Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
16.08.2017

Қызметтер

Атырау облысы білім саласының негізгі көрсеткіштері

Мектепке дейінгі білім беру

2017 жылдың жартыжылдығында жаңартылған білім беру мазмұнымен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі 86,6% -ды құрайды.

2016 және 2017 жылдың жартыжылдығы кезеңінде Есепті кезеңде мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын қысқарту желіні арттыру есебінен мүмкін болды:

- 6 бірлік балабақша құрылысы демеушілер есебінен;

- 13 бірлік жекеменшік мектепке дейінгі ұйым (5 балабақша, 8 дамытушы шағын орталық);

- 1 бірлік балабақша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жолымен;

- 1 бірлік балабақша өзге мақсаттағы ғимаратты жөндеу арқылы.

Облыс бойынша 136 мектепке дейінгі ұйымға 14073 балаға (оның ішінде: 14 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымға 761 балаға) мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде Атырау қаласында 3 жекеменшік балабақша ашылса, Жылыой ауданы Құлсары қаласында жеке кәсіпкер М.Мерғалиев 165 орындық балабақша салып, Құлсары қаласы әкімдігіне табыс етті.

Аталған шаралар 1-6 жас балаларды қамтуды 61,1%-ға (2015ж. - 54,5%). 2016ж. - 56,9%), 3-6 жастағы балаларды қамтуды 86,6%-ға жеткізуге (2015ж. -82,6%, 2016ж.-85,1%) мүмкіндік берді.

2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап облыстың барлық тәрбие-білім беру үрдісі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген, 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен өзгеріс енгізілген) негізінде жүзеге асуда.

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары «Өрлеу» біліктілікті арттыру институты және республикалық институт арқылы ұйымдастырылады. Есепті мерзім ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың 671 қызметкері курстан өтті. Бұл барлық педагогтардың 20,1%-ын құрайды. Олардың 410-ы (61,1%) тәрбиешілер болса, 96-сы (14,3%) өзге педагог мамандар, 82-і (12,2%) меңгерушілер, 83-і (12,4%) – әдіскерлер.


Орта білім беру жүйесі

Облыста білім беру қызметін 192 мемлекеттік жалпы орта білім беретін мектеп жүзеге асырды,  оқушы контингенті-109392. Сонымен қатар 209 оқушы білім алатын 1 кешкі (ауысымды) мектеп, облыс орталығында 284 оқушы қамтылған 2 жеке мектеп («Тағылым» және «Сенім» элитарлық мектеп-балабақша кешені) қызмет жасайды. 192 мектептің 135 ( 70,3 %) ауыл мектебі,  33 ( 17,1 %) шағын жинақталған мектептер, онда 1693 оқушы (1,5 %) білім алады.

Өткен оқу жылында оқушы контингенті 103917 оқушыны құрады, қазір оқушы саны 5 мыңға дейін артты (109392 оқушы).

Облыс мектептері 100%-ға компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген. Бір компьютерге шаққанда 7 баладан келеді.

Интернетке облыста 188 мектеп (97,9%), оның ішінде 164-і (88%) мектеп кеңжолақты интернетке қосылған.

2016 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №536 бұйрығына сәйкес Атырау облысы бойынша 134 мектеп «Білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электрондық журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасына қосылды.

Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде 2017 жылы  облыс бойынша мектеп түлектерінің орта балы –71,9 балды құрады. Жалпы орта білім туралы 97 түлек «Алтын белгіге» және 59 түлек «Үздік аттестатқа» ие болды.

Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогтердің біліктілігін арттыру курстарынан 2244 мұғалім курстан өтті. Үш тілде білім беруді енгізу бойынша жаратылыстану пәндерінің (физика, химия, биология, информатика) 174 мұғалімі курстан өтті.

 

Облыста апатты және үш аусымда оқыту мәселелері шешілуде.

