Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

2018 жылдың қорытындысы бойынша Сүйіндік ауылдық округі әкімі аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебі

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес «Сүйіндік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы 1 қызмет түрі көрсетіледі: «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы» анықтама беру. 2018 жыл бойы қағаз түрінде 39 анықтама берілді.

Округ әкімі аппаратының ғимаратында қызмет алушыларға көрінетін жерде мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы стандарты мен регламенті көрсетілген стенд,қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орнатылған.

Тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызмет«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Электрондық Үкімет» веб-порталы арқылы жұмыс жасауды түсіндіру жүйелі түрде жүргізілді. Жыл басынан бері тұрғындарға «электронды үкімет» веб-порталымен қызмет алу тәртібі, электронды қызметтің мақсаты мен халық үшін тиімділігі, электронды цифрлы қолтаңба алу, онымен жұмыс жасауды түсіндіру, халықты осы бағдарлама бойынша компьютерлік дағдыландыру бойынша бірнеше рет хабарландырулар ілініп, халық көп шоғырланған жерлерде жәрмеңке, семинар-тренингтер, округке қарасты мекемелерде бірнеше рет жиналыстар өткізілді. Интерактивті тақта арқылы бейне-роликтер көрсетіліп, WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы жергілікті тұрғындарға ұсынылды.

Тұрғындарэлектронды цифрлы қолтаңбамен (ЭСҚ) қамтылып, керекті мемлекеттік қызметті ЭСҚ арқылы алуға дағдыланды. Электронды санды қолтаңбамен көбіне сенім хат арқылы және мобильді топқа өтінім беру арқылы қамтылады. Өңірде интернет желісі орнатылмағандықтан қажетті мемлекеттік қызметті ЭСҚ арқылы округ әкімшілігінен алады. Ол үшін арнайы компьютер мен принтер бөлініп, арнайы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жасақталған.

2018 жыл бойы электронды түрде 813 анықтама берілді.Көрсетілген қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілері, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсетусапасына шағымдар түскен жоқ.

 

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің атауы

Көрсетілген қызмет саны

1

Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама

344

2

Мекен жай анықтамасы

257

3

Зейнетақы қоры жөнінде

117

4

Соттылығы болуы не болмауы жөнінде

15

5

Жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ екендігі жөнінде

20

6

Баланы балабақшаға кезегіне тіркеу

21

7

Балабақша кезегін қарау

3

8

Балабақшаға жолдама алу

21

9

Мемлекеттік кірістер органына берешегі жоқ екендігі жөнінде

12

10

Психологиялық диспансер есебінде бар немесе жоқ екендігі жөнінде анықтама

1

11

Наркологиялық есепте бар немесе жоқ екендігі жөнінде анықтама

1

12

Туберкулез диспансер есебінде бар немесе жоқ екендігі жөнінде анықтама

1

 

Барлығы

813

Сүйіндік ауылдық округі әкімінің м.а: Қ. Құлшар


Мақаланың шыққан күні: 20.02.2019 17:30

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.02.2019 17:30

Қаралым саны: 736