Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.09.2017

Қызметтер

«Мақат кентінің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы уақытта тұрған міндеттері туралы» есебі

2013 жылдың тамызында Мемлекет басшысының «Барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №615 Жарлығы қабылданған болатын. Бұл шара ауыл, кент әкімдерінің сайлауы өткеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың қисынды жалғасы болып табылады. Тұрғындардың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі ролін арттыруға шешімдер қабылдау негізінде олардың қатысуын, мүдделігі мен жауапкершілігін ынталандыруға мүмкіндік береді.

Кешегі өткен 2016 жыл тарихта қалатын ерекше жыл деп білеміз. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Бұл –мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. Сондықтан да, Мәңгілік Ел болуға бекінген мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын еліміздің есепті жылы болды десек, қателеспейміз.

Жаңа басталған жылымызда да біздерді көп жұмыс күтіп тұр.

Кентте күні бүгін 15111 тұрғын бар.

Жалпы кенттің жер аумағы 29 512 га, жайылым 16 956 га, бау-бақша -4 га, жолдар, алаңдар, көшелер-63 га, құрылыс үшін -202 га. басқалай 9401 га.

Біздің кентіміз бойынша 2016 жылы атқарылған жұмыстарды атап өтсек, әр сала бойынша атқарылған жұмыстар халықтың игілігіне жұмсалып, межелі табыстарға жетіп келеміз. Сонымен қатар кентте бірнеше кәсіпорындар орналасқан. Оның ішінде: Мақат желілік-өндірістік басқармасы, Мақат локомотив пайдалану депосы, Мақат жөндеу депосы, энергетика мен коммуналдық қызмет көрсетуші кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, мектептер, ауруханалар, ішкі істер бөлімдері бар. Ол мекемелерде 3000–нан астам жұмысшылар, дәрігерлер, ұстаздар, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері халыққа қызмет етеді.

2016 жыл бойынша: кент әкімінің атына жеке тұлғалардан-212 және заңды тұлғалардан-24 арыз түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан жеке меншік тұрғын үй құрылысын салу үшін-18 жеке кәсіпкерлікпен айналысуға дүкен, автокөліктерге техникалық қызмет орнын ашу үшін-16, қосымша жер бөлуді сұраған -18, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы-21, бір жолғы қаржылай көмек- 15, тазалыққа қатысты көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлесін тазарту туралы-17 және қалғандары әртүрлі бағыттағы арыздар.

Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 48 бабына сәйкес жер учаскелері сауда-саттық(конкурс, аукцион) арқылы берілетіндіктен, Мақат кенті бойынша аукцион арқылы екі жер учаскесі өткізіліп, аталған жерлер 5(бес) жыл мерзімге жалға табысталып, бюджетке 85 680 теңге түсірілді.

Әлеуметтік сала бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталар болсақ, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыға 97 отбасының құжаттары қабылданып, тағайындауға ұсыныс берілді. Кент бойынша тұрмысы төмен отбасыларының карталары жасалып, үнемі бақылауда тұрады. Учаскелік комиссия мүшелері аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларының тұрмыс жағдайын зерделеп, акттері жасақталып, қажеттілігіне қарай қорытындылары бойынша аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне ұсыныстары беріліп отырады. Сонымен қатар, әлеуметтік көмекке мұқтаж 14 отбасыға 212 875 теңге бір жолғы қаржылай көмек көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы «Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына» сәйкес, Мақат кенті әкімі аппаратының үйде әлеуметтік қызмет көрсету саласы бойынша бүгінгі таңда 26 жалғызбасты зейнеткер және 26 мүмкіндігі шектеулі 18 жасқа дейінгі балалар, жалпы саны 52 адам есепте тұр. Оларға 8 әлеуметтік қызметкер, 1 әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші, 3 әлеуметтік қызметкер жалғызбасты зейнеткерлерге және 5 әлеуметтік қызметкер мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетеді, яғни үйде тәрбиелеу, оқыту, еңбекке баулу, сурет салдыру, әріптерді үйрету тағы сол сияқты жұмыстар атқару.