Бүгінгі күні облыста апаттық мектептер саны – 6. Қазіргі уақытта бұл мектептердің (Атырау қаласы Ақжайық селосындағы 120 орындық Отаралиев атындағы орта мектеп; Индер ауданы Құрылыс селосындағы 100 орындық орта мектеп; Индер ауданы Аққала селосындағы 120 орындық орта мектеп; махамбет ауданы Береке селосындағы 250 орындық орта мектеп, Құрманғазы ауданы Жалғызапан селосындағы 80 орындық және Индер ауданы Ынтымақ селосындағы 120 орындық Гребенщик орта мектебіне) құрылыстары жүруде.

 

Проблемалық мәселелер

Атырау қаласындағы 9 мектептің 3 ауысымға көшуі қаупі байқалуда. Осыған байланысты 9 мектептің орнына ( Атырау қаласының №32, Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия, №34, №22, №15, №16, №24, №30, №3) Атырау қаласынан типтік жобадағы 9 мектеп құрылысын салу жоспарлануда. Атырау облысының әкімдігімен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне аталған 9 мектептің құрылысының қажеттілігі жөнінде хат жолданды (28.03.2017ж №01-04-2/2493).

 

Мектеп оқушыларын қосымша біліммен қамту

2015-2016 оқу жылында облыста оқушыларды қосымша білім берумен (қосымша білім беру ұйымдары, жазғы демалыс

лагерлері, мектеп жанындағы қызығушылына қарай үйірмелерге) қамту 44,8 %, 2016-2017 оқу жылында қамту 52,01 % құрады.

 

Инклюзивті және арнайы білім беру

2016-2017 оқу жылында 5945 даму мүмкіндігі шектелген бала анықталды.

Мектеп жасына дейінгі 2188 баланың 1443-і (66,0 %), мектеп жасындағы 3757 баланың 3382-сі (90,0 %), біліммен қамтылған.

Инклюзивтік білім беруге жағдай жасалған 115 мектепте 697 бала қамтылған.

Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру

2015-2016 жылында облыс бойынша жалпы білім беретін 180 мектепте 1-11 сыныптың 106573 оқушысы (99,6 %), аз қамтылған отбасы балалары 100 % ыстық тамақпен қамтылған.


2016-2017 жылында облыс бойынша жалпы білім беретін 180 мектепте 1-11 сыныптың 106 309 оқушысы (99,3 %), аз қамтылған отбасы балалары 100 % ыстық тамақпен қамтылған.

 

Техникалық және кәсіптік білім беру

2016 жылы облыста барлығы 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (17 мемлекеттік, бір ведомстволық және 7 мемлекеттік емес колледждер) жұмыс жасады. Аталған оқу орындарында 18 022 студент 71 мамандық, 138 біліктілік бойынша оқыды.

Құрылыс, мұнай және газ, химия, байланыс салаларына арналған мамандар даярлауда облыстың алғы қатарындағы 15 колледжде дуалдық оқыту элементтері енгізілді.

Дуалдық жүйемен 23 мамандық бойынша мамандар даярланды. Осыған байланысты 48 кәсіпорын мен келісім-шарт жасақталып, жұмыс істеді.

Облыс бойынша 3 мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары аккредитациядан өтті.

2016 жылы 9 оқу орнына пандустар салу үшін жергілікті бюджеттен 8,2 млн.теңге қаражат қаралды.

Оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан және еңбекпен қамтылған ТжКБ оқу орындары түлектерінің үлесі - 70,0 пайызды құрады.

2017 жылдың І жартыжылдығында 25 техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында  17402 студент, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде - 7486 (41%) адам білім алды. Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында  оқитын 14-24 жас аралығындағылардың саны – 15556. Облыс бойынша осы жастағылардың саны- 96058.

2017 жылы Атырау қаласында орналасқан колледж оқушыларын жатақханалармен қамтамасыз ету үшін 1 колледжге жатақхана құрылысы жүргізілуде (муз колледж), 5 колледжге жатақхана салу жоспарлануда. Жобалық-сметалық құжаттары дайын.

Облыс бойынша дуалдық оқыту жүйесінің элементтері 15 оқу орнында енгізілген.

