Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.11.2017

Қызметтер

Облыс әкімінің «Атырау облысының 2016 жылғы әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары және 2017 жылға арналған міндеттері туралы» есебін талқылау қорытындылары бойынша және қала, аудандар әкімдерінің есеп беру кездесулеріне қатысуы кезінде тұрғындардан түскен ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалысы

 

2017 жылғы ІІІ тоқсан қорытындысымен

 

Сұрақ қоюшы

Мәселенің мазмұны

Орындалысы

Атырау облысы әкімінің есебі

  1.  

Қаренов Елемес -
Атырау қаласының тұрғыны, зейнеткер

Атырау қаласы, Қызылбалық ауылы мешітінің айналасын абаттандыру және мешіт артындағы бос орынды автокөліктер тұрағына беруге ықпал жасау

Мешіт ауласын аббаттандыру жұмыстары жүргізілді. Мешіт жанындағы бос орын автокөлік тұрағына берілді.

  1.  

Маймақова Бибігүл – Атырау қаласы Қарабатан елді мекенінің тұрғыны

Елді мекенде әлеуметтік обьектілердің болмауына байланысты тұрғындарды Атырау қаласына көшіру

Қарабатан елді мекені тұрғындарын көшіру немесе әлеуметтік объектілерін салу мәселелері экономикалық жағынан тиімділігі зерделену үстінде. Осыдан кейін аталған мәселе бойынша шешім қабылданатын болады.

  1.  

Толмақов Әділбай - Атырау қаласының тұрғыны

Атырау қаласында ішкі туризмді, ұлттық спорт түрлерін дамыту

Атырау қаласы бойынша шолу экскусиялар бағдарламалар жасақталып, іске асырылуда.

Атырау қаласының Бесікті ауылдық округі аумағынан 300 орындық балаларға арналған емдеу-сауықтыру кешенін салу жоспарланған. Жобалық сметалық құжаттамасы жасақталуда.

Сонымен қатар, Жайық өзені жағасынан «Ретро-парк» құрылысы салынуда.

Ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында облыста «Ұлттық спорт түрлерінің Атырау облыстық клубы» КМҚК жұмыс жасайды. Осы бағытта шаралар ұйымдастырылуда.

  1.  

Отарбаев Рахымжан - жазушы-драматург, Атырау қаласының тұрғыны

Өңірге, республикаға еңбегі сіңген ұлы тұлғаларға ескерткіш орнату және Атырау-Астрахань тасжолын «Бөкей жолы» деп атау

Қазіргі уақытта әдебиет пен өнер қайраткерлері Ә.Сәрсенбаевқа, Х.Ерғалиевке және Қ.Ахмедияровқа арналған Атырау қаласында орнатылатын ескерткіштердің конкурстық құжаттары әзірленіп, ұсынылған жобалар облыстық комиссияның қарауына ұсынылды.

Атырау-Астрахань тасжолы - республикалық маңыздағы жол, оған ат қою, қайта атау мәселесін шешуге жергілікті атқарушы орган құзырлы емес. Сондай-ақ, ҚР Президентінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасына сәйкес атау қою, қайта атау үдерісінде кісі аттарын беруге мейлінше шектеу қойылған.

  1.  

Сүйіналиева Сандуғаш –
Атырау қаласы,
496 разъезд тұрғыны

№496 разъезд тұрғындарын Атырау қаласына көшіру

№496 разъезд тұрғындарын көшіру мәселесі экономикалық жағынан тиімділігі зерделену үстінде. Осыдан кейін аталған мәселе бойынша шешім қабылданатын болады.

  1.  

Сәрсенов Қайрат - Махамбет ауданы, Махамбет ауылының тұрғыны

Махамбет ауылының Шұғыла ықшам ауданынан жаңа мектеп құрылысын салу

 

Махамбет ауылының Шұғыла шағын ауданынан 600 орындық мектеп және 300 орындық интернат құрылысын салуға жобалау сметалық құжаттарын жасақтау 2018 жылға жоспарланған.

  1.  

Залдан жазбаша түскен сұрақ

Атырау-Индер тасжолының ауыр жүк көліктерінің қозғалысынан бүлінбеуінің алдын алу

Ауыр жүк көліктерінің қозғалысы облыстық көліктік бақылау инспекциясы және жергілікті полиция қызметімен қадағалануда. Құзырлы органдарға тиісті тапсырмалар берілген. Бұл мақсатта бюджет қаражаты есебінен «Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ-іне «Hyundai H-1» маркалы екі автокөлік сатып алынып, құрал-жабдықтармен жарақтандырылды.