Кент бойынша 460 мүмкіндігі шектеулі адамдар:

оның ішінде 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар - 96,

16-18 жас аралығындағы 7 мүмкіндігі шектеулі балалар бар.

I топтағы - 31;

II топтағы - 132;

III топтағы - 194,

Барлық мүмкіндігі шектеулі жандардың базасы жасақталып, әрбір адамның жеке іс-құжаттары іс қағаздарына тігілген. Ай сайын мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тізімі анықталып, сараптама жасалып тұрады. 460 мүмкіндігі шектеулі жандарға жергілікті бюджеттен 5000 теңге көлемінде бір жолғы қаржылай көмек көрсетілді.

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 20 шілдедегі №754 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қаулысына сәйкес, емделу-сауықтыру орталығына-41 адам жіберіліп және көмекші құрал-таяқпен-29, міндетті гигиеналық құралдармен-23, протездік-ортопедиялық-3 ересек адамдарға, ортопедиялық аяқ киіммен-11балаға, ересек адамға протезге-7, есту құралдармен-8, тифлоқұралдармен-12, кресло-арбамен 10 ересек, 4 мүмкіндігі шектеулі бала қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар көмекке мұқтаж мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әр түрлі шаралар ұйымдастырылып, көмектер көрсетілуде біраз жұмыстар атқарылды. 1 маусым балалар күніне «Жастар ресурстық орталығы» мен «Мақат Жастары қоғамдық бірлестігінің» ұйымдастыруымен 50мүмкіндігі шектеулі балалар алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтар табысталды, қол өнер көрмесі ұйымдастырылды. «НКОК» компаниясының демеушілік көмегімен 2016 жылдың 15 шілдесіне 1,2,3 топ мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасылардан жалпы саны 25 бала Мақат кентінен Көкшетауға «Балдәурен» лагеріне жіберілді. 2016 жылдың 3 наурызында Аудан әкімінің қолдауымен «Барыс» базарының директоры Аманиязов Сұлтанғалидың көмегімен «Демеу» атты әлеуметтік дүкен ашылды. 2016 жылдың 15 наурызында Аудан әкімінің қолдауымен Атырау облысы бойынша «Қызыл Жартай» қоғамынан 550 кг киіммен қайырымдылық көмек көрсетілді. Кентіміздегі мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы, аз қамтылған отбасылар киімдермен қамтамасыз етілді.

Қарттар күніне жалғыз басты зейнеткердің үйіне «Жастар ресурстық орталығы» мен «Мақат Жастары қоғамдық бірлестігінің» ұйымдастыруымен жөндеу жұмысы жүргізілді. Мақат аудандық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қолдауымен, «Мақат Жастары қоғамдық бірлестігінің» ұйымдастыруымен мүгедектер күніне орай «Өміріме өнерім серік болған» атты мүмкіндігі шектеулі жандар арасында қол өнер көрмесі өтті, Мақат кенті бойынша 13 мүмкіндігі шектеулі жандар қатысып бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеке кәсіпкер Накпаев Кадиржан «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» орай мүмкіндігі шектеулі балаларға жалпы құны 250,0 мың теңгеден асатын азық-түлік, ақшалай көмек көрсетті. Аудан әкімінің қолдауымен «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» орай тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық шаралар өтті. Аудан әкімі, кент әкімі, бөлім басшылары, мектеп, балабақша ұжымдары, Локомотив пайдалану депосы ұжымы және жеке кәсіпкерлер 39 отбасыға 28 мекемеден әр отбасына 10,0 мың теңгеден жалпы құны 420,0 мың теңге азық түлік көмек көрсетілді. 29 желтоқсан 2016 жылы Жеке кәсіпкер Куанышев Саламат мүмкіндігі шектеулі 16 жасқа дейінгі 106 балаға жаңа жылдық шырша ұйымдастырды,балаларға сыйлық табыстады. 29 желтоқсан 2016 жылы «Жастар ресурстық орталығы» мен «Мақат Жастары қоғамдық бірлестігінің» ұйымдастыруымен 14-29 жас аралығындағы 30 мүмкіндігі шектеулі жастарға шырша ұйымдастырылып бағалы сыйлықтар табысталды.

