Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.04.2020

Қызметтер

2018 жылдың қорытындысы бойынша Асан ауылдық округі әкімі аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар  қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен  ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасақталды.

         ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес  «Асан ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы 1 қызмет түрі көрсетіледі.

1)   Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру.

         Есепті мерзімде округ аппараты арқылы барлығы 13 қызмет көрсетілді.

         - Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру  - 13 қызмет.

         Барлығы қағаз түрінде және ақысыз негізде көрсетілді. Мерзімінен кешіктіріліп толтырылған қызметтер болған жоқ. Соңымен қатар, округ әкімі аппаратының ғимаратында қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орналатылған.

         2018 жылдың  қорытындысы қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ.

         Ғимаратта қызмет алушылардың назарына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің ақпараттық стенділері орнатылған. 

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау, түсіндіру және танымалдандыру мақсатында округте тұрғындармен және округке қарасты мекемелерде жиналыстар, үйретуші бейнероликтер көрсетілді. 

         Күні бүгін ауылдық округ әкімі аппаратында ашылған «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы 262 тұрғын электрондық цифрлық қолтаңба алса,  ал «электрондық  үкімет» веб - порталы арқылы 246 қызмет көрсетілді.

Кесте:

р/с

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің

атауы

Көрсетілген қызмет

саны

1

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою

6

2

Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру

20

3

Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру

143

4

Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру

13

5

Зейнетақы аударымы анықтамасы

3

6

Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілеттік туралы анықтама

-

7

Зейнетақы қоры анықтамасы

61

8

Архивтік анықтама беру

-

9

Балабақшаға жолдама алу

-

10

Балабақша кезегін қарау

-

11

Дербес несие есебін алу анықтамасы

-

12

Мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу

-

13

ҚР Ұлттық куәландыру орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтарып алу

-

Барлығы

24

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілері,   қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар  түскен жоқ.

 

Құрманғазы ауданы  Асан

ауылдық округі әкімі:                                          Г.Кабдражитова


Мақаланың шыққан күні: 14.02.2019 10:46

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.02.2019 10:46

Қаралым саны: 503