  1.  

Атырау қаласы
Водников-2 ауылының тұрғындары

Елді мекенге жол салу, су жүйесінің траншеялары мен құдықтарын ретке келтіру, жарықтандыру, қоқыс жәшіктерін орнату, маршрут автобусын жиі жүргізу, жедел жәрдем көлігінің қатынасын жолға қою

Водников-2 ауылына 15 қоқыс жәшіктері орнатылды. Су құбырларының құрылысы аяқталды. Ауылдың 31 көшесіне жол салу бойынша (1-31 көшеге дейін) жобалау-сметалық құжаттамасын жасақталуда.

Жарықтандыру мәселесі алдағы уақытта жобалық сметалық құжаттамалар жасақталатын нысандар тізіміне енгізілді.

Ауылға қатынайтын №8 Ширина-Водников-Береке» бағытындағы маршруттың санын көбейту жоспарланған. Жедел жәрдем көлігінің қатынасын реттеу бақылауға алынды.

Атырау қаласы әкімінің есебі

  1.  

Нұғманов Ахмедияр – Атырау қаласының тұрғыны, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі

Халық қаһарманы Хиуаз Доспановаға арнап мұражай ашу

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына арналған залында Хиуаз Доспановаға арнайы экспозиция жасақталған. Х.Доспановаға арнап музей ашу мәселесі музей жанындағы ғылыми кеңесте қаралды. Облыста Х.Доспановаға арналған жәдігерлердің жеткілікті болмауына байланысты музей ашу немесе жеке ғимарат салу мәселесін тиімсіз деп есептеліп отыр.

  1.  

Мусин Мұрат –
Атырау қаласының тұрғыны,
Қайыршақты округі ардагерлер Кеңесінің төрағасы

Томарлы ауылынан жаңа мәдениет үйі құрылысын салу

Томарлы ауылынан 400 орындық жаңа мәдениет үйінің құрылысы басталды.

Құрылыс жұмыстарын аяқтау - 2018 жыл.

  1.  

Мусин Мұрат –
Атырау қаласының тұрғыны,
Қайыршақты округі ардагерлер Кеңесінің төрағасы

Талғайран, Бесікті ауылдарынан жаңа балабақшалар құрылыстарын салу

Талғайран, Бесікті ауылдарынан 280 орындық жаңа балабақшалар құрылыстарын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталуда.

 

  1.  

Ақсеріков Есжан-Жұмыскер ауылдық округінің тұрғыны, зейнеткер

Жұмыскер ауылынан жаңа емхана құрылысын салу

«Өркен» шағын ауданында ауысымына 250 келушіге арналған емхананы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салу жоспарланған. Емхана Сарықамыс, Сарықамыс-1, Жұмыскер, Рембаза, Өркен шағын аудандарының тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге есептелген. Қазіргі уақытта емхана құрылысының жобасы бойынша конкурстық рәсімдер жүруде.

  1.  

Атырау қаласының «Нұрсая-3» шағын ауданы тұрғындары

Нұрсая-3 шағын ауданында жүргізіліп жатырған инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымдарды іске қосу

Қазіргі уақытта Нұрсая-3 ықшам ауданында су құбырлары іске қосылған, газ құбырларын іске қосу жұмыстары жалғасуда. Электр желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, қосу-жөндеу жұмыстарын аяқтау 2017 жылдың қазан айына жоспарланған.

  1.  

Пястолов Виктор – Атырау қаласының тұрғыны,
І топ зағип мүгедек

«Тұлпар» лагерінің санитарлық ахуалын тексеру

300 орындық балалар лагері құрылысын салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

  1.  

Тажаяқов Әлжан –Геолог ауылының тұрғыны

 

Ақсай, Геолог, Қайыршақты ауылдық округтері тұрғындары үшін жаңа аурухана құрылысын салу

 

Геолог ауылдық округінің Мирас шағын ауданында ауысымына 100 келушіге арналған жаңа емхана ғимараты 2016 жылы пайдалануға берілді.

Ақсай ауылынан және Қайыршақты ауылдық округінің Жұлдыз шағын ауданынан 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысына ЖСҚ жасақтауға қаржы бөлінді. Тендерлік рәсімдер жүруде.

  1.  

Еркінқала ауылының ардагерлері

Еркінқала ауылынан балалар саз мектебі және спорт кешені құрылыстарын салу

Еркінқала ауылынан жаңа балалар саз мектебінің құрылысын салу үшін жобалау сметалық құжаттамасы жасақталуда.