Мақат кенті бойынша орталықта жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны – 681 адам. Оның 558 адам әр түрлі мекемелерге тұрақты жұмысқа орналасты. Яғни 76,8 пайызға орындалып отыр.

Мақат кенті бойынша 2016 жылы жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес аспаз, электрик, шаштараз, стропальщик, массажист повар-кондитер, плотник, т.б. мамандықтары бойынша 10 адам оқуға жіберіліп, оның ішінде оқуын аяқтаған 7 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты «инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету».

Бұл бағыт шеңберінде 2016 жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында кенттегі Мақат балалар саз мектебіне–6 адам, №54 бала-бақшасына – 11 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

2016 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты - ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлерді қолдау бағыты бойынша 21 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жіберіліп, сертификаттарын алды. Мақат кенті бойынша 33 адам (мал басын көбейту, шаштараз, сұлулық салон, жылыжай, ағаш өңдеу, тігін шеберханасын, жолаушылар тасымалы, көлік жуу және жөндеу қызметі, фотосалон кеңейту) сияқты жобаларға өтініш білдіріп, соның ішінде 10 адам «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жалпы соммасы 25,0 млн. шағын несие алып, өз істерін бастап кетті. Бағдарлама шеңберінде жаңа жұмыс орындары ашылып - 3 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

«Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасының үшінші бағыты «Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздарға қайта даярлауға және біліктілігін арттыру бойынша, аудандағы 5 жұмыссыз азаматтарды жылу қазан операторы мамандығы бойынша оқуға жіберіліп, оқуды аяқтаған 5 жұмыссыз азамат кенттегі мекемелердің сұранысына сай тұрақты жұмысқа орналастырылды.

2016 жылы Әлеуметтік жұмыс орындарына 1 ақпан айынан бастап 11 мекемемен келісім-шарт жасақталып, 55 адамға әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылды. Оның ішінде 2 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау мақсатында:

Мемлекеттік бағдарлама арқылы кәсіпкерлерді қолдау несие беру жұмыстары күннен-күнге жанданып, 2015 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге өсіп отыр.

Кәсіпкерлер халыққа қызмет көрсету үшін өз қызметтері жандандыруда мақсатында, 2016 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 4 кент тұрғынына несилік берешекті қайта қаржыландыру, жүк көлігін сатып алу, негізгі құралдарды сатып алу, айналымдағы қаражатты толықтыру және «Ару» сауда үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, сауда саттық жұмыстары үшін 60,9 млн.теңге несие берілді.

«Бизнес аймақ» бағдарламасы бойынша 2 тұрғынға 14,193 млн.теңге берілсе, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының грантпен «Сириус» оқу орталығына мүгедек балаларды оқытуға арналған арнайы қондырғылар алуға 1 тұрғынға -3,0 млн. теңге берілді. Жаңа «Алтын кеме» бағдарламасы арқылы бір кәсіпкер 8,5 пайыз есебімен 10 млн.теңге қаражат алып, өз жұмысын жүргізуде. Кентімізде шағын және орта бизнес өкілдеріне мемлекеттік қолдаулар өз жалғасын таба береді.

