Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.08.2020

Қызметтер

Оспанова Нұрсұлу Идеятовна

Оспанова Нурсулу ИдеятовнаОспанова Нурсулу Идеятовна, 1967 жылы 19 сәуірде Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Бұрынғы М.Горький атындағы орта мектепті бітіріп (қазір Ж.Мырзағалиев), 1984 жылы бұрынғы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтына оқуға түсіп, 1989 жылы тау – кен инженері мамандығын алып шықты.

2012-2014 жылдары Атырау мұнай және газ институтының "Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау" мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесін алып шықты.

1989 – 1993 жылдар аралығында КазНИПИнефть жобалау институтында, облыстық экономикалық комитетінде қызмет етіп, 1993 жылы “Ембімұнайгаз”АҚ-на қарасты “Жайықмұнайгаз” мұнай-газ өндіру басқармасына “Жаңаталап” кен орнына мұнай өндіру операторлығына қабылданды. Алғашқы күннен бастап берілген тапсырмаларды дер кезінде тиянақты орындап, іскерлік қасиетімен ерекшеленді. Өз ісіне деген жауапкершілігін, кәсіби біліктілігін ескере отырып, басқарма басшылығы 1994-1997, 2008-2016 жылдар аралығында Оңтүстік Батыс Қамысты, Жаңаталап және Забурын кен орындарында геолог қызметіне тағайындады. Осы аталған қызметі кезінде кәсіби біліктілігімен қоса ұйымдастырушылық қасиеті, өндірістік жағдайда өздігінен тез дұрыс шешім қабылдай алатындығын көрсете білді.

Ал, 1997-2008 жылдар аралығындағы өндірістік - техникалық бөліміндегі инженерлік қызметі кәсіби шеберлігін шыңдауға, басқармадағы жалпы өндірістік жағдайды толық меңгеруіне септігін тигізді.

2016 жылдан күні бүгінге басқарма аппараты геология және мұнайгаз кен орындарын игеру бөлімі бастығының орынбасары лауазымын атқарып келеді.

Өзінің кәсіптік деңгейін үнемі жетілдіріп отырады. Соңғы жылдардағы кәсіби жетілдіру семинарлары: 2015 жылы "Геофизикалық зерттеу жұмыстарын талдау" (Интерпретация данных ГИС); 2016 жылы Модульдік программа "Мұнай және газ кен орындарын барлау және игеру" (Модульная программа "Разведка и разработка месторождений нефтии газа" ; 2019 жылы "Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылаудың шет елдік технологиялары" ("Зарубежные технологии бурения нефтяных и газовых скважин") және т.б.

Қол жеткізген нақты нәтижелері үшін  бірнеше рет "Ембімұнайгаз" АҚ-ның мақтау қағазымен марапатталған.

Үлкенге ізет, кішіге қамқор қасиетімен ұжым арасында беделге ие жан. Мінезі ашық, талапшыл, басқарма ұжымында беделді.

Отбасылы. Ұл тәрбиелеп отыр.

 


Мақаланың шыққан күні: 05.07.2019 15:04

Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.08.2019 14:14

Қаралым саны: 3254