Аталған жүйемен 979 студент 23 мамандық бойынша 84 кәсіпорынның қатысуымен білім алды.

 


 

2016 жылдың 1 қазанындағы есептілік мәлімет бойынша

Мектепке дейінгі білім беру

Мектепке дейінгі ұйым (МДҰ) желісі:

- 164 балабақша: мемлекеттік балабақша – 134, жекеменшік балабақша – 30

- 139 шағын орталық, оның ішінде 7 - жекеменшік

Балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамту:

- 1-6 жас аралығында – 56,9%

- 3-6 жас аралығында – 85,1%

 

Жалпы орта білім беру

Барлығы - 194 мектеп, оның ішінде мемлекеттік - 192, жекеменшік - 2

Оқушы құрамы – 109 721 бала: мемлекеттік мектепте - 109392, жекеменшік мектепте - 329

Облыс мектептеріндегі педагог саны – 10 369 адам: жоғары білімдісі – 9135 (88,1%), орта арнаулы кәсіптік білімдісі - 1234 (11,9%), жоғары санаттысы – 1893 (18,2%), бірінші санаттысы – 3168 (30,5%).

Үш ауысымда оқытатын мектептер саны - 0

Қосымша білім беру ұйымдары – 40, оның ішінде 38-і – мемлекеттік, 2-уі - жекеменшік

Облыста 180 жалпы орта білім беретін мектепте 106308 оқушы тамақпен қамтылған. Оның ішінде аз қамтылған отбасыларынан шыққан 5759 бала тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.

ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл – 70

«Алтын белгі» иегері - 39

«Үздік аттестат» иегері - 6

2016-2017 оқу жылының 1 қыркүйегінде 1-сыныпқа 14319 бала қабылданды

Жаңа модификациялық кабинетпен қамтылу пайызы – 88,2%,

169 физика кабинеті, 163 химия кабинеті, 162 биология кабинеті

189 мектеп (98,4%) – Интернетке, оның 167-сі - кең жолақты интернетке қосылған, 54 оқу орны «Е-learning» электронды оқыту жүйесіне, 131 мектеп «Күнделік.KZ» электронды журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесіне қосылған.

 

Арнайы білім беру

Облыста 3 арнайы түзеу ұйымында 345 бала қамтылған.

2 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (Атырау қаласында – облыстық және қалалық),

7 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, 1 балалар денсаулығын оңалту орталығы қызмет жасайды.

Облыста 0-18-ге дейінгі жастағы жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар саны – 560.

Жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының саны – 2, онда 93 бала тәрбиеленеді.

Қабылдаушы отбасында - 436, оның 14-і - патронаттық тәрбиеде, 422-сі - қорғаншылық пен қамқоршылықта.

Кәмелетке томағандарды бейімдеу орталығы жұмыс жасайды

 

Инклюзивтік білім беру

192 мектептің 115-де (60,0%) «кедергісіз аймақ» элементтерімен жабдықталып, балаларға инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалынып отыр.

Жазғы демалыс

2016 жылы жазғы демалыс, сауықтырумен 94,6% оқушы қамтылды.

 

Техникалық және кәсіптік білім беру

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы инженер-педагог қызметкерлердің саны – 1410, оның ішінде жоғары білімді – 1200, орта кәсіптік – 210; санаттары бойынша: жоғарғы – 252, бірінші санатты – 200, екінші санатты – 510.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны – 25 бірлік (мемлекеттік колледжлер - 18, оның ішінде мемлекеттік емес – 7).

Студенттер құрамы – 17 402 (мемлекеттік колледжде – 11 641, жекеменшік колледжде – 5761).

Қабылдау - 5 731 (мемлекеттік колледжде – 3941, жекеменшік колледжде - 1790)

Бітіргендер – 4 563 студент (мемлекеттік колледжде – 4066, жекеменшік колледжде -1425 ).

Жұмыспен қамтылғандар - 2678 (мемлекеттік колледжде – 1958, жекеменшік колледжде – 720).

