудан әкімдігімен облыс әкімдігіне қаражат бөлу жөнінде хат жолданды.

5.

Доссор кентіндегі вокзалға перрондар салу

Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Қостанбеков

Доссор кентінің әкімі –Ж.Исмагулов

«Қазақстан Темір Жолы ҰҚ» АҚ-ң «Атырау жол бөлімшесі» филиалына Доссор кентіндегі вокзал перрондарын талаптарға сәйкестендіру үшін алдағы жылдардағы жоспарларына енгізу жөнінде 2016 жылдың 16 ақпанында №09-01-01-02/261 шығыс санды ұсыныс хат жолданды.


Мақаланың шыққан күні:: 17.06.2016 13:09
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.06.2016 13:09