Білім беру саласы бойынша:

Мақат аудандық білім беру бөліміне қарасты кентте 4 мектеп бар. Оның 3-еуі орта мектеп, 1-еуі бастауыш мектеп. Онда 292 мұғалім бар. Оның 237 педагог қызметкері жоғары білімді, ал 55 педагог қызметкері арнаулы орта білімді. Жоғары санатты -39, бірінші санатты –66, екінші санатты -96, санатсыз – 91 педагог қызметкер. Жоғары және бірінші санатты педагогтар 36 пайызды құрайды. Мектептерде 128 сыныпта 2676 оқушы оқиды. 1сынып саны-15, оқитын оқушы саны-318. 2015-2016 оқу жылында 11 сыныпты 121 оқушы аяқтады. Оның ішінде 77 оқушы ҰБТ-ге қатысып, 45 оқушы шекті деңгейден өте алмады. Яғни 50 баллдан төмен балл жинады. 8 оқушы «2»-лік баға алды.11 сыныпты бітірген оқушылардың ішінен 58 оқушы колледжіге, 56 оқушы жоғарғы оқу орнына түсті.4 мектеп бітіруші әскер қатарында.

Кентімізге қарасты мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметін ұйымдастыруда, оның ішінде мемлекеттік 5 мектепке дейінгі ұйым,1- жекеменшік «Әмина-Әсел» ясли-балабақшасы және мектеп жаныңда 7 шағын орталық бар. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап жекеменшік «Сириус» оқу орталығында 2 шағын орталық ашылып, жұмыс жасауда.

Сол мектепке дейінгі ұйымдарда 741 бала тәрбиеленіп, білім алуда. Ал, 7 шағын орталықта 129 бала, жекеменшік «Сириус» оқу орталығында 35 бала бар.

Мақат кентіндегі мектепке дейінгі ұйымдарында барлығы 109 педагог жұмыс жасауда.Оның ішінде жоғары білімдісі- 43-педагог,оның мектепке дейінгі сала мамандары-24, арнаулы орта білімдісі-66 педагог болса, оның мектепке дейінгі сала мамандары-49 педагог болып тұр. Санаттары бойынша барлығы 109 педагог болса, оның жоғары санатты-6, І санатты-14, ІІ санатты-29, санатсыздар саны- 60 педагогы бар. Санаты бар педагогтардың үлесі 45,0 пайызды құрап отыр. Кент бойынша мектепке дейінгі ұйымдарының кезегінде(0-7 жас аралығында)2016-2017 оқу жылының жылдық есебі бойынша 933 бала тұр. 2016 жылы аудандық білім беру бөлімінің жолдамасымен 597 бала мектепке дейінгі мекемелерге орналастырылды.

2016-2017 жылдың оқу жылына оқушыларды мектепке тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылды, және бастауыш сынып оқушылары толықтай ыстық тамақпен қамтылған.

Балалар өнер мектебінде 10 үйірме бойынша 326 оқушы мамандыққа оқытылуда. 2016 оқу жылы бойынша көптеген конкурстар өтіп, оған кенттің өнер мектебінде тәрбиеленушілері қатысып, жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Атап айтсақ, облыстық «Салт пен дәстүр діннің тірегі» атты жас ақындар мүшайрасында Теміржан Айбат бас жүлдегер атанса, Халықаралық «Ақ сұңқар» кокурс фестивалінде 5 оқушы жүлделі орын алды, Республикалық «Тәуелсіздік- тұғырым» атты сүретшілер байқауында Қабдрахим Асылай бас жүлдемен оралды.

Денсаулық саласы бойынша, кентте тұрғындарға 250 адамды бір кезеңде қабылдайтын 1 емхана, 60 керуеттік стационарлық қызмет көрсетіледі. 30 дәрігер, оның ішінде санаттылығы бар дәрігерлер-8, орта буын медициналық қызметкерлері 185, оның ішінде санаттылығы бар -105 мейірбике .

Есепті кезең қорытындысымен иммунопрофилактика саласы бойынша екпемен басқарылатын жұқпалы аурулар тіркелген жоқ. 2016 жылы 355 сәби дүниеге келіп, ана өліміне жол берілген жоқ, туу көрсеткіші 12,6% өсіп отыр.