 


 

Мектепке дейінгі білім беру

Мектепке дейінгі ұйым (МДҰ) желісі – 423, оның ішінде:

- 130 балабақша (22680 бала): мемлекеттік балабақша – 116 (22 234 бала), жекеменшік балабақша – 14 (446 бала)

-  293 шағын орталық (5835 бала),

Балаларды мектепке дейінгі ұйыммен қамту:

- 1-6 жас аралығында - 55,1  %

- 3-6 жас аралығында – 78,1 %

 

​Жалпы орта білім беру

Барлығы - 200 мектеп, оның ішінде мемлекеттік - 198, жекеменшік - 1

Оқушы құрамы - 94760 бала: мемлекеттік мектепте - 94622, жекеменшік мектепте - 138  

Облыстың педагог қызметкерлері – 10 168 адам

Қамқоршылық кеңестер – 45 мектепте

Үш ауысымда оқытатын мектептер саны - 1

Қосымша білім беру ұйымдары - 29 (қамту – 8,4%).

Аз қамтылған отбасылар балаларын және 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту - 100%

62 мектебі жоқ елді мекендердің балалары 100%-ды тасымалмен қамтамасыз етілген.

2013-2014 оқу жылының 1 қыркүйегінде 1-сыныпқа 11244 бала қабылданады (2012-2013 оқу жылы - 11067).

ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл – 74,1 (қатысқаны – 4085 (81,05%), шекті деңгейден өте алмағандар – 1446, немесе35%

​«Алтын белгіге» үміткерлер - 176 (білімін дәлелдегені – 68, немесе 38,6%)

«Үздік аттестат» иегері - 44.  

 

Білім беру объектілерінің құрылысы

2005-2012 жылдар аралығында облыс бойынша 29 мектеп іске қосылды. Оның ішінде, республикалық бюджет қаражаты есебінен - 19 мектеп, жергілікті бюджет есебінен – 6 мектеп, демеушілік қаражат есебінен – 4 мектеп.

2012 жылы 3 мектеп пайдалануға берілді:

- Атырау қаласындағы Геолог кентінде 624 оқу орындық;

- Мақат ауданы Доссор кентінде 300 оқу орындық;

- Махамбет ауданы Бейбарыс селосында 300 оқу орындық.

 

Арнайы білім беру

Облыста 3 арнайы түзеу ұйымында 292 бала қамтылған.

- 2 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (Атырау қаласында – облыстық және қалалық), 

- 7 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті және 1 оңалту орталығы қызмет жасайды.

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы. 2013 жылғы 1 шілдеге Орталықта 90 бала бейімдеуден өтті.

Облыста 0-18 жас аралығындағы бала саны - 200119, оның шінде жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны – 834.

​Сондай-ақ, облыста аз қамтылған отбасыларының 13 206 баласы бар.

Жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының саны – 2, онда 192 бала тәрбиеленеді.

17 бала патроннаттық тәрбиеде, 570 бала – қорғаншылық және қамқоршылықта.

 

Техникалық және кәсіптік білім беру

ТжКБ ұйымдарының саны – 24 бірлік (мемлекеттік колледждер - 18, оның ішінде мемлекеттік емес – 6).

Оқушылар құрамы – 19 210  (мемлекеттік колледжде – 13566, жекеменшік колледжде - 5644).

Мемлекеттік тапсырыс есебінен білім алушылар саны – 8 441 (мемлекеттік колледжде –8 378, жекеменшік колледжде - 63)

Қабылдау - 5 247 (мемлекеттік колледжде –3965 , жекеменшік колледжде - 1282)

Бітіргендер – 4 942  студент (мемлекеттік колледжде – 3531, жекеменшік колледжде -1411 ).

Жұмыспен қамтылғандар -  3905 (мемлекеттік колледжде – 2705, жекеменшік колледжде - 1200 (79%).


Мақаланың шыққан күні:: 22.06.2016 15:27
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.07.2017 06:45