Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.04.2020

Қызметтер

2019 жылдың қорытындысы бойынша Сафон ауылдық округ әкімінің аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар  қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен  ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасақталды.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес  «Сафон ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы 1 қызмет түрі көрсетіледі.

1)  Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;

Есепті мерзімде округ аппараты арқылы барлығы  9  қызмет көрсетілді.

- Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну – 9 қызмет.

Барлығы қағаз түрінде және ақысыз негізде көрсетілді. Мерзімінен кешіктіріліп толтырылған қызметтер болған жоқ. Соңымен қатар, округ әкімінің аппараты ғимаратында  қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орналатылған.

2019 жылдың  қорытындысы қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ.

Ғимаратта қызмет алушылардың назарына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің ақпараттық стенділері орнатылған. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау, түсіндіру және танымалдандыру мақсатында округте тұрғындармен және округке қарасты мекемелерде жиналыстар, үйретуші бейнероликтер көрсетілді  және   мемлекеттік қызметтер алу жөнінде   округтің «Facebook»   әлеуметтік парақшасында  бейнеролик орналастырылды.

Сонымен бірге, электрондық қызметке қол жеткізу мақсатында Сафон ауылдық округ әкімінің аппаратында өзіне-өзі қызмет бұрышы ашылып, соңғы үлгідегі компьютер, принтермен қамтамасыз етілді.                                          2019 жылдың ішінде   ауылдық округ тұрғындары 264 электрондық цифрлық қолтаңба алды, оның ішінде  2020 жылдан бастап «Әлеуметтік қызметтер порталы» қосылуына байланысты округтің  есебінде тұрған 61  мүмкіндігі шектеулі жандар өзідеріне тиісті қызметтерін алуға электрондық цифрлфқ қолтаңбаларын алды. Сонымен қатар  «электрондық  үкімет» веб - порталы арқылы 502 қызмет, 12 түрі бойынша көрсетілді.

Кесте:

р/с

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің

атауы

Көрсетілген қызмет

саны

1

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою

2

2

Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру

22

3

Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру

341

4

Зейнетақы  қоры туралы аңықтама

45

5

Мекен-жай  бойынша тіркелген адамдар туралы  мекенжай  аңықтамасы

3

6

Наркологиялық  диспансерлік  аңықтама

35

7

Психологиялық диспансерлік  аңықтама

33

8

Заңды  тұлғаны мемлекетік қайта тіркеу туралы аңықтама

3

9

Балабақшаға   жолдама   алуға

1

10

 Жылжымайтын  мүліктің жоқтығы/ барлығы/ туралы аңықтама

12

11

 Туберкулезге қарсы ұйымда есепте тұрмауы  туралы аңықтама

3

12

АӘК  алушыларға өтініш берушінің/отбасылық/ тиесілігін растайтын аңықтама

2

Барлығы

502

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілерін,   қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар  түскен жоқ.

Округ  әкімі: Р.Камзаева


Мақаланың шыққан күні: 05.02.2020 18:18

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.02.2020 18:18

Қаралым саны: 61