2016 жыл қорытыныдысымен жалпы кентте өкпе аурумен ауырып бақылауда тұрған 41 адам.

Бұл көрсеткіш 19,6% -ға кеміп отыр. 2015 жылы 51 адам тіркеуде болған. 1(бір) науқас кезексіз пәтермен қамтылған. 5 науқасты пәтермен қамтамасыз ету үшін, құжаттары жинақталып, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары бөліміне жолданды.

Мәдениет саласы бойынша, кентімізде 1 мәдениет үйі, 5 кітапхана халыққа қызмет көрсетуде. Ән, би, сурет, драма үйірмелерінің саны-8, ұжымдар саны 13.Оған қатысушылар саны Мақат кенті бойынша биге-116, суретке-7, ән үйірмесіне-6, драма үйірмесіне-7, барлығы 136 оқушы қатысады. Бүгінде Сая Жұмашеваның жетекшілігіндегі халық ұлт аспаптар оркестрі 2016 жылы Ақтөбе қаласында өткен «Жұбанов көктемі-2016» халықаралық фестиваліне қатысып, жүлделі 3-орынды иемденді. Мақат өнерпаздары Республикалық, облыстық аудандық өнер байқауларына қатысып, жүлделі орындар алып, жақсы жетістіктерге жетуде. Астана қаласында өткен «Сәлем Астана» фестивалінен ән бойынша Қанат Әкімгерей 1орын, көркемсөз жанры бойынша Алуа Шегір «ГРАН ПРИді», би жанры бойынша «Шаттық» би тобы «ГРАН Приді» жеңіп алды.

Кентте дене шынықтыру және спорт бөлімі бойынша көптеген шаралар өткізіліп, жас спортшыларымыз биіктерден көрінуде.

2016 жыл бойыша 38 спорттық шара бекітіліп, әрбір мерекелік күндерде ұлттық спорт түрлерінен арқан тартыс, кір тасын көтері, ләңгі тебу, білек күшін сынасу өткізіліп келді. Сонымен қатар, еркін күрестен Кеңес Одағының батыры, Атырау облысының Құрметті азаматы М.Баймұхановты және дзюдодан Мақат ауданының Құрметті азаматы, соғыс және еңбек ардагері, Қазақтан Республикасының халық ағарту ісіне еңбегі сіңген ұстаз С.Жанасовты еске алуға арналаған ашық республикалық турнирлер, дзюдодан Құрметті теміржолшы ашық облыстық турнир, «Спорт нашақорлыққа қарсы!», «Есірткісіз- болашақ», «Діни экстремизмге қарсы!» ұрандарымен әр түрлі жарыстар өтті. Жетістіктерге келсек, 2016 жылы Ақтөбе қаласында дзюдодан өткен Қазақстан Республикасы Чемпионатында өнер көрсеткен жерлесіміз Серікболсын Шынтас 1-ші орынды жеңіп алып, чемпион атанды және осы жылы Якутия Республикасында өткен Азия балалары ойындарында 1-ші орын алып, Спорт шеберіне үміткер атағы берілді. Көкшетау қаласында өткен еркін күрестен Халықаралық турнирден 2-ші орын «Күміс медаль» алған жерлесіміз Элдар Айтқалиевпен мақтануымызға болады.

Кенттегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 6 спорт түріне (футбол, бокс, дзюдо, еркін күрес, үстел теннисі, ауыр атлетика) 398 жасөспірім қатысып, шыңдалуда. 2015 жылмен салыстырғанда 25 пайызға өсіп отыр.