Спорт кешені құрылысын салу үшін жер телімі бөлініп, жобалық-сметалық құжаттарын жасақтау жұмыстары жүргізілуде.

Жылыой ауданы әкімінің есебі

  1.  

Өмірзақов Жолдыбай - Құлсары қаласының тұрғыны, зейнеткер

Құлсары қаласында жаңадан көп қатарлы тұрғын үйлер құрылысын салу

Құлсары қаласына көп қатарлы тұрғын үй салуға жер телімі бөлінді. 5 қатарлы 12 тұрғын үй құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

  1.  

Өмірзақов Жолдыбай - Құлсары қаласының тұрғыны, зейнеткер

Құлсары қаласы көшелеріне бағдаршам орнату

Құлсары қаласы бойынша бағдаршам орнату үшін жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

  1.  

Садуова Ляззат -
Құлсары қаласының тұрғыны

Құлсары қаласында қалаішілік маршруттардың уақытылы жүруін қадағалау

Құлсары қалаішілік автобустардың маршрут бағыттарын қадағалау мақсатында іс шаралар жоспары жасақталып, жұмыстар атқарылуда. Әр маршруттың уақытылы жүру кестесі бақылауға алынған. Қызмет «Автостоянка-А» ЖШС, «Теңізавтокөлік» ЖШС-мен көрсетілуде.

  1.  

Базарбаев Бүркіт -
Құлсары қаласының тұрғыны,
Жылыой ауданының «Құрметті азаматы»

Құлсары қаласына жаңадан аурухана құрылысын салу

Құлсары қаласынан 75 орындық аурухана салу 2017-2020 жылдарға арналған инвестициялық жобалар тізіміне енгізілді. Дайын жобаны жергілікті жерге байланыстыруға (привязка) қаражат бөлінді.

Индер ауданы әкімінің есебі

  1.  

Көшек Ерсайын – Индер ауданының «Құрметті азаматы», зейнеткер

Махамбет Өтемісұлы мен Мұрат Мөңкеұлына аудан орталығынан ескерткіш орнату

Индербор кентінен ескерткіштерді орнату үшін жер телімдері анықталған. Ескерткіштердің үздік эскиздік жобаларын жасақтау үшін конкурстық рәсімдер жүруде.

  1.  

Құспанова Айгерім-Индербор кентінің тұрғыны, жастар өкілі

Индербор кентіндегі ескі мәдениет үйі ғимаратын жастар сарайы етіп пайдалануға беру

"Индер-Мәдениет" МКҚК теңгеріміндегі "Борат" мәдениет үйінің ғимаратынан жастардың бос уақытын тиімді пайдалану дайындалу және өткізу үшін орын берілді.

  1.  

Тасқарин Талғат –Индербор кентінің тұрғыны, зейнеткер

Қызылқоға ауданы Тайсойған полигоны аумағында орналасқан Бұхар ауылының жерін Индер ауданының аумағына енгізу

Облыстық жер қатынастары басқармасымен Бұқар ауылын Қызылқоға ауданы Қарабау ауылдық округіне қосу туралы ұсыныс берілді. Мәселенің орындалысын Индер ауданының әкімдігі 18.08.2017ж. №05-01-01/1817 және 21.09.2017ж. №05-01-01/2060 хаттарымен бақылаудан түсіруді сұрайды.

  1.  

Аманғалиева Ұлдай – Индер ауданының «Құрметті азаматы», зейнеткер

Индер ауданынан шыққан тұңғыш мәдениет қайраткері Абдулла Мұсағалиевтің атын аудан көлеміндегі мәдениет мекемелерінің біріне беру

ҚР Президентінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасына сәйкес атау қою, қайта атау үдерісінде кісі аттарын беруге мейлінше шектеу қойылған.

 

Исатай ауданы әкімінің есебі

  1.  

Қабделов Самат -
Аққыстау ауылының тұрғыны, «Жайықмұнайгаз» басқармасының кәсіподақ төрағасы

Аққыстау ауылында 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысын салу

Аққыстау ауылында 60 пәтерлік 1 үйдің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, үш 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

  1.  

Қабделов Самат -
Аққыстау ауылының тұрғыны, «Жайықмұнайгаз» басқармасының кәсіподақ төрағасы

Аққыстау ауылының ауылішілік кәріз желісі құрылысын салу

Аққыстау ауылының ауылішілік кәріз желісі құрылысына жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстарына тендерлік рәсімдер жүргізілуде.

  1.  

Рахметов Аманжол –
Аққыстау ауылының тұрғыны, аудандық мәслихат депутаты

Томан елді мекеніне 80 орындық балабақша құрылысын салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау

Томан елді мекенінде 80 орындық балабақшаның құрылысын салу үшін қаржылық-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

  1.  

