Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру мен өткізу ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы мен Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымында №120 қаулысымен бекітілген жұмыстар мен қызметтердің тізімі

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру мен өткізу ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы мен Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымында №120 қаулысымен бекітілген жұмыстар мен қызметтердің тізімі негізінде жүзеге асырылады:

  • жұмыстардың құндық мәндегі көлемі тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асқанда бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жаңа құрылыстарды, ғимараттарды, инженерлік және көліктік коммуникацияларды құру (салу) не қолданыстағыларды реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу, аумақтарды абаттандыру;
  • жұмыстардың құндық мәндегі көлемі тиісті қаржы жылына белгіленген айлық көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асқанда жоба алды және (немесе) жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу;
  • қызметтердің құндық мәндегі көлемі тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асқанда сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік қызметтер (техникалық қадағалау).

 


Мақаланың шыққан күні: 27.02.2018 05:42

Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.07.2018 09:20

Қаралым саны: 1262