Кенттің санитарлық тазалығы бойынша аудан әкімінің 2016 жылғы 18 наурыздағы №45 «Санитарлық тазалық жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және аудан елді мекендерінің санитарлық жәй-күйі мен көріктендірілуі жөнінде екі айлық байқау өткізу туралы» Қаулысы басшылыққа алынып, көктемгі және күзгі санитарлық тазарту жұмыстары ұйымдастырылып, іс-шара жоспары жасалып, 13 сектор бойынша ықшам аудандарды, көшелер мен ауылдарды кент аумағында орналасқан 50-ден аса кәсіпорын–мекемелерге бөлініп, іс-шара жоспары бойынша екі айлық көктемгі және күзгі тазалық барысында әр аптада сенбілік ұйымдастырылып, өздеріне бөлінген участоктері бойынша тазалық жұмыстары жүргізілді.

Тазалық айлығында ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, кент әкімі аппараты мамандарымен рейд ұйымдастырылып, 270 тұрғынға және барлық сауда нүктелеріне үйінің, нысанының айналасын таза ұстау, лас-қоқыстардан тазарту туралы ескертулер жыл бойына таратылса, ҮІ Шақырылған Атырау облыстық Мәслихаты шешімінің «Атырау облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» Қағидасы күшіне енгелі 36 ескерту беріліп, 14 ( он төрт) тұрғынға айыппұл салынып, протокол толтырылды.

Кент көлеміндегі иесіз қордаланған қоқыстарды шығару «Тазалық Көгал» ЖШС-не жүктелді. Жалпы тазалық жұмыстары бойынша 5 (бес) арнаулы техника бар. Сонымен қатар жыл бойына кенттің күнделікті тазалығына 18 (он сегіз) адам (ақылы қоғамдық қызметкерлер) бөлініп, олар күнделікті ұшқан, шашылған қоқыс қалдықтарын жинап, кенттің тазалығын қадағалайды.

Кентте тазалыққа 9 100,0 теңге бөлініп, жалпы көлемі 2600 куб метр қоқыс қалдығы шығарылды. Күні бүгін қолданыста 91 урна, 35 контейнер алаңшасы бар, 235 қоқыс қалдықтарына арналған контейнер болса, 10 қосымша контейнер алаңшасы салынды.

Кентте 23 көше болса, онда 1782 аула мен 72 көпқабатты үйлер бар, оның 27-і «Рүстем» және «Сенім» ПИК-нің қарауында.

Сонымен қатар, көп қабатты үйлерде маусымдық маса улау жұмыстары бойынша 535 мың теңге қаралып, маса улау жұмыстары толықтай жүргізілді. Бұралқы иттерді жоюға 1028,5 мың теңге бөлініп, 600 ит- мысықтарды жою жұмыстары жасалды.

Қысқы кезеңдерде көшелерді қардан тазарту жұмыстарына 587 840 теңге бөлініп, аталған жұмыстар жүргізілуде.

Кентте, орталық көшелерді Жаңа Жылдық безендіру жұмыстары жасалды.

Мақат кенті бойынша «өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 14 400,0 мың теңгеге Ж.Жұмағалиев, 4 бөлімше, Мұнайшы газетінің 60 жылдығы көшесі, Ағайынды Телешевтер көшесі, Ә.Жангелдин көшелері жарықтандырылды.

Халықтың мәдени рухани мұрасын дәстүрлі құндылықтарымызды дәріптейтін, әр түрлі саладағы бағыттарды насихаттап, ақпараттық көрнекілік құралдар ретінде әрбір даталы күндері үшін 1 220 400 теңге бөлініп, күні бүгінге дейін 60 (алпыс) дана әр түрлі тақырыпта банер және 3 837 ,2 мың теңгеге орталық көшелерде 6(алты) бильборд орналастырылып, ілінді.

Коммуналдық-шаруашылық саласы бойынша:

31 дана жол белгілерін орнатуға ЖК «Мәженовпен» келісім-шартқа жасалып, жол белгілерін қондыру жұмыстары жүргізілді.

Коммуналдық меншіктегі 10 дана трансформаторларға техникалық қызмет көрсетілді.