Рахметов Аманжол – Аққыстау ауылының тұрғыны, аудандық мәслихат депутаты

Исатай елді мекеніне 100 орындық балабақша құрылысын салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау

Балабақша құрылысын салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтауға тендерлік рәсімдер жүруде.

  1.  

Рахметов Аманжол – Аққыстау ауылының тұрғыны, аудандық мәслихат депутаты

Томан елді мекенінің кірме жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу

Томан ауылының кірме жолы мен көше жолдарын жөндеу үшін құрылыс жұмыстарына конкурстық рәсімдер жүруде.

 

  1.  

Әділова Айгүл –
Исатай ауылының тұрғыны,
Исатай орта мектебінің мұғалімі

Аққыстау ауылынан 100 орындық жатақханасы бар 320 орындық кәсіптік колледж құрылысын салу

Аққыстау ауылынан 100 орындық жатақханасымен 320 орындық кәсіптік колледж құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталды. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы жергілікті бюджетті нақтылау кезінде ұсынылады.

  1.  

Әділова Айгүл –
Исатай ауылының тұрғыны,
Исатай орта мектебінің мұғалімі

Исатай орта мектебіне автобус автокөлігін сатып алу

Исатай орта мектебіне арнайы автөкөлік сатылып алынды.

 

  1.  

Қадиров Есмұрат –
Аққыстау ауылының тұрғыны

Аққыстау ауылының ауылішілік жолдарын күрделі жөндеудің екінші кезеңіне белгіленген жоспарды қайта қарау

Аққыстау ауылының 10 шақырымдық ауылішілік жолдарын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Құрманғазы ауданы әкімінің есебі

  1.  

Қанатова Зирагүл –
Жасталап ауылының тұрғыны,
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің директоры

Шортанбай ауылдық округінің Жасталап елді мекенінде орналасқан Ш.Уәлиханов орта мектебінің апатты жағдайда болуына байланысты 80 орындық жаңа мектеп құрылысын салу

Жасталап ауылындағы 80 орындық Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің құрылысына «Каспий Құбыр Консирциумы –Қ» демеушілік қаражаты есебінен құрылысын салуға мердігер мекемемен келісім-шартқа отыру рәсімдері жүргізілуде.

  1.  

Құмар Амантай –
Дәшін ауылының тұрғыны,
Дәшін жанұялық-дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі

Киров ауылдық округі Дәшін ауылына 400 орындық мәдениет үйі құрылысын салу

Жобалау сметалық құжаттамасына түзету жұмыстары жүргізілуде.

  1.  

Юсупова Гүлнәр –
Шортанбай ауылының тұрғыны,
Шортанбай орта мектебінің директоры

 

Шортанбай ауылдық округіндегі Шортанбай және Балықшы елді мекендерін жалғайтын паромның тұрақты қызмет көрсетуін қамтамасыз ету

2014 жылы жаяу жүргіншілерді тасымалдауға арналған өздігінен жүретін паром сатып алынып, Шортанбай ауылдық округінің балансына берілді. Қазіргі уақытта «Каспий Балық» ӨК-не сенімгерлік басқаруға беріліп, көктем, жаз және күз мезгілдерінде жаяу жүргіншілер тасымалын ұйымдастырып отыр. Ал қыс мезгілінде жаяу жүргіншілер мұз үстімен арнайы белгіленген орынмен жүруде.

  1.  

Қабиев Рапих –
Бірлік ауылының тұрғыны,
Бірлік ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы

Бірлік, Көптоғай, Байда, Теңіз ауылдық округтеріне мәдениет үйлерінің құрылыстарын салу

Бірлік, Көптоғай, Байда, Теңіз ауылдық округтеріне мәдениет үйлерінің құрылыстарын салу бойынша жобалау сметалық құжаттамаларын жасақтау жұмыстарына тендерлік рәсімдер жүргізуде.

Қызылқоға ауданы әкімінің есебі

  1.  

Есенғали Асқар - Мұқыр ауылының тұрғыны,
Мұқыр мәдениет үйінің директоры

Тасшағыл, Қарабау, Мұқыр ауылдарынан мәдениет үйлерінің құрылыстарын салу

 

Тасшағыл ауылында 300 орындық мәдениет үйі құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасының байламы жасақталуда. Қарабау ауылындағы 300 орындық мәдениет үйі құрылысының жобалау сметалық құжаттамасына тузету жұмыстары жүруде.

Мұқыр ауылындағы 400 орындық мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары басталды.

