Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.07.2020

Қызметтер

2018 жылдың қорытындысы бойынша Теңіз ауылдық округі әкімі аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасақталды.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес «Теңіз ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы 2 қызмет түрі көрсетіледі.

1) Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;

2) Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру.

Есепті мерзімде округ аппараты арқылы барлығы 67 қызмет көрсетілді.

- Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну – 57 қызмет.

- Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру - 10 қызмет.

16 электронды түрде қалғаны қағаз түрінде және ақысыз негізде көрсетілді. Мерзімінен кешіктіріліп толтырылған қызметтер болған жоқ. Соңымен қатар, округ әкімі аппаратының ғимаратында қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орналатылған.

2018 жылдың қорытындысы қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ.

Ғимаратта қызмет алушылардың назарына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің ақпараттық стенділері орнатылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау, түсіндіру және танымалдандыру мақсатында округте тұрғындармен және округке қарасты мекемелерде жиналыстар, үйретуші бейнероликтер көрсетілді.

Ауылдық округ әкімі аппаратында ашылған «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы 151 тұрғын электрондық цифрлық қолтаңба алса, ал «электрондық үкімет» веб - порталы арқылы 564 қызмет көрсетілді.

Кесте: 

р/с

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің

атауы

Көрсетілген қызмет

саны

1

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою

19

2

Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру

46

3

Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру

438

4

Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру

5

5

Зейнетақы аударымы анықтамасы

27

6

Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілеттік туралы анықтама

15

7

Архивтік анықтама беру

2

8

Балабақшаға кезекке қою

5

9

Жеке тұлғаның жылжымайтын мүліктің   жоқтығы (барлығы)

5

10

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама

2

Барлығы

564

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілері, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 20.02.2019 17:30

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.02.2019 17:30

Қаралым саны: 785