Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

2019 жылдың қорытындысы бойынша Орлы ауылдық округі әкімі аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасақталды.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес «Орлы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы 1 қызмет түрі көрсетіледі.

1) Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;

- Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну – 118 қызмет.

118 өтініш электронды түрде және ақысыз негізде көрсетілді. Мерзімінен кешіктіріліп толтырылған қызметтер болған жоқ.

2019 жылдың қорытындысы қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ.

Ғимаратта қызмет алушылардың назарына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің ақпараттық стенділері орнатылған.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау, түсіндіру және танымалдандыру мақсатында округте тұрғындармен және округке қарасты мекемелерде жиналыстар, үйретуші бейнероликтер көрсетілді.

Ауылдық округ әкімі аппаратында ашылған «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы 113 тұрғын электрондық цифрлық қолтаңба алса, ал «электрондық үкімет» веб - порталы арқылы 207 қызмет көрсетілді.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілері, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 11.02.2020 18:13

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.02.2020 18:13

Қаралым саны: 197