Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.07.2020

Қызметтер

2019 жылдың қорытындысы бойынша Сүйіндік ауылдық округі әкімі аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

Мемлекеттік қызмет алушыларға  округ әкімі аппаратының ғимаратында   көрінетін жерде мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы стандарты мен регламенті  көрсетілген стенд,қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орнатылған.

Тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Электрондық Үкімет»  веб-порталы арқылы  жұмыс жасауды түсіндіру жүйелі түрде жүргізіледі. Жыл басынан бері тұрғындарға «электронды үкімет» веб-порталымен қызмет алу тәртібі,  электронды қызметтің  мақсаты мен халық үшін тиімділігі, электронды цифрлы қолтаңба алу, онымен жұмыс жасауды түсіндіру, халықты осы бағдарлама бойынша компьютерлік дағдыландыру мақсатында  халық көп шоғырланған жерлерде  семинар-тренингтер, округке қарасты мекемелерде 4 рет  жиналыстар өткізіліп, оған 87 адам қатысты.

Тұрғындар электронды цифрлы қолтаңбамен (ЭЦҚ)  қамтылып, керекті мемлекеттік қызметті ЭЦҚ арқылы алуға дағдыланды. Электронды санды қолтаңбамен көбіне сенім хат арқылы және мобильді топқа өтінім беру арқылы қамтылады және пайдалану мерзімі бітуге жақындаған ЭЦҚ-ны дер кезінде ұзарту жұмыстары да үнемі қадағаланып отырады. Өңірде интернет желісі орнатылмағандықтан  қажетті  мемлекеттік қызметті ЭЦҚ арқылы округ әкімшілігінен алады. Ол үшін арнайы компьютер мен принтер бөлініп, арнайы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жасақталған.Сонымен қатар округтегі барлық білім беру ұйымдары мен денсаулық сақтау ұйымдарында да өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылып, жұмыс жасап тұр.

2020 жыл бойы   электронды түрде 504 анықтама берілді.Көрсетілген қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілері, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсетусапасына шағымдар түскен жоқ.

 

 

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің атауы

Көрсетілген қызмет саны

1

Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама

60

2

Мекен жай анықтамасы

175

3

Зейнетақы қоры жөнінде

51

4

Соттылығы болуы не болмауы жөнінде

22

5

Жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ екендігі жөнінде

37

6

Баланы балабақшаға кезегіне тіркеу

17

7

Балабақша кезегін қарау

7

8

Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру

35

9

Мекен жай бойынша тіркелген адамдар туралы анықтама

20

10

Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру

37

11

Наркологиялық ұйымнан анықтама беру

35

12

АХАЖ-бөліміне некеге отыруға өтініш беру

4

13

Тіркелген заңды тұлға, филиалдық немесе өкілдік туралы анықтама

 

4

 

Барлығы

504

Мекеменің мекен жайы: Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылы Ардагерлер көшесі 7А, электрондық пошта Suiindik_ayyldyq_okrygi@mail.ru

Телефон: 87125951153, 87125951177


Мақаланың шыққан күні: 27.01.2020 18:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.01.2020 18:55

Қаралым саны: 203