Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

Басты міндет – жемқорлық індетімен күрес

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, жемқорлық мемлекетті ішінен жойып, жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер төндіретін бірден бір дерт. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – осы зұлымдықпен күресу болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері он жылдың ішінде, аталмыш дертке қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады.

Жалпы сыбайластық нышандарын болдырмау немесе алдын алуды әрбір азамат өзінен бастап, өз атына кір келтіретін іс-әрекеттерден аулақ болғаны жөн. Осы орайда, бөлім басшысының азаматтарды қабылдау кестесі бекітіліп, сенім телефондары жарияланды. Мекеме қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдеріне «Сыбайлас жемқорлықты жою ортақ міндет», «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» тақырыптарында дәрістер оқылып, заңдардағы өзгерістер мен толықтырулар төңірегінде өзара пікір алмасу жұмыстары жүргізіліп келеді.

Сондықтан қоғам үшін қауіпті індет, айықпас дерт саналатын құбылыспен күрес жүргізу, оған белсенді атсалысып үлес қосу баршаның міндеті. Сонда ғана халық сенімінің мүддесінен шығатынымыз сөзсіз.

 

 

Гүлжихан МАРАТОВА,

Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы


Мақаланың шыққан күні: 04.05.2020 17:06

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.05.2020 17:06

Қаралым саны: 84