Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

2017 жылдың қорытындысы бойынша Сафон ауылдық округі әкімі аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сафон ауылдық округі әкімінің аппараты » мемлекеттік мекемесі

Сафон ауылы, Азаттық көшесі 35 , тел: 8(71233) 3-34-80.

 

 

2017 жылдың қорытындысы бойынша Сафон ауылдық округі әкімі аппаратында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

          Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің        2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 «Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасақталды.

         ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес «Сафон ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы 2 қызмет түрі көрсетіледі.

1) Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;

2) Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру.

         Есепті мерзімде округ аппараты арқылы барлығы 168 қызмет көрсетілді.

- Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну – 8 қызмет.

- Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру - 160 қызмет.

         Барлығы қағаз түрінде және ақысыз негізде көрсетілді. Мерзімінен кешіктіріліп толтырылған қызметтер болған жоқ. Соңымен қатар, округ әкімі аппаратының ғимаратында қызмет алушылардың шағымдары мен пікірлеріне арналған жәшік орналатылған.

         2017 жылдың қорытындысы қызмет алушылар тарапынан шағымдар мен арыздар түскен жоқ.

         Ғимаратта қызмет алушылардың назарына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат алу үшін мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің ақпараттық стенділері орнатылған.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау, түсіндіру және танымалдандыру мақсатында округте тұрғындармен және округке қарасты мекемелерде жиналыстар, үйретуші бейнероликтер көрсетілді.

         Соңымен бірге, электрондық қызметке қол жеткізу мақсатында Сафон ауылдық округі әкімі аппаратында өзіне-өзі қызмет бұрышы ашылып, соңғы үлгідегі компьютер, принтермен қамтамасыз етілді.     Күні бүгін ауылдық округ тұрғындары 68 электрондық цифрлық қолтаңба алса, ал «электрондық үкімет» веб - порталы арқылы 125 қызмет көрсетілді.

        

Кесте:       

р/с

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің

атауы

Көрсетілген қызмет

саны

1

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою

3

2

Сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама беру

2

3

Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру

115

4

Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру

1

5

Зейнетақы аударымы анықтамасы

3

6

Тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілеттік туралы анықтама

1

Барлығы

125

          Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының бұзылуы фактілерін,   қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, оның көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

 

Округ әкімі:                                                                                     Р.Камзаева

 


Мақаланың шыққан күні: 05.03.2018 22:34

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.03.2018 22:34

Қаралым саны: 880