Құрылыс саласы бойынша:

Мақат кенті Береке ықшам ауданы бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін берілген жер учаскелеріне электр және газ желілерінің құрылысын жүргізу мақсатында жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптама қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарына бюджеттен 190 088,0 мың теңге қаржы бөлінді, электр желісінің жалпы ұзындығы- 19 км, газ желісінің ұзындығы- 18,2 км, толықтай тартылды. Мердігер «Атырау Ж.Б.И» ЖШС (директоры Ұ.Сұлтанбеков). Құрылыс жұмыстары аяқталып, қабылданды. Жасалған инфроқұрылым жұмыстарына орай биылғы жылы 154 тұрғынға жер беріледі деп күтілуде. (Кентте жалпы 2009-2016 жылдар аралығында 271 тұрғын жер кезегінде тұр).

«Мақат балалар өне мектебіне» күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба жасақталып, мердігер «Керей-Темп» ЖШС-мен жұмыстары мамыр айында басталып, толықтай жөндеу жасалып, қабылданды. Жобаның жалпы құны – 31 960,0 мың теңге.

№54 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жасалып, толықтай аяқталып, қабылданды. Жалпы құны 46 551,0 мың теңге. Мердігер «АқсайСтройСервис» ЖШС-гі.

Ауыл шаруашылығы жұмыстары бойынша біршама ауқымды жұмыстар атқарылды. Тұрғындар үшін кентте аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімімен бірлесіп, жәрмеңкелер ұйымдастырылып, көкөністер, жеміс-жидектер арзан бағамен сатылды. Күзгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі апта сайын ұйымдастырылып, жәрмеңкеге облыстық бағаны тұрақтандыру қоры мен іргелес алыс-жақын аудандардан 13 шаруа қожалықтар келіп, тиімді бағамен тұрғындарға өнімдерін ұсынуда. Күні бүгінгі мәлімет бойынша 95,5 тонна жуа мен картоп, 6 тонна қарбыз, 3 тонна қауын, 700 кг.баклажан, 500 кг. тәтті бұрыштар және 5 тонна қызанақ сатылды.

Мақат кенті бойынша тұрғындардың мал шаруашылығы үшін 2273 тонна шөп қажет болса, осы мал азығын дайындауда жеке кәсіпкер Б.Умбеталиев 2 мың тонна,«Дербіс» шаруа қожалығы -275 тоннадай шөппен қамтылған.(Күні бүгін шөптің қалдығы 1500т). 2 шаруа қожалығы бар. Мүйізді ірі қара -432 (бас), ұсақ мал- 1139 (бас), жылқы-171 (бас), түйе-181 (бас) және 447 құс бар.

Ішкі істер бөлімінің жұмыстары бойынша: Мақат ауданының ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторлары мен олардың көмекшілер біршама жұмыстар атқаруда. Күнделікті жүргізіліп отырған профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде қылмыс саны біршама азайды.

2016 жыл қорытындысымен барлық қызмет салалары бойынша қылмыс 0,9 % төмендеген. Аса ауыр қылмыс түрі тіркелген жоқ. Орташа ауырлықтағы қылмыстар 9,3%, ауырлығы орташа қылмыстар 35,6% төмендеп отыр. Орын алған қылмыстарды ашу мақсатында бөлімнің тергеу-жедел топтарының оқиға болған жерге уақытылы баруы қамтамасыз етіліп, кешенді жедел- іздестіру шаралары жүрігізіліп отырылады.

Кент әкімі аппаратында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу мақсатында жұмыстар жүргізіледі.

Кентті көріктендіру мақсатында, халықтың игілігі үшін 2017 жылға көптеген жұмыстар жоспарлануда:

Көп қабатты үйлердің алдына 250 дана урна қою;

Қатты қоқыс қалдықтары тастайтын 150 дана контейнер сатып алу;

Контейнер алаңшасын салу -10 дана;

Кент көшелерін жарықтандыру;

Ойын алаңын салу;

Көше жарығына жоба жасақтау;


Мақаланың шыққан күні:: 24.01.2017 10:48
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.01.2017 10:48