  1.  

Тауман Серік -
Қарабау ауылының тұрғыны, Қызылқоға ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы

Миялы – Қарабау тасжолы, Қарабау-Қаракөл-Тасшағыл ауылдарының кірме жолының құрылыс жұмыстарын аяқтау

2013 жылы облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автомобиль жолының 123 шақырымдық Қарабау-Миялы учаскесін қайта жаңарту жұмыстары басталып, ағымдағы жылы да жол-құрылыс жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы Қарабау, Қаракөл, Тасшағыл елді мекендерінің кірме және көше жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған.

  1.  

Дүйсеналиев Төремұрат –
Тасшағыл ауылының тұрғыны,
Тасшағыл орта мектебінің мұғалімі

Көздіғара, Тасшағыл, Жамбыл, Қызылқоға округтеріне талшықты-оптикалық байланыс желісін қосу

Атырау ОТД-мен интернет желісіне жетілімінің жылдамдығын көбейту мақсатында 2017 жылға «Атырау облысының ауылдық елді-мекендердің транспорттық желіні ұлғайту» жобасы жоспарланды, соның ішінде Қызылқоға ауданы бойынша Тасшағыл, Қаракөл, Қарабау, Тайсойған, Қоныстану ауылдарында радио-релейдік желісінің жабдығын қондырылуы және ADSL жабдығын 260 портқа кеңейту жоспарланған.

  1.  

Ахметниязов Халел -Сағыз ауылының тұрғыны,
зейнеткер

Сағыз ауылындағы 328 тұрғын үйді тоқ көзімен қамтамасыз ететін ескірген электр желілерін жаңарту

Электр желілеріне жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Теміржолы» ҰК АҚ қарасты «Атырау электрмен жабдықтау дистанциясы» арқылы 24 электр бағаны, 1 трансформатор қондырылды.

Мақат ауданы әкімінің есебі

  1.  

Тастаев Ғалымжан – Мақат кентінің тұрғыны, зейнеткер

Мақат кентінен автокөлік және жаяу жүргіншілер жолын салу

Жалпы ұзындағы 23 шақырымды құрайтын Мақат кентінің және Бәйгетөбе ауылының көше жолдарын қайта жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда.

  1.  

Шынтасов Ерлан – Мақат кентінің тұрғыны, Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы

Мақат кентінен стадион, жүзу бассейнін, жабық түрдегі хоккей алаңын және типтік жобадағы спорт кешенін салу

Денешынықтыру-сауықтыру кешені және жүзу бассейіні құрылыстарына жобалау-сметалық құжаттамасына тендерлік рәсімдер жүргізілуде.

  1.  

Салиев Мақсот –Доссор кентінің тұрғыны

Доссор кентінде вокзал маңындағы перрондарға күрделі жөндеу жүргізу

Мақат ауданы әкімдігімен 2017 жылдың 10 ақпанында «Қазақстан Темір Жолы» АҚ Атырау филиалына Доссор кентіндегі вокзал маңындағы перронға күрделі жөндеуді жүргізу туралы хат жолданды.

«Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның мәліметіне сәйкес перронға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу 2018-2021 жылдарға жоспарланған.

  1.  

Залдан түскен жазбаша сұрақ

Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебіне «Газель» автокөлігін алып беру

Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебіне арнайы автөкөлік алып беру мәселесін жыл соңына дейін НКОК компаниясының демеушілігімен шешу жоспарланған.

Махамбет ауданы әкімінің есебі

  1.  

Сәменов Нәсіпқали - Махамбет ауылының тұрғыны,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Махамбет ауылының ішкі жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу

 

Махамбет ауылының 17 шақырым ауылішілік жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

  1.  

Сәменов Нәсіпқали - Махамбет ауылының тұрғыны,удандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Аудан орталығына М.Өтемісұлының ескерткішін орнату

Аудан орталығынан М.Өтемісұлының ескерткішін орнату үшін жер телімі бөлініп, мемлекеттік комиссияның қорытындысына сәйкес ескерткішті орнату, құрылыс жұмыстары жүруде.

  1.  

Бекбаева Аққаным - Махамбет ауылының тұрғыны,
Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі

Д.Төленов атындағы мектеп-гимназияға қосымша құрылыс жүргізіп, асхана мен спорт залын салу

Д.Төленов атындағы мектеп-гимназияға қосымша 90 орындық асхана мен спорт залын салуға жобалық сметалық құжаттары жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтуде.


Мақаланың шыққан күні:: 10.04.2017 11:33
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 29.09.2017 12:15